Азық-түлік қауіпсіздігі де бір асқар бел
Дүние жүзі елдерін түгелдей қамтыған қаржылық, экономикалық дағдарыс кезеңінде Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, оны одан әрі тиімді дамыту және елімізде азық-түлік қауіпсіздігін сақтаудың әлеуметтік-экономикалық және саяси мәні зор болып отырғаны белгілі.
Біздің еліміз дүние жүзінің ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін негізгі 25 мемлекеттің қатарына енеді және өзінің ресурстық әлеуеті жағынан қазіргі деңгейден 3-5 есе артық өнім өндіруге мүмкіндігі бар екені белгілі. Сонымен қатар, сарапшылар аграрлық сектор есебінен ІЖӨ-нің өсімі жаһандық дағдарыс салдарынан болып отырған кедейшілікті азайтуға басқа секторлардың ІЖӨ-нің өсуіне әсер етуі жағынан 4 есе тиімді болатынын нақты жобалармен айқындап беріп отыр. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның аграрлық секторында шешімін күтіп тұрған күрделі әлеуметтік-эконо¬ми¬калық проблемалар да жоқ емес.
Елбасы өзінің 2009 жылдың 6 наурызындағы Жолдауында аталған саланы ұтымды түрде дамытуға барын¬ша мән беріп, “Агроөнеркәсіптік ке¬шен туралы айрықша айтқым келеді, оның дамуы арқасында біз бір мезгілде еліміз үшін аса маңызды екі міндетті – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және экспортты әртараптандыруды шешеміз”, деп ерекше атап көрсетті.
Дүние жүзі елдерін түгелдей қамтыған қаржылық, экономикалық дағдарыс кезеңінде Қазақстанның агроөнеркәсіп кешенінің тұрақтылығын қамтамасыз етіп, оны одан әрі тиімді дамыту және елімізде азық-түлік қауіпсіздігін сақтаудың әлеуметтік-экономикалық және саяси мәні зор болып отырғаны белгілі.
Біздің еліміз дүние жүзінің ауылшаруашылық өнімдерін өндіретін негізгі 25 мемлекеттің қатарына енеді және өзінің ресурстық әлеуеті жағынан қазіргі деңгейден 3-5 есе артық өнім өндіруге мүмкіндігі бар екені белгілі. Сонымен қатар, сарапшылар аграрлық сектор есебінен ІЖӨ-нің өсімі жаһандық дағдарыс салдарынан болып отырған кедейшілікті азайтуға басқа секторлардың ІЖӨ-нің өсуіне әсер етуі жағынан 4 есе тиімді болатынын нақты жобалармен айқындап беріп отыр. Осы тұрғыдан алғанда Қазақстанның аграрлық секторында шешімін күтіп тұрған күрделі әлеуметтік-эконо¬ми¬калық проблемалар да жоқ емес.
Елбасы өзінің 2009 жылдың 6 наурызындағы Жолдауында аталған саланы ұтымды түрде дамытуға барын¬ша мән беріп, “Агроөнеркәсіптік ке¬шен туралы айрықша айтқым келеді, оның дамуы арқасында біз бір мезгілде еліміз үшін аса маңызды екі міндетті – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді және экспортты әртараптандыруды шешеміз”, деп ерекше атап көрсетті.
Қазақстанның агроөнеркәсіп кешені, оның негізгі құрамы – ауыл шаруашылығы, соңғы жыл¬дары дүние жүзіне кең тараған қаржы-экономикалық дағдарыстың күшті ықпал етуі жағдайында дамып отырғаны белгілі. Деген¬мен, дағдарыс аясының кеңеюі мен күрделенуі, отандық аграрлық жүйеге дер кезінде мемлекет тарапынан көрсетілген көмектің нәтижесінде кейбір елдердегідей бұл сала рецессияға ұшыра¬май, белгілі бір деңгейде даму қарқынын бәсеңдеткен жоқ. Сонымен қатар, соңғы жылдары ауылшаруашылық өнімдері көлемінің ұлғаюы байқалады. Өндірілген өнім ағымдағы бағалармен есептегенде 2007 жылы 1,1 трлн. теңге деңгейінде болса, 2008 жылы 1,3 трлн. тең¬ге болып 18,2% өскен, ал 2000 жылмен са¬лыс¬тырғанда 3,3 есеге өскен.
