Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 3493 0 пікір 27 Қаңтар, 2010 сағат 05:46

Денсаулық сақтау саласында жасақталып жатқан бесжылдық бағдарламаның негізінде президент тапсырмасы болады

Астана. 27 қаңтар. ҚазТАГ- Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев денсаулық сақтау министрлігіне алдағы бес жылға жасақталып жатқан саланың даму бағдарламасының негізі болатын жаңа міндет қойды. Бұл туралы денсаулық сақтау министрі Жақсылық Досқалиев сейсенбі күні президентпен кездесуінен соң мәлім етті, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

«Мемлекет басшысы жаңа міндеттер қойды. Медицинада және алғашқы медициналық-санитарлық көмек көрсету жүйесінде профилактикалық бағыттарды күшейту, халықты сапалы дәрі-дәрмектермен және азық-түлік өнімдерімен қамтамасыз ету жөніндегі міндетті шешу қажет. Осы тапсырманың бәрі әзірленіп жатқан Қазақстанның денсаулық сақтау жүйесін дамытудың 2011-2015 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізін құрайды, - деп айтқан Ж. Досқалиевтің сөздеріне президент баспасөз қызметі сілтеме жасайды.

Ж.Досқалиев президентке министрліктің 2009 жылғы жұмыс қорытындылары туралы хабардар етті. «Өткен жылы сәби мен ана өлімі, туберкулез және жүрек-қан тамырлары жүйесі ауруларының көрсеткіші едәуір төмендеді. Елімізде, «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы» Кодекске сәйкес, Бірыңғай ұлттық денсаулық сақтау жүйесі енгізілуде», - делінген хабарда.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1462
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3229
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5300