Мекемтас Мырзахметұлы. Халық санағы: өсу мен өшу
Қазақстан тарихында 1897 жыл мен 2009 жылдар аралығында он бір рет халық санағы өткізілген болатын. Халық санағының бастапқы екеуі (1897, 1911 ж) патшалы Ресей заманында яғни бодандық қамыты мойынға ілінген отаршылдық кезеңде Ресей империясының мүддесі тұрғысынан жүргізілді. Отарланған елдер арасында қазақтар арасында жүргізілген халық санағы әр отбасында орташа есеппен 5 адамнан болмағы керек деген мөлшерді ұстанды. Халық санағын өткізуде әр отбасы мөлшерін негізге алу жүйесі түрік халықтары тарихында көне дәуірден орта ғасыр кезеңіне дейін белгілі болатын. Мысалы б.э.д. үйсін қағандығында әр түтін басынан бір сарбаздан алу дәстүрі орныққан еді. Ал осы көріністі 751 жылы Талас өзені бойында араб империясы мен Қытай империясы арасында болып өткен, сол заман үшін теңдесі жоқ қырғын соғысқа Түркеш қағандығы да тікелей араласқан еді. Екі империя арасында қысымда қалған Түркеш қағандығына уақыт пен жағдайға байланысты екі империяның біреуін жақтау қажеттілігі туады. Егер қытай армиясы жағына шықса, қытайлар кетпей жерге орнығып қалуынан сескенеді. Сондықтан Түркеш мемлекеті мүддесі үшін таңдау арабтар жағына ауды. Осы себепті екі жақ бір-біріне бата алмай тұрғанда қытайларға қарсы майданды Түркештер ашты.
Қазақстан тарихында 1897 жыл мен 2009 жылдар аралығында он бір рет халық санағы өткізілген болатын. Халық санағының бастапқы екеуі (1897, 1911 ж) патшалы Ресей заманында яғни бодандық қамыты мойынға ілінген отаршылдық кезеңде Ресей империясының мүддесі тұрғысынан жүргізілді. Отарланған елдер арасында қазақтар арасында жүргізілген халық санағы әр отбасында орташа есеппен 5 адамнан болмағы керек деген мөлшерді ұстанды. Халық санағын өткізуде әр отбасы мөлшерін негізге алу жүйесі түрік халықтары тарихында көне дәуірден орта ғасыр кезеңіне дейін белгілі болатын. Мысалы б.э.д. үйсін қағандығында әр түтін басынан бір сарбаздан алу дәстүрі орныққан еді. Ал осы көріністі 751 жылы Талас өзені бойында араб империясы мен Қытай империясы арасында болып өткен, сол заман үшін теңдесі жоқ қырғын соғысқа Түркеш қағандығы да тікелей араласқан еді. Екі империя арасында қысымда қалған Түркеш қағандығына уақыт пен жағдайға байланысты екі империяның біреуін жақтау қажеттілігі туады. Егер қытай армиясы жағына шықса, қытайлар кетпей жерге орнығып қалуынан сескенеді. Сондықтан Түркеш мемлекеті мүддесі үшін таңдау арабтар жағына ауды. Осы себепті екі жақ бір-біріне бата алмай тұрғанда қытайларға қарсы майданды Түркештер ашты. Осы Түркештер қатарына шымыр тайпасынан 20 мың атты сарбаз қосылғаны тарих ғылымдарының кандидаты, белгілі ғалым Әлімғазы Дәулетханның «Түркештер» деген ғылыми еңбегінде аталып көрсетіледі. Түркештер өз әскері қатарына әр отбасынан бір сарбаз алып отырған. Егер отбасында жарарлық жалғыз бала болса, ол отбасының түтіні өшіп қалмауы үшін сарбаздық міндетінен босатылатын дәстүр болған. Сонда халық санын білудің тәсілі әр отбасынан алынған сарбаздар санына қарай анықталып отырған. 