Аграрлық секторды мемлекет тарапынан қол¬дау мақсатында 2008 жылғы бөлінген қа¬ражат 2007 жылмен салыстырғанда 1,7 есе ұл¬ғайды, оның ішінде тікелей қолдауға (суб¬сидия) бөлінген қаржы 2,0 есе, кредит ретінде берілгені 2,2 есеге өсті. Соның нәтижесінде аса қажетті дақылдардың егістік көлемін ұлғайтуға, агроөнеркәсіп жүйесін технологиялық және тех¬никалық жағынан жарақтандыруға мүмкін¬діктер туды. Әсіресе елімізде жетіспейтін өнім түр¬лері – майлы дақылдар, қант, көкөніс, же¬міс-жидек өнімдерін одан әрі дамытуға ерекше көңіл бөлінді, яғни өсімдік шаруашылығын әртараптандыру мақсатында аса қажетті дақылдардың егістіктерін ұлғайту жұмыстары жүргізілді. Соның нәтижесінде 2008 жылы 2007 жылға қарағанда майлы дақылдар егістігі – 35%, көкөніс, жеміс-жидек – 17%, қант қызылшасының егістігі 39% өсті.
Еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін сақтау мақсатында “Азық-түлік корпорациясы” АҚ арқылы дәнді дақылдарды мемлекеттік қорға отандық тауар өндірушілерден нарықтық баға¬мен сатып алу мақсатында бюджеттен 12,0 млрд. теңге қаражат бөлінді. Мал шаруашы¬лы¬ғы жүйесінде де оңды өзгерістердің қалып¬тас¬қаны байқалады. Мысалы, 2008 жылы 2007 жылмен салыстырғанда мүйізді ірі қара мал 2,8% көбейген және сәйкесінше қой мен ешкі – 5,0%, шошқа – 1,0%, жылқы – 6,0%, түйе-3,4% және құс 10,5% өскен. Дегенмен мал ша¬руа¬шылығында асыл тұқымды малдың үлес салмағы әлі күнге дейін төмен деңгейде қалып отыр және оның деңгейі төмендегідей: мүйізді ірі қара – 4,3%, қой мен ешкі – 7,4%, жылқы – 2,6%, түйе – 10%. Ал ғылыми негізге немесе озық тәжірибеге сүйенсек, сапалы өнім алу үшін асыл тұқымды мал басының үлес салмағы 30% кем болмауы қажет. Сонымен қатар, мал ша¬руашылығын ұтымды дамытуды тежеп отырған басқа да факторлар бар. Мысалы, 2007 жылы жүргізілген бірінші ұлттық ауыл шаруа¬шы¬лығы санағының мәліметтері бойынша ауыл¬дық өңірдегі үй шаруашылығында мүйізді ірі қараның – 85%, қой мен ешкінің – 77,0%, жылқы мен шошқаның 79,0% шоғырланған екен. Яғни бұл жүйеде заман талабына сай өнім өндіру мен оны өңдеудің өндірістік озық технологиясын ендіру үшін арнаулы орта және ірі кәсіпорындар жүйесін қалыптастырудың қажеттігі туындап отыр.
Сондықтан мал шаруашылығын әртарап¬тан¬дырып, одан түрлі өнімдер өндіру мен оны экспортқа шығару мақсатында “Мал өнімдері корпорациясы” АҚ және бизнес құрылым¬дар¬дың қатысуымен қазіргі талапқа сай мал бор¬дақылау алаңдарын және оған қажетті ин¬фра¬құрылым жүйелерін құру көзделген. Осы мақ¬сатты жүзеге асыру үшін 2008 жылы республи¬қа¬лық бюджеттен елімізде 30 сүт және ет өндіретін тауарлы ірі фермаларды құруға қажет негізгі құрал-жабдықтарды сатып алуға 5,0 млрд. теңге және олардың айналым капиталын толтыруға мемлекет тарапынан 5,3 млрд.теңге қаражат бөлінген. Тауарлы сүт өндіру ферма¬ларын асыл тұқымды мүйізді ірі қарамен, ал мал бор¬да¬қылау алаңдарын және ет комбинаттары озық үлгідегі техникалық жабдықтармен қамтамасыз етіліп, халық¬ара¬лық стандарттарға сай ке¬летін мал өнімдерін экс¬портқа шығаруын ұлғайтуды жолға қою көзделіп отыр.
