Жемқорлық: «Қазатомөндіріске» өкілі ұсталды
Бүгін ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитеті «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма мүшесі сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша ұсталғанын хабарлады.
Ресми хабарламада:
«2026 жылғы 23 қарашада ҚР ҰҚК Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі «Қазатомөнеркәсіп» ҰАК» АҚ Басқарма мүшесі Қ. Омарбековті және басқа да адамдарды ұстап, уақытша ұстау изоляторына қамады.
Олар «Самұрық-Қазынаның» бұрынғы басшылығы ұйымдастырған сыбайлас жемқорлық схемасына қатысы бар деген күдікке ілінді.
ҚР Қылмыстық кодексінің 367-бабының 4-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.
Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жария етуге жатпайды. Мемлекет басшысының тапсырмасын орындау және «Заң және Тәртіп» қағидатын сақтау аясында сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес жұмыстары жалғасуда», - деп мәлімдеді ҚР ҰҚК баспасөз қызметі.
Abai.kz