Қажығұмарды елге қайтарып алып, Мемлекеттік сыйлықты беру керек
Ерлан Саиров басқаратын Мәдени саясат және өнертану институты қытайдағы қарт қаламгер алты томдық "Тағдыр" романының авторы Қажығұмар Шабданұлын әдебиет саласы бойынша Мемлекеттік сыйлыққа ұсынған болатын. Қазақтың тағдырын қашанда қақпақылға салып, сайдан қуған саяқтай қылып үйренген саясаткерсымақтар қытай өкіметінің қырағы бақылауына алынып мырза қамақта (үй тұтқыны) отырған Қажығұмарды мемсыйлыққа ұсыну қате болады деп өзара күңкілдескенімен қаламгерлер қауымы ауызбіршілік танытып жатыр. Олар Қажекеңді елге де қайтарып алу керек, Мемлекеттік сыйлықты да беру керек дейді. Өткенде біз осындай талап көтеріп Ашық хатқа қол қойған ақын, жазушылардың тізімін бергенбіз. Сол тізім тағы да толыға түсуде. Суреттерге қараңыз. Сіз де үн қосыңыз. Қазақ қашанғы жүгенсіз жүйенің құрбаны бола береді? Қазақтың көз жасы қашан құрғайды? Жүйенің құрбаны болып келе жатқан бір тағдыр болса, ол Қажығұмар Шабданұлының тағдыры емес пе? Жер бетінде жазықсыз жапа шегіп жылаған шерлі жан болса, ол аңсаған Атажұртына жете алмай зарыққан Қажығұмар Шабданұлы емес пе? Әйткенменде, " Құдай салды, біз көндік" деп көнтерімізді сүйретіп жүре бермелік. Құдай да құлшынған құлын сүйеді. Билікке ауқым туғызып, ықпал етіп, елдігімізді білдіріп, қадірменді ақсақалдың абыройлы сыйлықты иеленіп, Отанына оралуына септігімізді тигізейік.
Ерлан Саиров басқаратын Мәдени саясат және өнертану институты қытайдағы қарт қаламгер алты томдық "Тағдыр" романының авторы Қажығұмар Шабданұлын әдебиет саласы бойынша Мемлекеттік сыйлыққа ұсынған болатын. Қазақтың тағдырын қашанда қақпақылға салып, сайдан қуған саяқтай қылып үйренген саясаткерсымақтар қытай өкіметінің қырағы бақылауына алынып мырза қамақта (үй тұтқыны) отырған Қажығұмарды мемсыйлыққа ұсыну қате болады деп өзара күңкілдескенімен қаламгерлер қауымы ауызбіршілік танытып жатыр. Олар Қажекеңді елге де қайтарып алу керек, Мемлекеттік сыйлықты да беру керек дейді. Өткенде біз осындай талап көтеріп Ашық хатқа қол қойған ақын, жазушылардың тізімін бергенбіз. Сол тізім тағы да толыға түсуде. Суреттерге қараңыз. Сіз де үн қосыңыз. Қазақ қашанғы жүгенсіз жүйенің құрбаны бола береді? Қазақтың көз жасы қашан құрғайды? Жүйенің құрбаны болып келе жатқан бір тағдыр болса, ол Қажығұмар Шабданұлының тағдыры емес пе? Жер бетінде жазықсыз жапа шегіп жылаған шерлі жан болса, ол аңсаған Атажұртына жете алмай зарыққан Қажығұмар Шабданұлы емес пе? Әйткенменде, " Құдай салды, біз көндік" деп көнтерімізді сүйретіп жүре бермелік. Құдай да құлшынған құлын сүйеді. Билікке ауқым туғызып, ықпал етіп, елдігімізді білдіріп, қадірменді ақсақалдың абыройлы сыйлықты иеленіп, Отанына оралуына септігімізді тигізейік. Тағы да ескертеміз: қол қоятын әр адам өзінің аты жөнін анық жазып, электронды поштасын толық көрсетуі керек. Толық тізім тиісті орындарға жіберіледі.
"Абай-ақпарат"