Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2942 0 пікір 12 Қаңтар, 2010 сағат 06:51

БАНК АКЦИЯЛАРЫН ЭКСПРОПРИАЦИЯЛАУ ЗАҢСЫЗ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНА ҚАЙШЫ КЕЛЕДІ

Бақыт ЖҰМАБАЕВ, Альянс банктің бұрынғы акционері:

БАНК АКЦИЯЛАРЫН ЭКСПРОПРИАЦИЯЛАУ ЗАҢСЫЗ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНА ҚАЙШЫ КЕЛЕДІ

ҰӘҚ мен реттеуіш балықты да жегісі келеді және сүйегін де сатқысы келеді

Алматы. 11 қаңтар. ҚазТАГ – Игорь Киндоп. «Альянс банк» АҚ миноритарлы акционерлері 30-шы желтоқсанда банк акцияларының мәжбүрлеп сатып алынғанына наразы. Олар мұны өздерінің меншіктерін экспроприациялау деп атап отыр. Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу заңсыз, ал реттеуіштің әрекетінде, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры (ҰӘҚ) мен банк кредиторларының арасында өзара келіскендіктің элементтері анық көрініп тұр. ҚазТАГ тілшісі сол жүргізілген мемлекет меншігіне қайтару шарасы мен Қазақстан қор биржасының келешегі туралы банктің бұрынғы миноритарлы ең белсенді акционері Бақыт Жұмабаевпен сұхбаттасқан еді.

- Сіз Альянс банктің 100% акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы жаңалықты қалай түсіндірген болар едіңіз?

Бақыт ЖҰМАБАЕВ, Альянс банктің бұрынғы акционері:

БАНК АКЦИЯЛАРЫН ЭКСПРОПРИАЦИЯЛАУ ЗАҢСЫЗ ЖӘНЕ ҚАЗАҚСТАН КОНСТИТУЦИЯСЫНА ҚАЙШЫ КЕЛЕДІ

ҰӘҚ мен реттеуіш балықты да жегісі келеді және сүйегін де сатқысы келеді

Алматы. 11 қаңтар. ҚазТАГ – Игорь Киндоп. «Альянс банк» АҚ миноритарлы акционерлері 30-шы желтоқсанда банк акцияларының мәжбүрлеп сатып алынғанына наразы. Олар мұны өздерінің меншіктерін экспроприациялау деп атап отыр. Банк акцияларын мәжбүрлеп сатып алу заңсыз, ал реттеуіштің әрекетінде, «Самұрық-Қазына» ұлттық әл-ауқат қоры (ҰӘҚ) мен банк кредиторларының арасында өзара келіскендіктің элементтері анық көрініп тұр. ҚазТАГ тілшісі сол жүргізілген мемлекет меншігіне қайтару шарасы мен Қазақстан қор биржасының келешегі туралы банктің бұрынғы миноритарлы ең белсенді акционері Бақыт Жұмабаевпен сұхбаттасқан еді.

- Сіз Альянс банктің 100% акцияларын мәжбүрлеп сатып алу туралы жаңалықты қалай түсіндірген болар едіңіз?

- Миноритарилер мәжбүрлер сатып алу туралы ҚҚА қаулысын заңсыз деп санайды. Оның қарапайым себебі - ол қайта құрылымдау жоспарынан шығып отырғандығында. Біз, «Альянс банк» АҚ қазіргі төрағасының заң бойынша басқаның жеке меншігіне қатысты келіссөздер жүргізуге құқығы жоқ деп есептейміз. Осыдан шығатын болсақ, жоспардың өзі заңсыз болып шығады, және тиісінше, осыдан келіп ҚҚА шешімі де заңға сай келмейтіні шығады.

Қараңызшы, онда тұжырымдама қалай деп көрсетілген! ҚҚА, банктің ірі қатысуышыларына теріс мәндегі капиталдың барлығы және қаржы институтын қосымша капиталдандыру қажеттігі көрсетілді деп айтады. Бірақ теріс мәндегі капитал ірі акционер - «Сеймар Альянс» қаржылық корпорациясы» АҚ құқығы мен міндеттері «Самұрық-Қазына» қорына, яғни мемлекетке өткен соң пайда болды. Және банкте одан басқа ірі қатысушылар да жоқ – басқа барлық миноритарилер акциялардың 5%-дан азын иеленген. Сонда мемлекет, банкті қосымша капиталдандыру қажеттігі туралы өзіне-өзі көрсеткен болып тұр. Одан басқа, банк қарыздарын қайта құрылымдаудағы әрекеттердің өзі, шын мәнінде, банк капиталының теріс мәнін жою, яғни оны пруденциалдық нормалардың талаптарына сәйкестендіру шаралары болды.

