Жұма, 9 Қазан 2026
Ақмылтық 410 0 пікір 8 Қазан, 2026 сағат 15:47

Біздің ұлттық тәрбиеміз: Қаламызда кімдер жүр?

Сурет: ulysmedia.kz сайтынан алынды.

Қазіргі кезде Алматы көшелерінде байқасаңыздар қаптаған шетелдік адамдармен шетелдік көліктер ойқастап жүр.

Үлкен мегаполис болған соң әлемдік қарым қатынас деп экономика мен саясатты алға тартып бәрінде қабылдай береміз ғой. Бірақ сол келгендердің, қаншасы қай жақтан не себеппен келіп жүр, қаншасы заңды жолмен келген, немен айналысып жүргенін қадағалап қарап отырған бір мекеме барма?

Әрине миграциялық полиция мен паспорттық бақылау бар ғой деген жауап айтылары сөзсіз, солар қаншалықты өз міндеттерін тыңғылықты атқаруда.

Осы жақында ғана Астанада сол көлденең көк аттыларға еліміздің заңын белден басып, соларға құжаттар жасап берген еліміз бен Отанымызды сатқан алаяқтар ұсталды дегенді естіген боларсыздар.

Оның алдында екі үш жыл бұрын Алматы аэропортында контробандалық жолмен қытайға шекара асып бара жатқан үлкен қорап жәшікте ішінде ешбір аты жөні жазылмаған дайын көк паспорттарымызды тәркілегені естеріңізде болар. Осы әрекеттердің бәріде елге қауіп төндіретін сорақылықтар.

Астанада ел сеніп отырған миграциялық мамандар сондай алаяқтық пен сатқындық жасап отырса басқаға не жорық.

Алматының миграция полициясында тек пәк жандар отырса жақсы, әрине олардың бәрін арсыз, алаяқ деп айтудан аулақпын.

Бірақ іштерінде ой өрісі төмен, ақшаға құныққан бір түк көрмеген сатқын отыруы мүмкін ғой. Солар заңсыз келгендерге жол ашып беріп бүкіл заң орындарын жерге қаратпасына кім кепіл.

Орыстарды көрші ел ғой, бастарына күн туып келіп жатыр деген жалпақшешейлікке салдық, олар қазір тіпті ойқастап жүр.

Қытайларды да көршіміз бізге инвестиция салып жатыр деп бөркімізді аспанға лақтырып мәз болып жүрміз.

Ал инвестицияның бір кезде қайтарымы болу керек, келешекте оны немен қайтарамыз? Біздің егеменділігімізге осы келіп жатқан инвестиция қауіп төндірмей ме деген ой мазалайды.

Қытайды қарап отырсаңыз, тарихында олар ешбір елмен соғысып жерін алған емес. Олар кез келген елге саудамен кіріп сол жерде қалған.

Соңғы бір жылдың айналасында қаламызда үндістер мен филипиндіктердің көбейгенін байқадым. Сонымен бірге қазіргі кезде түрі де, түсі де басқа, сақалды аула сыпырушылар таң атпай көше сыпырып жүргенін көріп жүрмін, кім болсада еңбек еткен адам үшін қуанамыз ғой, бірақ өзіміздің елде жұмыссыздық қаптап тұрғанда бұлар неге топырлап келіп жатыр, не бітіріп жүр?

Өзіміз азбыз ертең осы келімсектердің тамыры жайылып кеткен соң ішінде ұрпағымыз жоғалып кетпей ма? Осылардың бәрін тексеріп бір аналитикамен айналысып отырған адам барма?

Кім көрінген келіп қыбын тауып жұмыс істеген болып жүріп басқа бір арам пиғылдарын іске асырып жүрсе, ол біздің бүгінгі селқостығымыздан болары сөзсіз.

Қазаннан қақпақ кетсе-иттен ұят кетеді деген. Біздің елге басқа жақтан келгеннің бәрін жаман пиғылмен келді демеймін. Бірақ сол келгендерді арнайы бақылауға алып қарап отырсақ оларда көп жерде аяғын тартар еді, заңымыз бен елімізді сыйлап жүретін болар еді.

Қазірігі кезде кеше келген келімсектер біздің елдің азаматтарына өктем сөйлеп, дауыс көтеретінді шығарыпты. Қазақ халқы өте кеңпейілдіміз ғой, соны түсінбеген келімсектер сыйлағанды қорқып тұр деп қабылдайтын сияқты.

Құдай бетін аулақ қылсын, кез келген қазақ азаматы басқа біреумен байланысып қалса бізідің полиция қызметкерлері әй шәй жоқ келіп бірден қазақты кінәлап шыға келулері әуелден әдетке айналған. Ең бастысы біздің полиция мен заң қызметкерлері осы ойдан арылуы қажет.

Кез келген сырттан келген мейман бізідің ұлтымыз бен көк туымызға қарап қай жерде, қай елде жүргендерін, бұл елдің негізігі қожайындары кім екенін күндіз түні есінен шығармауы керек.

Сіз басқа елге барғанда қандай жағдай болмасын сол елдің заң орындары ең бірінші сол елдің азаматын қорғайды. Ал бізде керісінше есіріп тұрған келімсекті құтыртып, өз азаматтарымызды тұқыртып тастаған соң, әрине олар өктем сөйлеп құтыра бастайды.