1897, 1911 жылғы қазақтар арасында Ресей империясы жүргізген халық санағында әр отбасында орташа есеппен 5 адамнан болады деген мөлшерді негізге алған болатын. Бірақ 1897 жылғы халық санағында қазақтар жайлаған ұлан байтақ жерлер тұтас қамтылмаған еді. Әрине, шекараның ар жағындағы қытай, монғол қазақтары да есепке түспей қалған болатын. Осының өзінде Ресей қоластындағы қазақтардың саны - 3 787 000 адам деп көрсетілсе, 1911 жылғы санақта 4 692 000 қазақ болды. Яғни 15 жыл ішінде қазақтар 905 000 адамға көбейген. Әрине, бұл көріністен Ресей империясы қазақтарға жанашырлық танытты, қамқорлық жасады деген ұғым тумасы анық. Ресей империясы бодан болған түрік халықтарының ішінде қазақтар мен ноғай және қырым татарларының тағдырына аса қатыгездікпен қарап, оларды шоқындырып, орыстандырып жіберу мақсатын қойды. Егер бұл саясатқа көнбесе, жер бетінен сыпырып, жою мақсатын ашық қойғанына тарих куә. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтерілісін басу үшін Николай-2-патша өзінің ең сенімді аса тәжірибелі досы Куропаткинді Сырдария губерниясының генерал-губернаторы қызметіне тағайындады. Орта Азиядағы ұлт-азаттық көтерілісін түрлі саяси айла-амалдармен тұншықтырған генерал-губернатор өз күнделігінде жазғанындай, Ресей саяси элитасының 1876-1916 жыл аралығында, яғни 40 жыл ішінде қазақтар үшін жасаған саяси қорытындысы - қазақтарды жер бетінен тұтастай жойып жіберу мақсатын ашық қойғаны әшкере болып отыр. Өйткені Ресей патшалығын Ш.Уәлиханов атап көрсеткендей, қазақтардың Ресейге бодан болған түрік халықтары ішінде санының көп болуы, әрі болашағы зор, ұлттық санасының жоғары болып, еркіндікке ұмтылуы шошытты. Ресей империясына халық емес, оның жері керек екенін жұртшылық ерте сезінді. ХVI ғасырда орыстар 4 миллионға жеткенде, қырым татарларының саны 2 млн. болатын. Ал қазір орыстар 4 млн-нан 150 млн-ға жетсе, қырым татарлары өз жерінде жарты млн-нан әрең асып отыр. Өйткені қырым татарлары жайлаған Қырым жері ең шұрайлы, курортты жер болуымен бірге стратегиялық жағынан аса қолайлы мекен болуы себепті. Қырым өлкесін татарларынан тазалауды Ресей алдына мақсат етіп қойса, осы саясатты Кеңес өкіметі жалғастырып, мүлде азайып кеткен қырым татарларын 1944 жылы жер аударып, қырғынға ұшыратуы геноцидтік саясаттың өзі болып шықты.
Кеңес өкіметі заманында 1917-1991 жылдар арасында жеті рет жүргізілген халық санағында қазақтардың тағдыры басқа түрік халықтарының өсу деңгейімен салыстырғанда өсіп жетілудің орнына кері кетіп, 1916 жылғы 6 миллион қазақтың 1 900 000-ға шейін құлдырап, өз жерінде 82%-дан 29%-ға дейін мүлде азайып кетуінде қандай құпия сыр жатыр? Бір жағынан қарағанда Кеңес үкіметі мен Орталық Комитеттің саяси бюросында Ресей империясының ұстанған дәстүрін жалғастырушы болғанын Кеңес үкіметі кезінде алты рет өткізілген халық санағының нәтижесі нақтылы түрде айғақтап отырса, қалайша үнсіз отыра алмақсың.
«Бетпақ жеңдім дейді, бишара көндім дейді», - деп халық мақалы айтқандай, бишара болып шындықты ашпауға енді тәуелсіз заманы көнбесе керек. Өйткені 1911 жылғы патшалық санақтан кейін қазақтардың саны 1959 жылға дейін жыл өткен сайын тұрақты түрде азайып, оталып отырды.
