Еліміз ЕҚЫҰ-ға төрағалығы барысында Қарабақ кикілжіңінің түйінін тарқатуға...
Еліміз ЕҚЫҰ-ға төрағалығы барысында Қарабақ кикілжіңінің түйінін тарқатуға басымдық бермек. Ереванда екі күндік жұмыс сапарымен болған ҚР Сыртқы істер министрі Қанат Саудабаев осылай деп мәлімдеме жасады. «Біздің президент Нұрсұлтан Назарбаев осы жағдайды реттеу үшін сонау 1991 жылы Қарабақ жеріне келген-ді. Қазақстанда жанжалдасушы тараптарды жақындастыратындай мәмілегерлік ресурс бар», - дей келе, Саудабаев кикілжің аумағындағы әскери күштердің шектесу шебінен мергендер тобын әкету туралы да ойын айтты. Естеріңізде болса, бұл «ыстық нүкте» 1988 жылдың ақпанында, басым бөлігінде армяндар тұратын Таулы Қарабақ автономиялық облысы Әзірбайжан КСР-інен шығамыз деп шу шығарғанынан пайда болды. 1994 жылдан бері әлемдік қауымдастық екі тараптың да көңілінен шығатындай келісім ұсынуда шарасыздық танытып келеді. Ендеше, Саудабаев сөздерінің саяси "понт" болып қалмай, көршілер қырғиқабақтығына оң сеп боларын уақыт еншісіне қалдырдық.