Жұма, 22 Қараша 2024
Жаңалықтар 4123 0 пікір 1 Наурыз, 2010 сағат 05:20

Күрті су қоймасының бөгетінің бұзылу қаупіне байланысты эвакуацияланғандарға барлық қажет көмек көрсетілуде – Алматы облысының әкімі

Талдықорған. 1 наурыз. ҚазТАГ– Күрті су қоймасының бөгетінің бұзылу қаупіне байланысты эвакуацтяланған Ақши кентінің тұрғындарына барлық қажет көмек көрсетілуде, деп хабарлады өңір басшысы.

«Апаттан бір де адам зардап шекпеуі тиіс», - деп мәлімдеді Алматы облысының әкімі Серік Үмбетов. Ол Күрті су қоймасының бөгетінің бұзылу қаупіне байланысты өзінің демалысын тоқтатып аймаққа келді.

Әкім «Күрті» бөгетіне барып, жағдайды өз көзімен көрді, деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметі.

ТЖ қызметкерлерінің мәліметтерінше, с қоймасында қазір қалыпты 120 млн текше метрдің орнына 133 млн текше метр су бар.

ТЖ қызметкерлері мен әскери жауынгерлердің күшімен қазір биіктігі 382 метрлік бөгетті құм қапшықтармен бекіту, артық суды айналма арналармен шығару, мұз тоспаларды бұзу амалдары жүргізіліп жатыр.

ТЖ өкілдерінің айтуынша Ақши мен Күртіқұрылыс кенттерінен 6 мыңдай адам эвакуацияланды, бірақ аздаған тұрғындар жергілікті билік өкілдерінің ескертулеріне қарамай өз үйлерінде тұрып жатыр. Адамдар үй мүліктері мен үй шаруашылығындағы күтімді қажет ететін малдарға алаңдап отыр.

Осыған байланысты Балқаш ауданынан 60 тонна жем-шөп пен дәнді мал азығы жеткізіліп, тонау-талаушылыққа орын бермеу үшін тәулік бойғы полиция күзеті енгізілді, деп хабарлады әкімнің баспасөз қызметінен.

Бөгет маңында оперативтік штабтың шұғыл кеңесі өткізіліп, облыс әкімінің бірінші орынбасары Амандық Баталов пен құтқару ведомсвтоларының жетекшілері С. Үмбетовты қалыптасқан жағдаймен және қабылданып жатқан шаралармен таныстырды.

«Осындай қауіп 1969 жылы болып, 1993 жылы қайталанған, сондықтан маған бұл қауіп таныс», - деді облыс әкімі өз сөзінде.

«Ең бастысы бөгет тастан қаланған, және біз оның жобалаушыларымен арнайы кездесіп, бөгет төзімділігінің шегін анықтадық. Олардың айтуынша, бөгет мықтылығы күмән тудырмайды және бүгінгіден де көп су көлеміне төтеп бере алады. Жоғарғы жақтан келіп құйылып жатқан су көлемі бұдан бірнеше күні бұрын тәулігіне 300-350 млн текше метр еді, енді бүгін қысым аздап төмендеп, бүйірдегі су арналарынан келіп құйылған суларды қоса есептегенде 180 – 200 млн текше метр болды. Қанша қабылдасақ сонша төгіп жатырмыз. Бұл жаман емес», - деді С. Үмбетов.

Өңір басшысы Ақши кентінде болып, халықпен кездесіп, эвакуацияланғандардың тұрмысымен, ыстық атмақпен қамтамасыз етуімен, құтқару қызметінің, полиция, дәрігерлердің жабдықтарымен танысты.

Ол журналистерге жағдайды тым үрейлендірудің қажеті жоқ деп айтты.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1460
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3226
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5282