Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 2809 0 пікір 15 Қараша, 2009 сағат 15:52

Президент ЕҚЫҰ елдерінің басшыларын саммитке жиналып, келешектегі іс-әрекеттің ортақ жүйесін жасап шығаруды ұсынады

Астана. 13 қараша. ҚазТАГ – Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев барша ЕҚЫҰ елдерінің басшыларын саммитке жиналып, келешектегі іс-әрекеттің ортақ декларациясын жасап шығаруды ұсынады. Бұл туралы ол тікелей эфир барысында Мәскеуден бейне-конференция байланысы арқылы танымал ресейлік саясаткер Евгений Примаковтың қойған сауалына берген жауабында мәлім етті.

«Мен ЕҚЫҰ мемлекет басшыларының саммитін өткізуді ұсынамын. Бұл ұйым 1999 жылғы стамбулдық кездесуден кейін жиналмапты. Бұл әлемдегі қазіргі ахуалды бағалау үшін болса да керек, ал әлем өте тез өзгеріп жатыр, және бұдан арғы біздің іс-әрекеттеріміз үшін ортақ декларация жасау керек», - деп атап өтті Н. Назарбаев.

Оның айтуынша, ЕҚЫҰ-на төрағалық Қазақстан үшін өте құрметті миссия.

«Қазақстан ТМД, Азия мен мұсылман әлемі елдерінің арасында бірінші болып осы беделді ұйымға төрағалыққа өтіп отыр. Менің жарлығыммен арнайы мемлекеттік комиссия құрылып, осы жұмыспен айналысып жатыр. Бізде ЕҚЫҰ-ның үш себеті де – экономика, экология, ең алдымен қауіпсіздік, және адам өлшемдері бойынша себеттерді толтырарлық ұсыныстарымыз бар. Біз ЕҚЫҰ-ның кейбір мүшелерінің көңілінің толмайтынын білеміз. Адам құқықтарына қатысты теріс жарияланымдардың 177-сі біздің елдерге қатысты және 100-ден астамы Ресей бойынша. Бұл қате. Біз ЕҚЫҰ-ның нығаюына мүдделі болуымыз керек. Және Қазақстан қауіпсіздік мәселесінде, ядролық қарусыздану мен жаппай қырып-жою қаруының қысқаруына, Ауғанстан проблемасы, жаңа қауіптер, есірткі саудасы т.б. мәселелерге қатыса отырып, өз ұстанымын жасап шығарады», - деді Н. Назарбаев.

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 884
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2300
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 591
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 575