Мысалы, 1916 жылы қазақтар саны 6 млн. болса
1939 жылы халық санағында 3 099 000 адамға кеміді. Өз жерінде отырып, 21,9% түсіп кетті.
1944 жылы қазақ саны 1 900 000-ға шейін азайды.
Билік басына қазақ ұлтының өкілі Қонаев отырған кезден бастап қазақтар саны жыл өткен сайын молығып, тұрақты түрде өсу жолына түсті.
Күдік тудыратын мәселенің өзекті желісі - басқа түрік халықтары тұрақты түрде еселеніп көбейіп отырғанда, ноғай, қырым татарлары мен қазақ халқының кеңестік дәуірде жыл өткен сайын азайып, қазақтардың өз жерінде 29 %-ке шейін түсіп кетуінде қандай құпия жасырын сыр жатыр?
Мәселенің түп төркіні осы сырға қанығып, оқырман көзін шындыққа жеткізуде жатыр. Түрік халықтары санының өсу, эволюциялық даму жолын салыстырып көрейік:
1897 жыл санағында қазіргі күнде
1. Өзбектер 2,2 млн. 12,36 есе өсті
2. Түрікмен 0,8 млн. 5,6 есе өсті
3. Қырғыз 0,5 млн. 5,7 есе өсті
4. Тәжік 0,5 млн. 4,5 есе өсті
5. Ұйғыр 43 мың 6 есе өсті
Немесе қазақтардың Орталық Азия халықтары ішінде пайыздық көрсеткіші:
1897 жыл 52,5%
1911 жыл 57,5%
1926 жыл 37,5%
1939 жыл 28,2%
1951 жыл 27,1%
1970 жыл 26,5%
1979 жыл 25,5%
1989 жыл 23,3%-ға дейін құлдырап төмендеген.
Бұл пайыздық көрсеткіште қазақтар 90 жылға жуық мерзімде пайыздық көрсеткіші үнемі төмендеп, оталып отырғанын көреміз.
Қазақтардың өзге Орта Азия халықтарына қарағанда саны жағынан үнемі тоқтаусыз азайып отыруының себебі неде? Отарлықтың қысымы не себепті қазақтарға ерекше түсе берген?
Мәселенің мәні осы себепті ашуда жатыр. 1916 жылы 6 млн. қазақ өсіп өркендеудің орнына 1940 жыл 1 млн. 900 мыңға дейін құлдырап, 3 еседен аса азайған. Ал бұл кезде көршілес отырған өзбек, қырғыз, түрікпен, тәжік, ұйғырлар 5 еседен, өзбектер 12 есеге дейін көбейіп, үнемі өсіп өрлеу жолында болған. Бұл халықтардың бәрі де бір саяси жүйеде, бір мемлекет ішінде өмір сүрді. Бірақ қазақтар елден ерекше өсудің орнына өшіп, азайып, саны жағынан төмен қарай құлдырап отырған. Осы мәселе тұрғысынан қарағанда атақты тарихшы, ойшыл ғалым Мәмбет Қойгелдиевтің «... Жалпы тарихты қарап отырсақ, кеңес өкіметінің тіршілік еткен бүкіл ғұмырында біздің ұлтқа ерекше мән беріп, қауіптеніп отырғанын байқау қиын емес» («Үш қиян», 26.12.2008 ж), - деп мәлімдеуінде мәселенің түп төркінін дәл басып көрсетіп тұр. Осы қауіптен хабары бар ҚКП ОК-нің идеологиялық хатшысы Нұрымбек Жанділдин мәскеулік студент Мақаш Тәтімовке «Студент бала! Егер өткенді Мәскеуде жүріп зерттемек болсаң, адамдардың (қазақтардың) санын емес, Қазақстандағы мал шығынын зертте» (М.Тәтімов. Ел басы және ел саны. Алматы. 