Сейсенбі, 13 Қазан 2026
Жаңалықтар 250 0 пікір 12 Қазан, 2026 сағат 17:09

ЕО Ресейге қарсы ең ірі санкциялар пакетін бекітті

Сурет: pravda.com.ua сайтынан алынды.

ЕО елдерінің Сыртқы істер министрлері Ресейдің әскери-өнеркәсіптік кешеніне бағытталған санкциялық тізімге 1600-ге жуық жаңа позицияны енгізуді бекітті, деп хабарлады Х әлеуметтік желісінде Еуропалық дипломатия басшысы Кая Каллас.

Оның айтуынша, бұл — соғыс басталғаннан бергі санкциялар тізімінің ең ауқымды кеңеюі.

Позициялардың жартысынан астамы баллистикалық зымырандардың өндірістік тізбегімен байланысты.

«Біз Ресейдің украиндарды өлтіру үшін пайдаланатын қару-жарақты өндіруін айтарлықтай қиындатамыз, баяулатамыз және қымбаттатамыз», — деп атап өтті Каллас.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 960
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1293