- Сонда, ҚҚА кейпіндегі мемлекет өз қаулысында, іс жүзінде ҰӘҚ кейпіндегі  мемлекетті әрекетсіздігі үшін айыптаған болып шығады ғой? 

- Ия! Көріп отырғандарыңыздай, олар өздері өздеріне қайшы келіп отыр.

- Сатып алу сомасын 1 теңге деп мәлімденгені құнына қаншалықты бара-бар?

- Сомасын айтпағанда, бізді жеке меншігімізден айырып отырған тәсілдің өзі дәл келмейді. Біз елімізде нарықтық экономиканы құрып жатырмыз. Ал университеттердің экономика факультеттерінде нарық - сұраныс пен ұсыныс арқылы реттеледі деп оқытады. Ал бұл жерде бізден сұраған да жоқ, және біз ешнәрсе ұсынған да жоқпыз. Іс жүзінде бұл «1 теңгені» өткен ғасырдағы кулактардан мүліктерін тартып алумен салыстыруға болады.

Оларда бұл акцияларды тартып алуға негіздері жоқ болатын. Қараңызшы, директорлар кеңесі толығымен «Самұрық-Қазына» командасынан құрылған, ал қосымша эмиссия туралы шешімді дәл сол директорлар кеңесі қабылдайды. Бұл орган ондай шешім қабылдамағаны белгілі. Бізге тіпті жаңа эмиссияны ұсынған да жоқ.

Мысалы, қайта құрылымдау мынадай сценарий бойынша өтсе: ҚҚА алдымен теріс мәндегі капиталды анықтады, одан соң 1 теңгеге сатып алды, одан соң қайта құрылымдау жүргізді – бұл заңға жақын және түсінікті де, қисынды да болар еді. Бірақ қазіргідей, теріс мәндегі капиталды жою мен «капиталдың өзін тәртіпке келтіру» шаралары жүргізіліп жатқан кезде емес. Егер ҰӘҚ-нің банктерге кіру тарихын еске алсақ, алдымен акциялар пакетінің 25%-ын сатып алу жоспарланған, одан соң Сеймар ҰӘҚ-ға өзінің 76%-ын 100 теңгеге кепілдікке қойды, ал қорытындысында барлық 100%-ын сатып алды.

Акционерлерден акцияларының 100%-ын мәжбүрлеп сатып алудан басқа амал жоқ.

Банктің басқарма төрағасы, қаржылық сотпен қайта құрылымдауға жауапты жалғыз адам деп тағайындалған Мақсат Қабашев, маған бұрындары берген жауабында, қайтадан шығарылатын акциялар бізге заңнамаға сәйкес ұсынылады деп айтқан. Енді оны өтірік айтқаны үшін айыптауға болатындай, себебі ол банктің ресми тұлғасы ретінде, мені банк акционері ретінде шатастырып тұр. Себебі Қабашев мәжбүрлеп сатып алу болатынын білген.

Ал жалпы айтқанда, егер біз өз акцияларымыз үшін іс жүзінде ноль алатын болсақ, ол дегеніңіз акцияларды жою дегенді білдіреді.

Одан басқа, ҚҚА шешімі қайта құрылымдаудың бір бөлігі болып табылады. ҚҚА әрекеті азаматтардың және жалпы айтқанда құнды қағаздар нарығына қатысушылардың мемлекет пен оның органдарына деген сеніміне нұқсан келтіреді. ҚҚА-ның реттеуші ретіндегі негізгі міндеттерінің бірі – миноритарилердің мүдделерін әр түрлі алаяқтардан қорғау болып табылады. Біздің жағдайда бізді «лақтырып» тастады, алдымен мажоритарлы акционерлер, енді мемлекет түбімізге жетіп отыр. Іс жүзінде біз үлескерлерміз, бірақ біздің үлесіміз құрылыс саласында емес, қаржы саласында.

- Егер қайта құрылымдау жоспарын акционерлер жиналысына дауысқа салса, онда ҰӘҚ формальды түрдегі акционер ретінде сол үшін дауыс беретіні түсінікті, және құжат бәрібір қабылданар еді...

- ҰӘҚ экономиканы дамытумен айналысуы тиіс. Бірақ қазір бұл қор ақша табу машинасына айналды. Олар қазір Альянс банкке $860 млн салып, ал кейін өз үлесін $1 млрд-қа сатпақшы. ҰӘҚ мемлекетке тиесілі, қоғам мен халықтың ақшасын амалдарға пайдаланып жүр. Бірақ, салық төлеушілердің ақшасын пайдалана отырып, қор оларды үнемдемейді.