2009, 42-бет), - деп халық санын зерттеуге құпия сырды ашып қояр дегендей шошына қарауы - кеңестік үкіметтің саналы түрде қазақтар үшін теріс пиғылды әрекетін біліп, содан зерттеушінің назарын басқа жаққа аударып жіберуге тырысуы - көп нәрсенің астарлы сырын аңғартса керек-ті. Өткенді танып білмей, алдыңды, бағыт-бағдарыңды нақтылы болжау қиын. Осы себепті өткенді білу қай кезде болса да қажеттілік, оны уақыт талап етеді. Тіпті қазақ халқының республика қалаларына орналасу жағдайына дейін Мәскеудегі орталықтың үнемі қадағалап, назарда ұстап отыруы да бізге деген сенімсіздік саясаты. Анау-мынау емес, мүйізі қарағайдай КПСС ОК Саяси Бюросының белді мүшесі Соломенцевтың өзі ҚКП ОК бюросында желтоқсан оқиғасына байланысты сөйлеген сөзінде: «Бұл не деген сұмдық! Белгілі нұсқауларға қарамастан, Алматы қаласындағы қазақтың саны 20%-ға дейін асып кеткен», - деп әкіреңдей сөйлеуінің астарында қазақ халқы туралы арнайы түрде берілетін «белгілі нұсқаулардың» сырын ашып беріп тұр емес пе?
Соломенцев пікірі жанашырлықтың емес, саналы түрдегі қаскөйліктің пиғылы. Оның тамырын іздесең, өткен тарих желісінде жатыр. Мысал ретінде алатын болсақ ол - Кавказ бен Қырымды жаулап алған Ресей империясы ұстанған саяси мақсатымен ұштасуында жатыр. Кавказды жаулап алуға тікелей қатысқан атақты генерал Н.Н. Раевскийдің соғыс министрі А.И. Чернышевке жазған қызмет хатында «американы алғаш жаулап алушы европалықтар үндістерді қалай қырғынға ұшыратса, біздің кавказдағы іс-әрекеттеріміз де содан бірде-бір кем болмай отыр... Сондықтан мен кетемін. Мұндай сұмдыққа жаным төзе алар емес» (А.В.Фадеев. Россия и Кавказ. Москва, 1910, с. 302), - деп жазуы Кавказ халықтарын соғыста қынадай қырған аяусыз жауыздыққа шыдай алмаған шындықтан туып отыр. Бұл ойлы генералдың пікірі болса, сол Кавказ соғысын көзімен көрген орыстың ұлы классик ақыны А.С.Пушкиннің «Отаршылдар жергілікті халықты: авар, құмық, қарашай, шешен ингуш, дарғын, балқар, қабарда, шеркеш, лезгін, адық, лақ, ноғай, тукхум, тобасарандарды атамекендерінен қуып, бұл жерлерге ішкі Ресейден лек-легімен ағылған казачествоны қоныстандырды. Шеркештер көп қырылды. Кейбір тайпалар жойылып кетті». (А.С. Пушкин, Собрание сочинений в десяти томах. Т. 7. Москва, 1984, с. 302) деп жазуы арқылы Ресей империясының жауыздық іс-әрекетін әлем алдында әшкерелеп отыр. Осы саясатты Кеңес өкіметі де жүргізіп, соғыс кезінде, 1944 жылы Кавказ, Қырымдағы мұсылман халықтарды жерді тазарту үшін тұтас депортациялап, қоныс аударып, қырғынға ұшыратты. 1926 жылы Кеңес одағында 194 ұлт болса, ол 1991 жылы 101 ұлт қана қалып, 93 ұлттың жұтылып, жоқ болып сіңісіп кетуі - мойны жуан Ресейдің дәстүрлі қатыгез отаршылдық саясатының жалғастық табуында жатыр. Қазақ, ноғай, қырым татарлары Кеңес өкіметінің ерекше назарына алынуы - ұлттың тағдырына қасіретті өзгерістер әкелді. 1) Ресейдің өкпе тұсына орналасқан ноғай хандығы құлаған соң, ноғайлар күшпен шоқындырылып орыстандырылды. Ақыры орыстарға сіңіп, тарихи орнын жоғалтты. Ал қырым татарларын Ресей 1771 жылы жаулап алуына байланысты қырым татарларының саны азайып ¾ парасы сыртқа қашты. Өйткені Қырымның генерал-губернаторы Борозциннің: «А татарам велел уходить на четыре стороны», - деп астамдық көрсетуі осының айғағы болатын-ды.
