Сәрсенбі, 25 Қараша 2026
Аласапыран 124 0 пікір 25 Қараша, 2026 сағат 14:08

Сұмдық сандар: Өлгендерде есеп жоқ…

Коллаж: Abai.kz сайтынан алынды.

Әлгінде хакерлер Росстатты бұзып кіріп, 12 миллионға жуық адамның дерегін қолды қылып еді ғой. Соғыста өлген 500 мың адамның дерегін әшкерелеген-ді…

Енді міне, сол деректерді сұраптып, кімнің қайда өлгенін жариялап жатыр. Сандеректер сұмдық. Кремльдің әскери билігі алақандай ауылдар үшін он мыңдаған адамды құрбан еткен. Қараңыз:

Лимандағы қаза тапқан басқыншылар туралы:

Украина әскерінің Донбасстағы Лиман бағытында жүргізген жазғы контр-шабуылы Ресей басқыншы әскерінің масқарасын шығарған операциялардың бірі болғаны даусыз...

Батыс барлауының мәліметтерінше: Лимандағы Жеребец өзенінің бойындағы шағын ғана елді мекендер үшін болған шайқастарда Ресей әскері кемінде 12 мың жауынгерінен айырылған.

Жеребец өзені бойындағы 6 елді мекендегі ресейліктердің адам шығыны мынадай:

  • Макеевкада шамамен 3 600 сарбаз;
  • Терныда шамамен 3 500 сарбаз;
  • Невскоеда 1 500 сарбаз;
  • Нововодяноеда 900 сарбаз;
  • Райгородкада 900 сарбаз;
  • Ковалевка:да 450 сарбаз қаза тапқан.

Бұл шығындардың дені 2024–2025 жылдардың есебіне жазылған.

Осылайша, географиялық тұрғыдан шағын ғана көрінетін ауылдар мен өзен өткелдерін бақылауда ұстау үшін Кремль мыңдаған сарбазын құрбандыққа шалған.

Покровскідегі қыруар адам шығыны туралы:

Путин Покровск түбінде Берлинді шабуылдаған Сталиннен де көп сарбазынан айырылды...

Донецк облысындағы Покровскі қаласы үшін болған шайқас барысында Ресей армиясы 100 мыңнан астам адамынан айырылған. Бұл туралы хакерлер қолға түсірген Росстат дерекқорынан белгілі болды.

Украина қорғанысының маңызды логистикалық торабы саналған Покровскіні басып алу - Путин үшін тым қымбатқа түскен. Тіпті, 1945 жылдың сәуір-мамыр айларында Қызыл армия Берлинді шабуылдағанда ұзын-саны 80 мың адамын жоғалтқан делінеді.

Соғысқа дейін шамамен 60 мың адам тұрған Покровскі қаласының өзінде 5 мың басқыншы опат болса, қала маңында 100 мыңы жер жастанған.

Жалпы Путин осы 4,5 жылдық Донбассты жаулау соғысында ұзын-ырғасы 325 мың адамынан айырылған болуы мүмкін.

"Екінші дүниежүзілік соғыс кезіндегі КСРО-ның бірде-бір шабуылдау операциясында мұндай орасан зор шығын болмаған", - дейді сарапшылар.

3 қала үшін 40 мың адам құрбандыққа шалынған...

Хакерлер әшкерелеген Росстат мәліметтеріне қарағанда, Ресей:

- Авдеевка қаласы үшін болған ұрыстарда кемінде 19 мың ресейлік әскери қызметші қаза тапқан.

- Марьинкада РФ ҚК-нің кем дегенде 11 мың сарбазын жоғалтқан.

- Ал Курахово үшін болған шайқастарда 11 мың әскери қызметші мерт болған.

Хакерлер әшкерелеген Росстат дерекқорында соғысқа байланысты 474 000 өлім туралы мәлімет қамтылған. Деректерді тіркеудегі кідірістерді ескерсек, қыркүйек айына қарай олардың саны 573 000-ға жетуі мүмкін.

Нұргелді Әбдіғаниұлы

Abai.kz

0 пікір