Ураинада президенттік сайлаудың екінші туры ақпанның 7-не белгіленді
Киев. 26 қаңтар. ҚазТАГ – Ураинада президенттік сайлаудың екінші туры 2010 жылдың 7-ші ақпанына белгіленді. Орталық сайлау комиссиясының (ОСК) осы шешімі туралы сейсенбі күні өткен ОСК отырысында комиссия төрағасы Владимир Шаповал мәлім етті.
Оның айтуынша, Украина президенттігіне қаңтардың 17-де өткен сайлау барысында бір де үміткер 50%-дан көп дауыс ала алмағаны себепті, сайлаудың екінші турын өткізу туралы шешім қабылданған.
Сайлаудың екінші кезеңіне оппозиция көшбасшысы Виктор Янукович пен Украинаның қазіргі премьер-министрі Юлия Тимошенко шықты.
ОСК сондай-ақ Украинада 17-ші қаңтарда өткен сайлаудың ресми қорытындысын жариялады.
Мысалы, шетелдердегі сайлау учаскелерінде берілген дауыс пен округтық сайлау учаскелерінің 225 хаттамасын өңдеу барысында В. Янукович сайлаушылардың 35,32% даусын, ал Ю. Тимошенко – 25,05% даусын алған.
Бұл тізімде келесі болып тұрған - Сергей Тигипко – 13,05%, Арсений Яценюк – 6,96% дауыс. Украинаның қазіргі президенті Виктор Ющенко 5,45% дауыс нәтижемен бесінші орын алды.
Сайлаушылардың 2,2% бір де үміткерді қолдамапты.