2) 1780 жылы қырым татарлары өз жерінде мүлдем азшылыққа айналып, саналы түрде қуғындауға түсті. Қырымдағы 680 село қаңырап бос қалды. Осы қасіретті көрген журналист: «... татарские семейства все, от стара до мала, пошли на кладбища сказать последнее «прости» своим похороненным предкам, эти изгнанники опускаются на колени, бьют кулаками в грудь и целуют землю. Ни воя, ни криков не слышно, тихо струятся слезы на их загорелых лицах» (Крым, Симферополь. 1930, с. 114) деп жазуынан халық қасіретін көзбен көргендей боламыз. Бұл қасірет қырым татарларына аз болғандай олардан қалған-құтқан ұрпақтарын 1944 жылы түгелдей жер аударып жіберді. XVI ғасырда саны жағынан орыс халқының жартысына тең қырым татарлары бүгінде 0,5 млн-ға жетпес халде тұр. Бір кезде Бақшасарайдай астанасы бар қырым татарларының мемлекеті құлап, Ресей тарапынан қуғындалып, жер бетінен жойылудың алдында тұр.
3) Ресей империясының құрбандығына ұшырай жаздаған үлкен халықтың бірі қазақтардың да тағдыры бір кездері хал үстінде түрды. Мың өліп, мың тірілген қазақ халқының қасіретін танып білу, оны халық ретінде жер бетінен жойып жіберу жолындағы Ресей империясының қаскөй саясатын зерттеп, санасынан өткізіп отыру - бүгінгі ұрпақ парызына айналып отыр.
Қазақ халқы орталықтың саналы түрде жүргізген қаскөйлік әрекеті болмағанда, санымыз жағынан түрік халықтарының арасында ең көбі болып 30 млн-ға жетер едік. Санымыз өсудің орнына азаю - ұлттық қасіретімізге айналды.
Ресей империясының қол астында отарланған ел ретінде 1731-1917 жыл аралығында, яғни 186 жылдай бодандық ғұмырымыз өтті. Екі ғасыр оңай уақыт емес, небір дүрбелең оқиғаларға толы күңгейінен көлеңкесі басым жатқан шырғалаңы мол заман еді. Тәуелсіз билік тізгіні қолдан кеткен соң отаршыл үкімет орнатқан ел билеу жүйесі қазақтар үшін әдейі «ұзын арқан, кең тұсауға» салынған уақытша биліктен, ХІХ ғасырдың екінші жартысынан ауа «жабайыларды жабайылардың қолымен тұншықтыру» жүйесі билік құрған заман келді. Отаршыл үкімет қазақтар үшін отарлаудың ең қатыгез түрі скваттерстволық (отарланған жерге келімсектерді орналастыру арқылы үстемдік ету жолы) жолды ұстанды. Қазақ жерін мемлекет меншігі деп ресми түрде заңдастырып алған соң, келімсектерге шұрайлы, сулы жерлерді тартып әперу арқылы өздерінің саяси әлеуметтік тірегіне айналдырды. Жергілікті халықты тұрмыстық, ұлттық қанау арқылы құнарсыз шөлейт жерлерге ығыстырып, аса ауыр жағдайда қалдыруы себепті чиновник Балкашин сияқты ерекше тапсырма жүктелген чиновниктер «Империяға жер керек, қазақ қайда кетсе, онда кетсін» деген сөзді ашық айта бастады. Қазақ халқын Ресей империясы мен Кеңес үкіметінің ерекше қысымға алып, жыл өткен сайын санын азайтып, отап отыруының менің пікірімде алты түрлі себебі бар. Олар:
Жер отарлау саясатының осындай жүгенсіз әрекетін өз көзімен көріп өскен ойшыл ақын Сұлтанмахмұт Торайғыров:
Түбінде құруыңа елден ерек,
Мен айтайын болады жерің себеп, -
деп қазақ жерінің ит талаған терідей тоз-тозы шығып жырмалануы халықтың жыл өткен сайын саны азайып, құрдымға түсіп құруына алып келерін сезгендіктен айтқан еді. Өйткені соғыстардың дені жер үшін болатыны талас тудырмаса керек.
