Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 7301 0 пікір 12 Қаңтар, 2010 сағат 08:49

ҚАЗАҚ - КИІЗ ҮЙЛІ АРБАЛЫЛАР ДЕГЕН СӨЗ

(тарихи-этимологиялық қысқаша шолу )

Тарихи зерттеулерде этнонимдердің этимологиясы  яғни этностар мен ұлыстардың  атауларының шығу тегінің  түп төркіні  күрделі зерттеулердің бірі.  Алайда, шешілмейтін де мәселелер жоқ емес. Әрбір зерттеуші өз уәждерін айтса да, ортақ пікір әлі де жоқ. Оған  үзілді-кесілді жауап бере алатындай тарихи деректердің аздығы кедергі болып тұр. Қазақ сөзінің төркіні  жайында көптеген болжамдар, пікірлер бар.  Қазірге дейін белгілі болған VI-IX ғасырлардың  көне түрік тілді ескерткіштерінде «қыпшақ», «алаш», «қазақ» деген сөздер кездеспейді.  Демек бұл атаулар  одан кейінгі заманда пайда болды деген сөз.

Осы орайда көне түрік этностар атауларының этимологиялық зерттеулері де кенжелеп қалғанын айту керек. Мысалы, zGU> oquz //oγuz  oq «оқ» + uz «+ұз» сөзі «оқ, тайпалар». Көне түрік тайпалардың көпшілігі санмен аталды: тоғыз (zGUzxUT), сегіз (zGUzKs), үш (zGUCu) оғыз,  қырықұ > қырқыз (zQRik), он-оқ (xNU), он ұйғұр (RGJU NU), отыз татар (RTTzTU)  және т.б. Политоним Türük Eli> түрүк Елі  «törü +к>төрү «төре заңды ел, төрелік билікті ел» деген мағыналы сөз  қытайша  «туцзю», «дулуга», көне моңғолша - türük> түрэг деп хатталынды. Осы тақырып кең әрі күрделі болғандықтан қысқаша ғана атап отырмыз.

Қытай деректерінде жалпы көшпелі түріктерді «гаочэ, гаогюй, гаоцзюй» - «биік арбалылар», теле, тили, дили - «арбалылар» делінген. Көне түірк тілінде tegrek> тегрек, tegre> тегре - айналу, дөңгелену, tegire> тегіре - дөңгелек,  tegirmen> тегірмен - дөңгелекті диірмен. Бұл атау көне моңоғл тілінде  terge// tergen > тэргэн //тэрэг «арба, дөңгелекті күйме арба» тұлғасында сақталынған [i] , ал қазақ тілінде  «терек», «терте //тәрте» және т.б. сөздерді ерекше атауға болады (Сурет-1).

Көне түрік дәуірінде  (b>eb еб) биік дөңгелекті арба  tergeк кеңінен қолданылды. Бұл  дәстүр тіпті XV ғасырға дейін жалғасып сабақтасты деп айтуға болады. Ортағасырларды көшпелілерде арба, биік арба, күйме арба секілді  екі, төрт дөңгелекті өгід, жылқы, түйеге жеккен алуан түрлі арбалардың болғандығы жайында (Плано Карпини, Г.Рубрук және т.б. [ii]) саяхатшылардың еңбектерінде  мол деректер жазылған.

Осыған мәселелерге байланысты біз «қазақ» атауының түп-төркінін qas+aq> // (qaz+γaq?>) каз+ах деген құрамында түсіндірмекшіміз. Оның семантикасы «арбалы көшпелілер» дегенге саяды.  Қазақ сөзінің төркіні  жайында көптеген болжамдар, пікірлер бар.  Қазірге дейін белгілі болған VII-IX ғасырлардың  көне түрік тілді ескерткіштерінде  «қазақ», «алаш» деген сөздер кездеспейді.  Демек бұл атаулар  одан кейінгі заманда пайда болды деген сөз. Ескі моңғол жазба деректерінде, мысалы XIII ғасырдың туындысы «Моңғолдың құпия шежіресінде»  «qasaq //qasgaq tergen>қасақ//қасғақ терген» -  темір құрсаулы  үлкен арба («қазақ күймесі»?) деген мағыналы атау кездеседі. Біздің пікірімізше  «қаз+ақ» сөзінің түп-төркіні осында болуы әбден ықтимал. Көшпелілерде  киіз тиеген  үлкен арбалар болды.   Көне түрік дәуірінде «теле» деген этноним де осы атаудың « киіз үйлі арба» дегеннің байырғы нұсқасы. Басқаша айтқанда «терген, терме, терим, терме алаша, терте»   деген  қазіргі түрік тілдеріндегі сөздер төркіндес, мағынасы желілес деген сөз.  Сонымен қоса «қаңлы», «қыпшақ» деген атаулар да  «киіз үйлі арбалы» деген сөздердің баламалары.

Қазіргі қазақ тілінде «дөңгелек, домалақ, шеңбер, арба, дөңгелекті арба, шығыршықты арба » деген ортақ семантикалы qas- // qaz- түбір морфемадан  «қасаға, қасаба, қазан, қазық, қосақ, құдық, қасық» [iii] жән т,б, сөздер сақталынған.  Қазақ сөзінің ілкі нұсқасы  «қас» деген сөз. Ол ағаштан жасалынған дөңгелекті байланыстырып тұратын төрт ағаштың атауы. «Қас таңба»  деп те соны атайды.  Бұған ұқсас ортақ мағыналы қасаға -  «арба доңғалығының темірі, ошақтың  қазан тұратын шеңбері» (ҚТС-Алматы, 1999. -385 б.),  «қас» ( ердің алдыңғы және артық басы, арба дөңгелегінің темір құрсаулары),   «қаз+ан» (киіз үйдің темір  қазаны) (qasγaq // qazγan > // qazaq> казах [iv] ), «қос+ақ» (өгізді қосақтап жегіген «күрке» үйлі арба),  «қаз+ық» (ат және т.б. байлайтын қазық)  деген сөздер де байланысты болмақ. Демек қазақ  деп біз  киіз үй артқан арбаларымызды  атағанбыз. Сондықтан болар өзге  көрші жұрттың барлығы бізді  «қазақтар»  яғни «киіз үйлі арбалықтар»  деп атады. Біз де өзімізді солай атадық.   Ал «Алаш» сөзі   «қазақ» сөзімен бірге айтылады-да, оның мағынасы да бірдей. Сонымен «Алаш» дегеніміз киіз үйлі арбаның бір түрінің атауы. Сол себептен  киіз үйлі арбалы «көшпелі» түрік тектес этностар бір шаңырақтың астына бірігіп «қыпшақ, қаңлы, қазақ, алаш» болды.

Напил БАЗЫЛХАН

[i] Базылхан Б. Қазақ және моңғол тілдерінің салыстырмалы тарихи грамматикасы (Сравнительная историческая грамматика казахского и монгольского языков). Морфология. - Алматы, 2000. - 446 б.

[ii] Путешествие в восточные страны Плано Карпини и Гильома Рубрука. - Алматы, 1993. - C. 24,80.

[iii] Қазақ тілінің сөздігі. Алматы, 1999. - 355, 385, 410 бб.

[iv] Юдин В.П. Центральная Азия в XIV-XVIII веках глазами востоковеда / К этимологии этнонима казах (қазақ). - Алматы, 2001. -3 84с.+ вкл.4 с.

.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3233
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5343