Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3755 0 пікір 26 Қаңтар, 2010 сағат 08:44

Орта-Азия газының Бейжіңге жетуі жақын күндері болады деп күтілуде

Алматы. 26 қаңтар. ҚазТАГ- Жаңа газ құбырының іске қосылуымен Орта-Азия газының Бейжіңге жетуі жақын күндері болады деп күтілуде, деп жазады «Жэньминь жибао».

21-ші қаңтарда Қытай ұлттық мұнайгаз корпорациясы (CNPC ҚҰМК) хабарлағандай, 20-шы қаңтарда «Цзинбянь» сығымдау станциясында табиғи газды Бейжің мен онымен жақын аудандар бағытында айдау басталды. Бұл «Батыс-Шығыс» газ құбырының батыс учаскесінің толығымен іске қосылуын білдіреді. Бұл газ құбыры түркмендердің Самантепе газ кенішінен Өзбекстан және Қазақстан территориялары арқылы транзитпен өтетін «Қытай – Орталық Азия» трансұлттық газ құбырына қосылады. Орта-азиялық газдың Бейжіңге жетуі, бұл өңірде сирек болатын қатты суыққа байланысты туындаған газ тапшылығын жеңілдетеді деп күтілуде.

«Цзинбянь» газ сығымдау станциясы Қытайдың газбен қамтамасыз ету жүйесінде маңызды торабы болып табылады. Ол газды Қытайдың шығысы мен Шэньси-Бейжің бағытында айдауға арналған.

Мұның алдында орта-азиялық газ Қытайдағы алғашқы тұтынушылардың бірі - Үрімшіге (Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданның әкімшілік орталығы) жеткен болатын. «Батыс-Шығыс» екінші газ құбырының батыс учаскесін 2009 жылы 31-ші желтоқсанда пайдалануға тапсырумен қаладағы газ тапшылығы толығымен жойылды.

2011 жылдың аяғына 8653 шақырымдық газ құбырының құрылысы толығымен аяқталады деп күтілуде. Бұл құбыр Қорғастан басталып (Шыңжаң) Шанхай, Гуанчжоу мен Сянганға дейін созылады.

ҚҰМК хабарлауынша, түркмен кенішінде газ өндіру тұрақты болуының арқасында «Қорғас» станциясына күніне 6,6 млрд текше метр газ келіп тұр.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1456
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3222
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5279