Егер бізге кредиторлар мен ҰӘҚ сияқты капиталға араласуға мүмкіндік берсе, бюджет қаражатын үнемдеуге болар еді. Біз капиталдың 33%-ын кредиторларға берген болар едік те, қалғандарын өз арамызда бөліп алар едік. Қор аздау - 67% емес, 51% алған болар еді. Бірақ барлығы да сатып алудағы басым құқығын пайдаланбас еді. Сонда, ҰӘҚ миноритарилерге акция сатып алу мен банк капиталына араласуға мүмкіндік бермей, бюджет қаражатын талан-таражға салған болып тұр ғой.

2009 жылдың басында Альянс банк акцияларының баланстық құны 15 мың теңге болған. Банк менеджменті – басқармасы, басқарушы директорлары, басқарма төрағасы, директорлар кеңесі - «Самұқрық-Қазынамен» құрылған соң, банкте теріс мәндегі капитал пайда болды. Банкті қосымша капиталдандыру туралы шешім қабылдау, қордың өзі мен банктің директорлар кеңесіне байланысты болатын, бірақ мұндай шешім қабылданбады.

Жаңа басшылық бірден қайта құрылымдау шараларынан бастады. Барлық жаңалық қайта құрылымдау жүріп, банк құтқарылатыны туралы айтылды.

Әдетте қаржылық институттарды акционерлерімен бірге құтқарады. Бұл жерде қарыздарды қайта жазу емес, біреулері үшін – банкроттық, ал басқалары үшін - қайта құрылымдау жүрді.

Бүкіл әлемде қайта құрылымдау – қарыздардың шартының өзгеруі. Ал бізде миноритрилерді жеке меншігінен айырып, олар біздің арқамызда ақша таппақшы. Бұл қайта құрылымдау емес, бұл кулактардан мүлкін тартып алу. Қайта құрылымдаудың кез келген процессінде акциялар кредиторлар мен акционерлер арасында бөлінеді. Акционерлер мұндай жоспарды мақұлдайды. Әлемдік іс-тәжірибеде қайта құрылымдаудың мұндай тәжірибесі болған емес және жоқ та. 

- Неге мәжбүрлеп сатып алуды теріс капитал қалыптасқан соң – 30-шы желтоқсанда емес, айталық, сәуірде, Альянстың GDR-ы Лондон қор биржасының листингінен алынып тасталғанда жүргізуге болмады? 

- Мәселе мынада, егер ҰӘҚ банкті бірден алып қойғанда, онда банктің негізгі акцинері мемлекет болған болар еді. Және кредиторлар мемлекетке үлкен жеңілдіктерге бармас еді. Сондықтан «Самұрық-Қазына» алдымен қайта құрылымдау туралы келісті, ал одан соң ҚҚА мәжбүрлеп сатып алуды жүргізді. Барлығы да «балықты да жеп, сүйегін де сатқысы келеді».

- Сіздердің бұдан кейінгі әрекеттеріңіз қандай болмақ?

- Біз өз құқықтарымыз үшін заң беретін барлық тәсілдермен одан ары күресеміз. Барлық сатыларға жүгінеміз. Бірақ біз шағымданған барлық соттар әзірге шағымдарымызды кері қайтарды. Біздің талаптарымыз мамандандырылған экономикалық сот қарауында жатыр. Біз қаржылық соттың анықтамасына Жоғарғы сотқа аппеляциялық шағым түсірген жоқпыз. Сондай-ақ біз Конституциялық кеңеске мәжбүрлеп сатып алу туралы осы баптың қолданыстағы Конституцияға қайшылығы туралы сауалмен  жүгінбекшіміз.

Істің қисынына жүгінсек, акцияларды бізден мәжбүрлеп сатып алу сот шешімі арқылы жүргізілуі тиіс еді. Ал қазір сатып алу  арқылы олар заңды бұзып отыр. Сот шешімімен жоспар әлі мақұлданған жоқ, ал оны қазірдің өзінде іс жүзіне асырып жатыр. Бұл да қайшылық. Реттеушінің әрекетінің қисыны жоқ. 

Осы жағдайдың барлығына қарап, өздігінше алдын ала кесіп-пішілген деген болжам жасауға болады. Ал Азаматтық кодекске сай, алдын ала келісіммен жасалған мәміле - заңсыз деп танылады. Бірақ мен оларды тікелей осылай деп айыптай алмаймын. Бірақ кредиторлар, ҰӘҚ мен ҚҚА минортарилердің жеке меншігін тартып алу мақсатында келіскен деп болжаудың қисыны бар. Ал мұның өзі Конституцияға да, Азаматтық кодекске де қайшы келеді.