Екіншіден, ұлан-байтақ қазақ жерін, яғни алып даланы Ресей империясы әртүрлі жолдармен бір жарым ғасырға жуық уақытта әрең жаулап, меңгерді. Өйткені қазақ жері Азияны жайлаған басқа түрік-монғол халықтарының жау өтіне ұстаған темір қалқаны іспеттес болғандықтан, отаршылдардың жолын бөгеп тұрды, оларды қатты ашындырды. Олар қазақтардың белін сындырып, ұлттық рухын жаншымайынша, түпкі мақсатына жетуі неғайбыл екенін білді. Бұған Петр І патшаның сөзі айғақ. Осы себепті әрқилы саяси айла-шарғыларды қолдану арқылы қазақтардың өсіп-өнуіне жол бермей, оларды біртіндеп санын қысқартып, жыл өткен сайын отап отыру саясатына жол берді.
Үшіншіден, Ресей отаршылдары қазақ жерін жаулау арқылы Түркістан өлкесіндегі хандықтарды 1-2 жылда жаулап алып, бодандыққа түсірді. Олар қазақ жеріне 150 жылдай шабуылдағанда, қазақ батырлары қарулы қолмен барлық жерде қарсылық жасап, басқыншылардың бетін қайтарып отырса, өзбек хандықтары бірінен соң бірі құлағанда, не өзбектің, не тәжіктің, не сарттың бір батыры да қарсылық көрсете алмауы, олардың ұлттық санасының жоқтығын танытты. Ресейге ең қауіпті жау елін, жерін сүйген ұлттық санасы жоғары, еркіндікте өмір кешкен қазақ халқы екенін олар жақсы білді.
Қазақтар үшін Ресейдің ендігі ұстанар саясаты - олардың ұлттық санасын өшіріп, рухани тамырларынан қол үздіру, шоқындыру, орыстандырып мәңгүрттендіру, тобырға айналдыру және жыл өткен сайын санын азайтып отап отыруға бағыт алды.
Төртіншіден, қазақ халқының оқыған зиялы ұлдары 1905-1917 жыл аралығында Түрік бірлігін қолдап, Алашорда партиясын құрып, автономия сұрауы - отаршылдарды шоқ басқандай шошытты. Осы жылдары Думаның депутаты Марков қазақтарды Шыңғысхан мен Темірланның ұрпағы ретінде американдықтар қызылтерілі үндістерді қалай қырса, солай қырып тауысу мәселесін Думада көтерді. Ал генерал-губернатор Куропаткиннің бұл идеяны яғни, қазақтарды жер бетінен сыпырып тастау керектігін қолдағанына оның күнделігі куә.
Қорыта айтқанда, Ресей империясының қазақтардың санын саналы түр-де азайтып, қолдан келсе, жер бетінен жоғалтып, ұлан-байтақ ата қонысын мәңгілікке иемденуден басқа мақсаты болмағандығы айдан анық мәселе.
Заман өзгеріп, патшалық құрылыс құлап, билікке 1917 жылы қарашада большевиктер партиясы келді.
