Сәрсенбі, 28 Қазан 2026
Жаңалықтар 338 0 пікір 28 Қазан, 2026 сағат 14:21

«Құрылыс, тағы да құрылыс!» – Президент ЖИ дәуіріндегі бүкілхалықтық жауапты жариялады

Сурет: stat.gov.kz сайтынан алынды.

Бүгін президент Қасым-Жомарт Тоқаев «Жаңа тарихи кезеңдегі Қазақстанның өзекті міндеттері» атты Қазақстан халқына Жолдауын жариялады.

Онда Мемлекет басшысы келесі жылды «Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс» жылы деп жариялады.

Қасым-Жомарт Тоқаев: «Сондықтан мен келесі жылды Жалпыхалықтық ауқымды құрылыс жылы деп жариялауды ұсынамын. Осы жылдың аясында әр облыс орталығында, аудандарда, тіпті елді мекендерде азаматтық инфрақұрылым нысандарын салуға және жөндеуге кірісуіміз керек.

Таким образом, наш общий всенародный ответ надвигающейся эпохе искусственного интеллекта – строить, еще раз – строить!

Атап айтқанда, жолдар, әуежайлар, вокзалдар, денсаулық сақтау мекемелері, соның ішінде ерекше қажеттілігі бар балаларға арналған оңалту орталықтарының құрылысын бастау қажет.

Сондай-ақ барлық аймақта шығармашылық үйлері, спорт кешендері, кітапханалар және ғылыми орталықтар бой көтеруі керек. Әрине, тұрғын үй салу да маңызды міндет болып қала береді.

Конституцияда халықтың әл-ауқатын арттыру мемлекеттің стратегиялық басымдығы ретінде айқындалды. Осы бастамалардың барлығы ел игілігі, әсіресе өскелең ұрпақтың қамы үшін қолға алынып отырғанын баса айтқым келеді», - деді.

Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Бір тағдырдың ар жағындағы бір дәуір

Инара Аубакирова 1249
46 - сөз

Академик: Ресей ғылымға қару кезенді!

Нұргелді Әбдіғаниұлы 1755