Байжан Дубай. «Бөтелке» маркалы бензин
Вашингтондағы Envion компаниясы пластик құтыларды мұнайға айналдыратын амал тауыпты. Олар жасаған Envion Oil GeneratorTM деген генератор жылына 10 000 тонна бөтелкеден 50 000 баррель мұнай өндіре алады екен. Өндірілген мұнайдың бір тоннасы 17 АҚШ долларына тең болмақ. Жаңа құрылғы орнатуға жеңіл, ауаға зиянды қалдық таратпайды, өндіру қарқыны жоғары. Мұнай өндіру технлогиясы пластиктен алынатын көмірсутегілерді катализатор қолданбай вакуумдағы термикалық крекингпен салқындату арқылы іске асады.
Бұл инновациялық жаңалық біренше мәселені шешеді: біріншіден, қоршаған ортаны қалдықтардан тазартады, екіншіден, бағасы күніне қырық құбылып тұратын мұнайға тәуелділіктен құтқарады. Компанияның мәліметі бойынша Америкада пластик бөтелкелердің 4 пайызы ғана қайта өңделеді екен. Сондықтан, жаңа тәсілмен мұнай өндірудің болашағы зор деуге болады. Оның үстіне технология шикізатты іріктеместен, тазалап жуып жатпастан генераторға өңдеуге жіберуге мүкіндік береді екен.
Қазір әлемдік экономикада инновациялық технологияларды қолдана отырып қалдықтарды қайта өңдеп жаңа тауар жасайтын компаниялар көбейіп келеді. Бұл жағдай жақын болашақта экономикада жаһандық өзгеріс болатынын дәлелдей түседі. Яғни, шикізаттық экономикадан табиғат ресурстарын тиімді пайдаланатын және қоршаған ортаны ластамайтын жоғары технлогиялы «көгалды» экономикаға көшетін күн алыс емес секілді.

Тек осы ұлы өзгерістен ұлтымыз қалып қоймасын дейік. Ол үшін енді «аспанда құдай, жерде мұнай, ортасында пәленбай» деп кеуде қағып кергімей, Елбасы айтып жүргендей мемлекеттің бар күш-жігерін жер байлығын сатып баюға емес, ғылым мен білімді дамытуға жұмсау керек.
«Абай-ақпарат».