Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Жаңалықтар 5363 0 пікір 25 Ақпан, 2010 сағат 16:11

Салтан СӘКЕН. Есекеев еседі...баға аспандап өседі

Интернет бізде неге қымбат? Сұрақты төтесінен қоймасқа амал жоқ. Бүгінде «Қазақтелеком» компаниясының «Мегалайн» интернет қызметіне қосылғаның үшінгі бір реттік төлемді қоспағанда, тек абоненттік ақының өзі 4 мың теңгеден асады. Мәселен, АҚШ-та және Еуропада интернетке мұндай төлем 5-7 доллар көлемінде ғана. Бізден, шамамен 81 пайызға арзан. Ал іргелес отырған көршіміз Ресейдің өзінде 200-300 рубль. Қыр асса дабыры естілетін орыстардың интернетінен біздің интернеттің несі артық? Төрт есе қымбат болатындай?

Интернет бізде неге қымбат? Сұрақты төтесінен қоймасқа амал жоқ. Бүгінде «Қазақтелеком» компаниясының «Мегалайн» интернет қызметіне қосылғаның үшінгі бір реттік төлемді қоспағанда, тек абоненттік ақының өзі 4 мың теңгеден асады. Мәселен, АҚШ-та және Еуропада интернетке мұндай төлем 5-7 доллар көлемінде ғана. Бізден, шамамен 81 пайызға арзан. Ал іргелес отырған көршіміз Ресейдің өзінде 200-300 рубль. Қыр асса дабыры естілетін орыстардың интернетінен біздің интернеттің несі артық? Төрт есе қымбат болатындай?

Ақпараттандыру және байланыс агенттігінің төрағасы Қуанышбек Есекеев өзінің бір мәлімдемесінде «бүгіндері елімізде интернет пайдаланушысы ретінде тіркелген адам саны 4,7 миллионға жетті» деген болатын. Өткенде «Қазақтелеком» компаниясының басқарма төрағасы Асқар Жұмағалиев те Елбасыға есеп бергенінде телефон желісін орнату саны артып, 3,6 миллионға дейін жеткенін айтып қалды. «Интернет жүйесін пайдаланатындардың қатары 1,8 миллионға өсті, олардың ішінде 1,4 миллионы жаһандық жүйені кең ауқымда пайдаланып отыр. Бұл 2008 жылғы көрсеткіштен екі есеге артық» деп мақтаныш етті. Жыл сайын қарқындап өсіп жатқан интернет қолданушылардан түсетін пайда қанша дейсіз ғой?.. Қыруар. Соңғы төрт жылдың ішінде осы саладағы табыстың көлемі 100 миллионнан 400 миллиард теңгеге дейін өскен. Төрт мың есеге! Бұл мәліметті де Қуанышбек Есекеевтің аузынан алдық. «Біздің болжауымыз бойынша, еліміздегі жаңа технологиялар индустриясына тиісті қолдау жасау арқылы табыс көлемін 25 пайызға дейін, яғни 1 миллиард долларға дейін жеткізуге болады», - деп еді ол былтыр күзде «электронды үкімет» жүйесін енгізу мәселесіне қатысты өткен халықаралық конференцияда.

Өзіңіз көріп отырғаныңыздай, біздің Қазақстан бизнес жасауға шебер. Алдына жан салмайды. Артына да бір қарамайды-ау. Ең құрығанда, біздегі интернеттің жылдамдығы бағасына сай болсашы. Ойдағыдай болмай тұр. Өз деңгейінде емес. Бұқарадан естіп жатқан арыз-шағымдар көп.

Сонымен, бізде неге интернет қымбат? Көбісі қаңғып кеткен «ҚазСат»-тан көреді. Ол аман болғанда, интернетіміз де арзаңға түсер дейді. Десек те, бұның басқа да көлеңкелі тұстары бар шығар. Оны мамандардың аузынан естігеніміз жөн болар.

 

Алтынбек Әбішев, «Алтынсофт» компаниясының құрылтайшысы:

- Мәселен, Қытайда интернеттің бағасы жылына 100 доллар және шексіз жұмыссыз істейді. Арзан болуының себебі, оларда интернет пайдаланушылардың саны жетіп артылады. Біздегі интернет желісінің сапасын жаман деуге болмайды, Аллаға шүкір, бұрынғысынан тәуір, түзеліп келеді. Біздегі интернеттің қымбат болуына бірден бір себеп «Қазақтелеком» компаниясына бәсекелес бола алатын өзі деңгейлес ірі компанияның жоқтығы. Сондықтан да, бәсеке болмаған жерде баға да түсе қоймайды. Бірақ, бұл баға солай болып тұра бермейді. Өйткені, дамыған 50 елдің қатарына қосыламыз десек, интернет желісін қолданушылардың санын арттыруымыз қажет. Ал халықтың басым көпшілігі ауылдық жерлерде тұрғандықтан, біздегі интернет бағасын ауыл тұрғындарының қалтасы көтере бермейді. Сондықтан да, уақыт өте интернет құнын түсіруге бұлар мәжбүр болады.

Интернет бағасын қымбат болуына тағы бір себеп, мемлекет интернет жүйесінің инфрақұрылымына қыруар ақша жұмсады. Енді осы ақшаны ақтап шығу үшін оларға бағаны да жоғары қоюға тура келді.

Жаннур Сатбаев, «Biz Group» компаниясының бас директоры:

- Бізде елімізде жер серігі болмағандықтан біз интернет қызметтерін басқа елдерден сатып алуға мәжбүр болып отырмыз. Ал осы арада жүретін делдалдар интернет қызметі бағасының қымбаттауына себепкер болып отыр. Оның үстіне бізде интернет те даму жағынан кенжелеп қалған. Мәселен, шетелдерде, Қытайда, Америкада тағы басқа елдерде көшенің қай жерінде жүрсеңізде де интернетке шығуға мүмкіндік бар. Өйткені, оларда Wi-Fi және WIMax сияқты сымсыз, жылдамдығы жоғары интернет жақсы дамыған. Бұл технология соңғы буынның бірі саналады. Қазіргі қолданып жүрген интернеттен екі-үш есе арзан. Мәселен, Pathword, Dalacom ұялы байланыс жүйесі не себепті GSM-ға қарағанда арзан дейсіз? Өйткені, бұл жүйе IP-технологиясында жұмыс істейді. Яғни, сымсыз интернеттің қаншалықты арзан екенін осыдан-ақ көруге болады. Ал ол үшін жер серігі қажет. Бүгінде әлем, дамыған елдер ендігі 4G технологиясына көшуде. Ал біз әлі күнге дейін 3G-ға толықтай көше алмай отырмыз.

 

Ысқақ Әбдірахманов, интернет қолданушы:

- Қазақстандағы интернет желісіне көңіліңіз тола ма?

- Расын айтсам, егер біздің елдің интернет жүйесін басқа елдердегімен салыстырмағанда көңілім толады деуші едім. Осыған да шүкір дер едім. Алайда, өзге елдерге қарасам, біздегі интернетке қарным ашады. Естуімше, Ресейдегі интернеттің жылдамдығы біздікінен 4 есе жылдам, бағасы да 4 есе арзан дейді. Осындай жетістікке біз де жетсек, нұр үстіне нұр болар еді.

Астана.

 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2036