Дүйсенбі, 26 Қазан 2026
Білгенге маржан 385 0 пікір 26 Қазан, 2026 сағат 13:32

«Бешбармақ» атауы отаршыл өткеннің мұрасы ма?

Сурет: Данияр Мүсіровтікі / vlast.kz.

Осы тақырыпты Отандық БАҚ көптен бері көтері жүр. Жақында Мерей Сүгірбаеваның осы тақырыпқа арналған Exclusive.kz сайтында «Бешбармақ как наследие колониального прошлого» өзекті мақала» біраз мәселенің түңілігін ашып, тереңіне үңілді. Біз автордың ой желісін сол қалпы сақтап, сайт ұжымы көзқарасы тұрғысынан оқырман назарына ұсынып отырмыз.

ҰЛТТЫҚ ТАҒАМ АТАУЫ ТӨҢІРЕГІНДЕГІ ДАБЫЛ

Қазақтың бас ұлттық тағамының атауы соңғы уақытта қоғамда, әсіресе филологтар мен мәдениеттанушылар арасында қызу талқыға түсіп жүр. Тараздық Asatu Group компаниясы мен бір топ филолог-белсенділер күнделікті қолданыстағы «бесбармақ / бешбармақ» сөзінен бас тартып, оның орнына түпнұсқа атау – «ет асы» ұғымын ресми түрде қайта жаңғыртуды ұсынып отыр.

Бұл бастама жай ғана лингвистикалық дау емес, ұлттық сана, тарихи әділдік және идеологиялық тәуелсіздік мәселесіне тіреледі. Себебі «бешбармақ» сөзі қазақы танымға жат, отаршыл дәуірдің қалдығы ретінде сипатталуда.

НЕЛІКТЕН ФИЛОЛОГТАР «БЕШБАРМАҚ» АТАУЫНА ҚАРСЫ?

Мақалада келтірілген деректерге сүйенсек, бұл атаудың қазақ мәдениетіне еш қатысы жоқ:

Фонетикалық тұрғыдан: Қазақ тілі қыпшчак тобына жататындықтан, бұл тілде «с» әрпі қатаң сақталады (мысалы, «бес»). Ал көршілес түркі тілдерінде (қырғыз, башқұрт, татар) ол «ш» дыбысымен айтылып, «беш» болып қалыптасқан. Сондықтан «бешбармақ» форматы – қазақша емес, өзге тілдердің әсерімен енген фонетикалық калька.

Лингвистикалық абсурд: Филолог Кыздархан Рысбергеннің айтуынша, қазақ тіліндегі «бармақ» тек бас бармақты білдіреді, ал саусақтардың жалпы атауы – «саусақ». Мәселен, бес саусақпен желінетін тағамды атау керек болса, халық оны «бессаусақ» (қолғап мағынасындағыдай) дер еді. Ал «бешбармақ» – ұлттық этикетке де, тіл заңына да қайшы келетін жасанды ұғым.

ТАРИХИ ТАМЫР: КОЛОНИАЛИЗМНІҢ ІЗДЕРІ

Шоқан Уалиханов атындағы Этнология және тарих институтының бас ғылыми қызметкері Нұрсан Әлімбайдың айтуынша, бұл атау ресейлік отаршылдық кезеңінен бастау алады. Ресеймен бірге келген татар-башқұрт тілмаштары қазақтардың қонаққа ұсынған, қолмен жейтін ет тағамын осылай түстеп түгендеген. Кейін бұл атау орыс тілі арқылы күнделікті қолданысқа сіңіп кеткен.

Ал этнограф Болат Бопайұлының түсіндіруінше, көшпелі түркілер тағамды ас деп атап, оған үлкен қасиетпен қараған. Түркілер үшін ас – Көк пен Жерге жасалатын тағамдық дәстүрдің, қасиетті ритуалдың символы болған. Адам қолы ұстайтын қасиетті дүниені шанышқы сияқты темір құралдармен емес, қолмен жеу құрметтің белгісі еді. Сондықтан киелі «ас» ұғымын «бесбармақ» немесе «бешбармақ» деп төмендетіп, масқаралауға жол беруге болмайды.

Басқа халықтардағы ас атауларының тағдыры:

Бұл мәселе тек қазақ асханасына ғана тән емес. Кеңестік кезеңде немесе жаһандану дәуірінде көптеген ұлттық брендтер мен атаулар өзгеріске ұшырады немесе сырттай таңылған атаулармен алмастырылды:

Беларусь асханасы: Көптеген ұлттық тағамдар мен атаулар кеңес дәуірінде орыстандырылып, шынайы атаулары көлеңкеде қалып қойды. Бүгінде Беларусьте де тарихи мәдени мұраны түпнұсқа атауларымен қайта жаңғырту науқандары жиі жүріп жатады.

Украина асханасы: Ресейлік империялық және кеңестік кезеңде украинның ұлттық асханасы (мысалы, борщ, вареники) ортақ «кеңестік асхана» қатарына қосылып, кейбір атаулар мен рецептер бұрмаланған болатын. Қазіргі таңда украин қоғамы өз асханалық брендингін (соның ішінде ЮНЕСКО деңгейінде) қорғап, түпнұсқа атауларды белсенді түрде қайтарып жатыр.

Қазақстандағы басқа да брендтер: Мәселен, бұрынғы «казахский коньяк» немесе «бесбармак» сияқты атаулардың орнына қазіргі таңда «ет асы», «қымыз», «шұбат» сияқты түпнұсқа атауларды халықаралық туристік бренд ретінде ұсыну үрдісі артып келеді.

Түйін: «Бешбармақ» атауынан бас тартып, «ет» немесе «ет асы» атауын қайтару – бұл тек тілдік тазалық үшін күрес емес, бұл – ұлттық сананы отарсыздандыру (деколонизация) үдерісінің бір бөлшегі. Ата-бабамыздан қалған қасиетті «үлкен дәмді» өз атымен атау арқылы біз жоғалған рухымызды, тарихи жадымызды және ұлттық бірегейлігімізді жаңғырта түсеміз. Автор осыны тамырдай тап баса алған.

Әбіл-Серік Әліакбар

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1215
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1696