Бейсенбі, 26 Қараша 2026
128 0 пікір 26 Қараша, 2026 сағат 13:11

Боқаев сотта: ешқандай тендер өткізілген жоқ, компанияларды өзім ұсындым

Сурет: baq.kz сайтынан алынды

Алматы қаласының  Алмалы аудандық сотындаСанжар Боқаевтан алаяқтық және ақшақаражатын заңдастыру эпизодтары бойыншажауап алынды. Блогер айыптау тарапыныңбірқатар негізгі уәждерін растады. Атапайтқанда, «BM Trust» ЖШС-ін іс жүзінде өзібасқарғанын, компанияның мөрін өзкабинетінде сақтағанын және қаражаттықолма-қол ақшаға айналдыру жөніндетапсырмалар бергенін мойындады. Сот отырысының соңында оның адвокаттарыағаштарды кесу эпизоды бойынша келтірілгензалалды өтеуге арналған шот ұсынуды сұрады.

Сонымен бірге Боқаев «ҚазТрансГаз» АҚ бас директорының кеңесшісі әрі халықаралықавтошерудің үйлестірушісі қызметін атқарғанкезде кәсіподаққа «BM Trust» және «We Can» компанияларын байқау рәсімін өткізбей-ақтартуды өзі ұсынғанын растады. Сондай-ақ,2017 жылдан бастап «BM Trust» компаниясынатапсырыстар алуға көмектескенін айтты.

Жиені Мадияр Қалменовтің атына рәсімделгенкомпаниядағы өз рөлін Боқаев ашықсипаттады: «Мен өзімді іс жүзінде осы компанияның иесі ретінде сезіндім».

Боқаев компанияның мөрін өзінде сақтағанын, ал Қалменовтен істің егжей-тегжейін әдейіжасырғанын мойындады. Оның айтуынша, «Әрине, Мадияр шотты көрген жоқ. Олкомпанияны іс жүзінде басқарған жоқ». Сонымен қатар ол сметаға түзетулер енгізугеқатысқанын және 5 млн теңгені қоса алғанда, қаражатты қолма-қол шешіп алу жөнінде өзітапсырма бергенін растады. Мердігерлерарасындағы міндеттер мен үнемделгенқаражатты бөлу мәселелерін ауызша шешіпотырған да өзі.

Боқаев халықаралық автошеруге жұмсалғаншығындардың нақты есебін келтіре алмадыжәне бұл мәселеге қатысты Қалменовтің соттаберген жауабына қайшы мәлімет айтты. ЖиеніҚытайдағы делегация мүшелерінің тұрушығындарын Қытай тарапы төлегенін айтса, Боқаев бұл мақсатқа Қалменовтің өзі шамамен4 млн теңге жұмсағанын мәлімдеді.

Деректі фильм туралы сөз болғанда, айыпталушы оның қандай форматтатүсірілгенін де, ұзақтығын да есіне түсіреалмады. Ал бұған дейін куәгер Сұлтанов соттааталған фильмнің іс жүзінде түсірілмегенін, оны түсіруге келісімшарт бойынша бөлінгенқаражаттың қолма-қол шешіліп, тікелейБоқаевқа берілгенін айтқан болатын.

Боқаевтың адвокаттары ағаштарды кесуэпизоды бойынша «Медеу Парк» өкілдеріменмедиациялық келісім жасасу мәселесінкөтеруге тырысты. Жәбірленуші тарап бұданбас тартқаннан кейін, адвокаттар келесі күнісағат 9:00-ге дейін залалды өтеуге арналғантөлем шотын ұсынуды сұрады.

Мұндай қадам іс жүзінде келтірілген залалдыөтеуге дайындықты білдіреді. Бұған дейін де Боқаевтың қорғаушылары «ҚазТрансГаз» кәсіподағына келтірілген 42 млн теңгекөлеміндегі залалды өтеу мәселесі бойыншамедиация жөнінде келіссөз жүргізуге уақытсұраған болатын.

Abai.kz

0 пікір