Өмірге ұрандата келіп, таптық саясатты ұстанған кеңестік үкімет пен большевиктер партиясының басты кемшілігі сөз бен ісінің алшақтығы болатын.
Олардың халықтар достығын ұрандатқанымен, патша үкіметінің орыстандыру саясатын жалғастырушы мұрагеріне айналғанын тарихи өмір ағысы айғақтап жатты. 1920 жылы өткен съездің ұлт саясаты туралы іргелі шешімдері Сталиннің билікке келуімен жүзеге аспай, қағаз бетінде қалды.
Кеңес үкіметінің қазақтар туралы ұстанған саясаты патша отаршыл-дары саясатының дәстүрлі жалғасының өзі болып шықты. Мұны кеңес үкіметі кезінде әртүрлі мақсат тұрғысынан 7 рет өткізілген халық санағының қорытындылары айғақтап отыр.
Бесіншіден, бүкіл түрік халықтарын қол астында ұстаған Кеңес үкіметі дархан көңілді қарапайым қазақ халқына не себепті қауіптене қарады? Біздің байқауымызша, түрік халықтары арасында қазақтардың қоғамдық ой-санадағы бірлігі мен рухани тұтастығы және күрескерлік қабілетінің жоғары болуы билікті сескендірсе керек. Өйткені 1917-20 жылдар арасындағы саяси билік жолындағы күресте қазақтар Алаш Орда партиясын құрып, Ресей қоластында ұлттық автономиясын жариялап үлгерсе, 1924 жылы Т.Рысқұлов Түркістан Республикасын құру туралы мәселені Мәскеуге ұсынды. Міне, Қазақстан мен Түркістандағы осындай зор саяси-әлеуметтік өзгерістердің басында, негізінен, қазақ саяси элитасының басшылық етуінен орталық сескене бастады. Түркістан өлкесіндегі түрік халықтары одағын ыдыратып, бөлшектеу саясатын ұстанды. Ал Мәскеудегі орталық Қазақстанда билік тізгінін Голощекинге беріп, соның қолымен ашаршылық ұйымдастырып, халықтың тең жартысынан астамын қырып салды. Ой-сананың ұйытқысы болған қазақ зиялыларын тапшылдық саясат негізінде бір-біріне саналы түрде айдап салу арқылы олардың көзін тұтастай жойды. Келешек жастарды рухани тамырынан ажыратып, орыстандыру арқылы мәнгүрттендіруді қолға алды. Ол үшін қолданыстан жазу таңбасын екі рет әуелі араб жазуы таңбасынан латын жазу таңбасына ауыстыру (1930 ж.), екінші рет он жыл уақыт өтпей-ақ латыншаны кириллицаға алмастыру (1940) арқылы көздеген мақсатына жетті. Қазақтардың өз қолымен от көсеу принципін ұстанды. Қазақ саны жағынан ойсырап түсуін 1920, 1926, 1937 жылғы халық санағының нәтижесі тайға таңба басқандай көрсетіп берді.
Алтыншыдан, зорлап колхоздастыру мен 1932 жылғы ашаршылықтан ұрпағын аман сақтап қалу мақсатымен қазақтар шетелдерге жаппай қаша бас-тады. Олардың саны 5-млн.-ға дейін жетіп, әлемнің 40-тан аса мемлекет-терінде өмір сүріп жатыр.
Шетел қазақтары қандай да саяси-әлеуметтік сапырылысқа түссе де, саны жағынан баяу түрде біркелкі өсу жолында болғанын байқаймыз. Ал Қазақстандағы қазақтар Орталықтың тікелей бақылауында болуы себепті саны жағынан ұзақ жылдар бойы (1917-1957) үнемі азайып, оталып келді. Қазақтар өз жерінде бүгінде 67%-ға жетсе де, таза қазақ тілді мектебі 50%-дан аспай отыруы да мәселенің түп төркінін айқындап тұр.
"Жалын" журналынан алынды