Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3622 0 пікір 27 Қаңтар, 2010 сағат 05:42

Веломобильмен Орталық Азия мемлекеттерін саяхаттап жүрген екі автралиялық студент Қытайдан департацияланды

Алматы. 26 қаңтар. ҚазТАГ– Дилярам Аркин. Веломобильмен Орталық Азия мемлекеттерін саяхаттап жүрген екі автралиялық студент Қытайдан департацияланды. Бұл туралы ҚазТАГ тілшісіне саяхатшылардың көмекшісі, әрі олармен ұялы телефон арқылы байланыс жасап тұрған Арсен Исмаилов хабарлады. Оның айтуынша, велосаяхатқа қатысушылар Қытайға былтырғы қарашада барған. 

«Австралиялық студенттер Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық  ауданында (ШҰАА) тұратын халықтың салты мен дәстүрін зерттеген. Бірақ полиция бұлардың әрекетін, былтыр тамызда Үрімшіде ханцзы мен ұйғырлардың арасында орын алған қанды оқиғалар туралы заңсыз мәліметтер жинап жүр деп бағалады», - дейді А. Исмаилов. 

Одан соң, оның айтуынша, жергілікті билік органдары «австралия азаматтарына Қытай аумағында одан ары жүруге төзгісіз жағдай тудырып, депортациялады».

«Экспедицияға қатысушылар бұл мемлекетті тастап кетуге мәжбүр болды», - деді А. Исмаилов.

Оның айтуынша, қазіргі уақытта австралиялық студенттер Қазақстан территориясында, Жәркент қаласында. Олар енді Талдықорған бағытын бетке алмақшы.

«Одан соң саяхатшылар Өскеменге бет алып, одан Моңғолияға, Улан-Баторға кетеді», - дейді А. Исмаилов.

«Steppe by steppe – Side by side» («Дала мен дала – бүйірлес жақын») велоэкспедициясын Австралия азаматтары - Меган Керр мен Роджер Чао ұйымдастырды. Оларды австралиялық географиялық қоғам (Сидней) мен зерттеушілердің халықаралық қоғамы (Нью-Йорк) және қарағандылық тарихи-географиялық «Авалон» қоғамы қолдады. Веломобилситердің сапары 2009 жылы 4-ші мамырда Астанадан басталды да, 2010 жылғы сәуірде Улан – Баторда (Моңғолия) аяқталуы тиіс. Экспедицияға қатысушылар Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстан, Қытай мен Моңғолия жолдарымен шамамен 12 мың шақырым жүріп өтулері керек болатын. Олардың көлігі осы сапар үшін арнайы жасалған Quike веломобилі. Экспедицияны ерекше қызықтырғаны - жергілікті халықтың салт-дәстүрін зерттеу мен, сондай-ақ әр түрлі халықтардың мәдениеттерінің өзара байытуы мен өзара ықпалдасуы болды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5304