Сенбі, 3 Қазан 2026
Жаңалықтар 396 0 пікір 1 Қазан, 2026 сағат 17:33

Рубио Иран делегациясынан АҚШ-тан кетуді талап етті

Сурет: rbc.ru сайтынан алынды.

АҚШ Мемлекеттік хатшысы Марко Рубио Иран делегациясына Америка Құрама Штаттарының аумағынан дереу кетуді бұйырды.

Axios порталының хабарлауынша, бұл шешім Вашингтон мен Тегеран арасындағы келіссөздер тығырыққа тірелгеннен кейін қабылданған. Талаптан соң Иранның Сыртқы істер министрі Аббас Аракчи бастаған делегация Нью-Йорктен шығып, Дохаға ұшып кетті. Бұл жағдай екі ел арасындағы дипломатиялық қатынастардың қаншалықты күрделеніп кеткенін айқын көрсетті.

Таяу Шығыстағы әскери-саяси ахуал әлі де ушығып тұр. Бұған дейін Reuters агенттігі Вашингтон мен Тегеранның қақтығысты тоқтату жолдарын делдалдардың қатысуымен талқылағанын хабарлаған болатын. Дереккөздердің мәліметінше, тараптар өткен аптада Иран ұсынған, дағдарысты бейбіт жолмен реттеуге бағытталған жеті күндік жоспарды нақтылауды көздеген.

Алайда дипломатиялық арналар арқылы ортақ мәмілеге келу әрекеттері әзірге нәтиже берер емес. Маусым айының ортасында екі тарап шиеленісті бәсеңдетуге бағытталған меморандумға қол қойғанымен, арада үш апта өтпей жатып жағдай қайта күрт қайшыласты.

Уақытша бітім ұзаққа созылмады: әскери соққылар қайта жанданып, диалогта ілгерілеу болмады. Осының салдарынан БҰҰ аясында өткізу жоспарланған жоғары деңгейдегі келіссөздер де толықтай үзілді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 522
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 774