Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2911 0 пікір 16 Қараша, 2009 сағат 07:23

Үкімет бұрынғы Дариял-У полигонын төтенше экологиялық жағдай аймағы деп жарияламақшы – ҚОҚМ басшысы

Астана. 16 қараша. ҚазТАГ – Әсел Мұқанова. Үкімет бұрынғы Дариял-У полигонын төтенше экологиялық жағдай (ТЭЖ) аймағы деп жарияламақшы, деп хабарлады қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрғали Әшімов.

«Жақында тағы тексердік (Балқаш көлінің маңындағы улы конденсаторлар сақталып жатқан Дариял-У полигонын). Өкінішке қарай улы органикалық ластағыштар (УОЛ) қойманың қабырғаларына сіңіп кетіпті. Сондықтан үкімет қаулыға қол қойған соң сонда барып, ол аймақты төтенше экологиялық жағдай деп жариялаймыз», - деді ҚОҚМ басшысы мәжілістегі үкімет сағатында.

Ол қаулының қабылдануы заң жүзінде ІІМ-не сонда күзет қойып, тексеру шараларын бастауға мүмкіндік беретінін жеткізді.

«ТЭЖ жарияланған соң, біз резервтен қаражат сұрап, қоймаларды бұзып, алысқа апарып,  қауіпсіз етіп көміп тастаймыз», - деді Н. Әшімов. Министр сондай-ақ қазір, бұрын осы полигоннан улы конденсаторларды алып кеткен неміс фирмасымен келіссөздер жүргізіліп жатқанын жеткізді.

«Биыл Германия инвесторларының қаражатына конденсаторлардың қалдықтарын тегін Германияға алып кетіп, сонда пайдаға астырылатын шығар деп ойлаймын», - деді Н. Әшімов.

Бұл ретте ол қалған конденсаторларды жеткізу үшін Ресей, Белорусия және Польша территорияларынан алып өтуге рұқсат алу керектігін жеткізді.

«Әзірге Белорусиядан рұқсат бар, ал Ресейден алып өтуге рұқсат жоқ», - деді ҚОҚМ басшысы.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5379