Қосылған құн салығы бойынша міндетті тіркеу
Алматы қаласы Алмалы ауданы бойынша мемлекеттік кірістер басқармасы, Салық кодексінің 101- бабына сәйкес, қосылған құн салығы бойынша міндетті тіркеуге қою туралы келесіні хабарлайды.
Айналымы күнтізбелік жыл ішінде, сондай-ақ осы бапта көзделген жағдайларда айналымның шекті шегінен асатын салық төлеушілер салық төлеушіні тіркеу есебіне міндетті түрде қоюға жатады.
Айналымның шекті шегі – тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 10 000 (Қазақстан Республикасының «Республикалық бюджет туралы» Заңына сәйкес, 1 айлық есептік көрсеткіштің мөлшері 4 325 теңгені құрайды)еселенген мөлшеріне тең айналым (Салық кодексінің 99- бабының 4- тармақшасы).
ҚҚС бойынша тіркеу есебіне қою, бұл жалпыға бірдей салық режимін қолданатын салықтөлеушілерге арналады.
Сонымен бірге, салықтөлеушілер жеңілдетілген салық режимі бойынша жұмыс істеу мүмкіндігіне ие екенін атап өтеміз, мұнда күнтізбелік жылдағы шекті кірісі тиісті қаржы жылының 1 қаңтарында қолданыста болатын айлық есептік көрсеткіштің 600 000 еселенген мөлшерінен аспайды.
Салықтық өтініш айналымның шекті шегінен асқан кезде, бірақ айналымның шекті шегінен асқан күннен бастап бес жұмыс күнінен кешіктірілмей беріледі.
Айналымның шекті шегінен асатын мәміле жасалған жағдайда, салық төлеуші осындай мәміле бойынша айналым жасалғанға дейін салықтық өтініш береді.
ҚҚС бойынша тіркеу үшін айналым шегінен асып кеткен салық төлеушілер үшін салықтық тіркеу талаптарының сақталуы бақыланады. Мониторинг төмендегідей талдаулар мен жинақты қамтиды.
- мемлекеттік кірістер органдарындағы салық төлеушінің қызметі туралы ақпарат;
- уәкілетті мемлекеттік органдардан алынған ақпарат;
- банктік ұйымдардан ақпарат.
Егер бұзушылық расталса, салық төлеушіге хабарлама жіберіледі. Хабарламаны алғаннан кейін 30 жұмыс күні ішінде салық төлеуші ҚҚС бойынша тіркелуге немесе анықталған бұзушылықпен келіспеген жағдайда түсініктеме беруге міндетті.
Салықтөлеушінің берген түсініктемесі күмәндарды шешпесе және қосымша тергеуді қажет етсе, алдын ала шешім бойынша бір мезгілде екі мәселені қамту керек:
- Хабарламаны орындамаған деп тану;
- салықтық тексеру тағайындау.
Салықтық тексеру нәтижесінде бұзушылық расталса, келесі шаралар қолданылады.
- салық төлеушіні ҚҚС бойынша тіркеу;
- салық төлеушіні әкімшілік жауапкершілікке тарту.
Осыған байланысты, егер сіздің айналымыңыз қосылған құн салығы бойынша міндетті тіркеу үшін белгіленген ең төменгі шекті мәннен асып кетсе, сізге қосылған құн салығы төлеушісі ретінде тіркелу қажет екендігін мәлімдейміз.
Abai.kz