Біздің қазақ өз өзінен бөтен жанға ұрынбайды, біз текті елдің ұрпағымыз. Ал басқа біреу мәлінен асып бара жатса оны жөнге салып қою кез келген намысты жігіттің бойындағы бар қасиет.

Жақында ғана үлкен сауда орталығының бірінде жап жас екі қарындасымызға аузына келгенін айтып әңкілдеп айғайлап боқауыз айтып тұрған бір келімсек тексіз ұлтқа күә болдым. Амалсыздан араласуға тура келді. Біздер кез келген қыз балаларымызды жат біреудің ренжітуіне жол бермеуіміз керек. Бәріміздің қызымыз бен анамыз бар, қарындастарымызбен әпкелеріміз бар.

Анау келімсекке сен не аузыңа келгенді оттап тұрсың, кім саған қазақ қыздарын ренжітуге құқық берді. Қаңғып келіп өзіңнің тексіздігіңді біздің инабатты қарындастарымызға неге көрсетіп тұрсың, қазір мойыныңды бұрап жұлып алайынба. Сен қайда жүргеніңді ұмытқан екенсің, сен өзің хайуансың деген соң сабасына түсіп, біз бір бірімізді дұрыс түсінбей қалдық деп ақталып тайып тұрды.

Қай жерде болмасын жат елдіктерге біздің салт дәстүрімізді қатаң сақтауды, біздің елде де заң бар екенін, менталитетіміз тіптен бөлек екенін ескертіп отыруымыз керек. Олар сонда түсінеді біздің еліміздің қадыр қасиетін.

Ал біздің қазақ қыздарыда жеңілтектіктен аулақ болып, басқа жақтан келген жат ұлттармен жабысып жүруді доғарғандары абзал, сонда сіздерді кез келген біздің азаматтарымыз құрмет тұтып, қандай жағдай болсада сіздерге қорған бола алады.

Мен 1986 жылы алаңға шығып Желтоқсан оқиғасына қатысқанда, адам баласының миына сыймайтын қанішерлік пиғылдарын көрген соң ойлап едім, мыналардың кім екенін өз көзімен көргеннен кейін қазағым түсінді, енді қазақ өзгереді, енді бар қазақ өз ана тілінде сөйлейтін болады, балаларында қазақша оқытып ұлтымыздың нағыз ұландарын тәрбиелейтін болады деп ойлап едім. Жоқ, өкінішке орай қазақ  өзгермеді......

Прибалтика мен Грузияға барғанда, мына тұрған өзбек ағайындарға барғанда солардың өз ана тіліне деген құрметі мен ұлтжандылығына сүйсінем, өйткені оларда намыс бар. Әрине неғұрлым көп тіл білген жақсы, бірақ өз ана тіліңе деген құрмет бірінші тұруы қажет.

Енді ол аздай тағы бір қорқынышты мәселе пайда болып отыр. Бүгінгі таңда көптеген жағдайы бар отбасылар балаларын бақтырып қаратуға филипиндік қыз келіншектерді алдырып, соларға бала бақтырып отыр. Бұлда өте қауіпті  дүние.

Ол келген филипин қыздары не қазақша не орысша білмейді, олар баланы бірінші күннен бастап ағылшын тілінде тәрбиелей бастайды. Ағылшын тілін білгені жақсы, бірақ олар өзінің ана тілін ұмыттырып жібереді, кейін ұқпайтын болып шығады.

Ертең балаңыздың бар психологиясы мен тәлім тәрбиесі, сол баққан адамның түсінік танымында, сол деңгейде болып шығады. Себебі оның баласына не айтып, қалай тәрбиелеп жатқанын көбі  біле бермейді.

Ол бала біріншіден қазақи тәрбие мен тілінен мақрұм қалады. Ата әжесінің мейрімін түсінбейтін көз алдарында жат адам болып өседі. Білмейсіз ғой жат елдің тәрбиесін алған бала өсе келе ертең, Мен ғашық болып қалдым деп өзінің туысына үйленем деп жатса не дейсіз, себебі оның тәрбиесі мен түсінігінде онда тұрған еш әбестік жоқ болып көрінуі мүмкін.

Ал бізідің ұлттық тәрбиеміз деген ол жер бетінде теңдесі жоқ тектіліктен тұрады.

Бүгінігі таңдағы біздер көріп жүрген сатқыныдық пен екіжүзділік, дүниеқоңыздық пен өркеуделілік келген келімсектердің біздерді  ұлтсыздандыру мақсатында неше түрлі әрекеттерімен біздің бойымыз бен қоғамға сіңіріп жібергендігінен пайда болған сорақылық.

Менің ойымды түсінген адамға одан арылудың жалғыз жолы, ұлт ретінде тіліңмен діліңді сақтай отырып отбасыңмен өз өзіңді тәрбиелеу, туған еліңмен туған жеріңе құрметтпен қарау және оны дәл солай басқалардан да талап ету.

Нұрбақыт Бөкебаев,

Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мәдениеттанушы, PHD докторы

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 908
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1209