Ал олар әуеліде, қазіргі акционерлердің жеке меншігін сақтаймыз деп айтып еді ғой. Бірақ, өкінішке қарай, Қазақстан заңдары қарама-қайшы, оларда айқындық жоқ. Кім қалай десе , сол бұл заңды солай түсіндіреді.

Шынымды айтсам, бір нәрсеге қол жеткізетінімізге күмәнданамын. Бірақ біз өз әрекетімізбен нарықты дамытып отырмыз. Келесі жолы олар осылай істеу керек па, жоқ па - соны ойланады. Нарық үшін, әсіресе мемлекеттік оргындардың қатысуымен осындай заңсыздық болып жатқаны өте жаман ғой.

- Сіз қалай ойлайсыз, БТА банктің миноритарилерінің акцияларымен не болады?

- БТА банк миноритарилеріне келсек, онда да жағдай біздегідей өрбиді деп айтудың қисыны бар сияқты. БТА банктің жоспарында 85/15 деген тармақ бар. Онда қарапайым акцмялардың қайта құрылымдау қорытындысы бойынша пайыздық қатынаста ҰӘҚ мен кредиторлар арасында бөлінетіндігі айтылған. Миноритарилер онда да қарастырылмаған.

Егер қор мен реттеуші басқа сценариймен кетсе, онда олардың іс-әрекетінің ешқандай қисыны болмайды.

Ызамызды келтіретіні, ең алдымен, осының барлығының жасырын жасалатындығында. Егер ҚҚА мемлекеттік орган болатын болса, онда ол барлығын ашық және айқын жасауы керек. Оған қоса үкімет қор нарығының дамуын жақтап, өңірлік қаржылық орталық құрып, халықтың экономикалық сауаттылығын арттыру бағдарламасын жүргізіп отырғанын айтпағанда. Ал істеп отырған әрекеті - нарықтық тәсіл емес. 

- Мұның бәрінің банк секторының инвестиция үшін тартымдылығы мен жалпы қор нарығы үшін қандай әсері болады? 

- Жақсы сауал. Альянс банктің миноритарилі акционерлері қатарында шетелдік инвесторлар да болды. Альянс банктің IPO-сы Лондон қор биржасында өкізіліп тұрғаны   біздің бәріміздің есімізде. Енді Батыстағы адамдар біздің банктерге ақшасын салар алдында ойланады. Қазақстанда қазірдің өзінде «мемлекеттік тәуекел» (ресми биліктің осы мемлекеттегі бизнеске теңбе-тең келмейтін әрекеттерге бару тәуекелі) бар, және оның теріс салдары бар.

Мен реттеуіш қалыптасқан жағдайға айыптылардың негізгілерінің бірі деп есептеймін. Ол кепілсіз заемдардың, шетелдік компаниялардың көптеп берілген кредиттерінің тәуекелін реттей ады ғой. Шетелден тартылған ақша да көп болатын. Осының бәрін реттеуге болатын. Тұрақты түрде тексерістер жүргізіліп тұрды, және қалайша ҚҚА осындай жағдайда активтердің банктен шығарылып жатқанын  байқамай қалды?

Егер Альянс банктің $4,5 млрд провизиясын айтсақ... Мейлі, $1 млрд-ын ұрласын, бірақ онда $3,5 млрд қайта кетті? Шығын мен провизиялар неден пайда болды? Неге осы тәуекелдерді ҚҚА 2008 жылғы тексеруде анықтай алмады? Осының бәрі түсініксіз, және таң қаларлықтай.

Іс жүзінде акционерлер үшін банк банкрот, ал кредиторлар үшін – жаңа гүлденген банк болып шықты. Егер банкрот болғанда біз жеке меншігімізді жоғалтуға дайын едік. Ал бұл жерде ешқандай банкроттық болған жоқ – банк қарыздарын кешіреді, ал біз бәрібір акцияларымызды жоғалтамыз. Бұл оқиға біздің енді дамып келе жатқан қор нарығымызға үлкен минус.

Қазір жалпы ойлану керек, Қазақстан экономикасына ақша салудың қажеті бар ма? Егер қор нарығы, институттарда оқытатындай, экономиканың бір бөлігі болса, онда қор нарығын да құтқару керек еді. Онда зардап шеккен жеке тұлғалар тек біз ғана емес қой. Альянс банкке қанша зейнетақылық қорлар салғаны белгісіз. Ол қорлардың салушылары қанша екені де белгісіз. Осыдан қанша адам ақшаларын жоғалтты? 

Барлығы да қор нарығын дамыту керектігін айтады, ал бұл даму жолындағы бір адым кері кету. Шынымен осы нарықта жұмыс істеудің қажет бар ма деп ойланудың мәнісі бар ғой.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5347