Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2868 0 пікір 13 Қараша, 2009 сағат 09:09

Өскеменде жаңа хоккей алаңына танымал хоккейші Борис Александровтың есімі берілді

Өскемен. 13 қараша. ҚазТАГ – ШҚО облыс орталығында олимпиада чемпионы, тәуелсіз Қазақстанның ұлттық хоккей командасының және өскемендік «Торпедо» командасының алғашқы бапкері Борис Александров тұрған аулада оның есімімен аталатын хоккей алаңының ашылу рәсімі өтті.

Хоккейшілер «қорап» деп атайтын спорттық құрылыстар кәдімгі қорғаныс қалқандардан жинақталатын стандартты модульдар мен су беретін жүйе қарастырылған алаң. Бұл алаң «жол картасы» аясында салынған және мұнда барлық балалар ойнай алады. Қорап кез-келген аула командасының ойыншыларына ашық. Қала жұртшылығының ұсынысымен жаңа алаңға танымал хоккейші Борис Александровтың есімі берілді де, ол қорап қалқандарындағы тақтайшаларға жазылды.

«Борис Александров кеңестер одағының хоккей командасының тек тамаша шабуылшысы, олимпиада чемпионы ғана болмай, ол тамаша бапкер, Қазақстанның «Торпедо» хоккей командасының алғашқы тәлімгері болды. Және ол аты аңызға айналған бапкер Анатолий Тарасовтың хоккей бар балаға қол жетерлік, әр аулада ойын алаңдары болу керек деген ұстанымын ұстанған», - дейді өскемендік спортшы журналист Виктор Боженов.

Бұрын жұртшылықтың ықпалымен ШҚО облыс орталығының онамастикалық комиссиясы көлік апатынан жеті жыл бұрын қайғылы қаза тапқан атақты хоккейші Борис Александровтың есімін орталық спорт сарайына берген болатын.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5408