Айта кететін жағдай, соңғы жылдары ауылша¬руа¬шылық өнімдерін тереңдетіп өңдеу үдерісін мемлекет та¬рапынан қолдау нәтижесінде ілгерілеу бар. Мысалы, 2007 жылы 2002 жылмен салыс¬тырғанда ауылшаруашылық өнімдерін өндірістік өңдеу¬дің үлес салмағы бойынша оларды елімізде шикізат ретінде өндірілген жалпы көлеміне шаққанда өсу тенденциясы байқалады. Мы¬салы, сүтті өңдеу 10,8%-дан 33,0%-дейін өскен, ал сәйкесінше ет – 13,6 және 24,0%, майлы дақылдар – 50,4 және 98,0%.
Дегенмен кейбір ауылшаруашылық өнімін шетелден сатып алу, яғни импорттың үлесі әлі де жоғары болып отыр. Ол шұжық өнімдері бой¬ынша – 45,0%, консервіленген көкөніс, жеміс-жидек – 80%, құс еті – 70%, өсімдік майы – 35%. Жоғарыда аталған өнімдерді өзімізде өндіруге толық мүмкіндік болса да шетелден әкелуге мәжбүрміз. Сондықтан да азық-түлік импорты 2007 жылы 2,3 млрд. АҚШ долларын құрған.
Азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесі қазіргі орын алған экономикалық дағдарыс кезінде одан әрі шиеленісе түсуі мүмкін. Сондықтан да алда шешуін күтіп тұрған ең күрделі мәселе – бұл агроөнеркәсіп кешенінің бүгінгі даму деңгейін төмендетпей, одан әрі тұрақты даму үдерісін қамтамасыз ету үшін мемлекет тарапынан қолдауды күшейту.
Әлемдік экономикалық дағдарыс кезінде ауыл шаруашылығы саласын одан әрі дамыту үшін 2009-2011 жылдары республикалық бюджеттен 350 млрд. теңге болу көзделген. Оған қосымша агроөнеркәсіп кешенін қолдауға және одан әрі дамытуға “ҚазАгро” холдингінен 1,0 млрд. доллар (150 млрд теңге) көлемінде қаражат қарастырылған. Бұл іс-шараларды әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациялармен біріге отырып жүзеге асыру көзделген. Мемлекет тарапынан бөлінетін инвес¬ти¬цияны бірінші кезекте жұмыс істеп тұрған және өнімі экспортқа бағытталған кәсіпорын¬дар мен салаларға жұмсау қарастырылған.
Елімізде азық-түлік қауіпсіздігін толық қам¬тамасыз ету проблемасын шешудің ма¬ңызды бөлігі – ол рыноктағы тұтыну бағасын тұрақтандырып, оны халықтың басым көп¬ші¬лігінің¬ қолы жететіндей деңгейден асырмауды қамтамасыз ету болып табылады. Азық-түлік қауіпсіздігі дегенде, біз көбінесе отандық өнімдер көлемінің халықтың тұтыну сұра¬нысын қанағаттандыруы тұрғысынан қараймыз да, оның шешуші көрсеткіші – халықтың сол өнімдерге экономикалық тұрғыдан қол жеткізу мүмкіндігін, яғни олардың бағасының халық¬тың табысына сәйкес болуын ескере бермей¬міз. Демек, ауылшаруашылық өнімдерін өн¬діру¬ді ұлғайтумен қатар, халықтың әл-ауқатын жақ¬сартуда да экономикалық даму тетіктерін жүйелі үйлестіре жүргізу қажет.
Бұл мәселені жүзеге асыруда төмендегідей жағдайларды ескеру қажет сияқты. Еркін рынок жағдайында кез келген тауарға баға сұраныс пен ұсыныстың арақатынасы негізінде реттеледі деген түсінік бар екені белгілі. Әлемдік тәжірибе көрсеткендей, нарықтық экономика жолымен дамыған елдерде эко¬номикалық жүйенің толыққанды жұмыс істеуі үшін тек қана ерікті баға саясаты жүргізілмейді. Әлеуметтік-экономикалық маңызы зор, соның ішінде халыққа аса қажет азық-түлік түрлерінің бағалары мемлекет тарапынан тікелей де және жанама жолдармен де үнемі реттеліп отырады. Нарықтық экономика жағдайында тауар ұсынысының көлемі мен оның сұраныс деңгейінің арақатынасы бағаны өзі реттейді деген қағиданың ғаламдық интеграция мен бәсекелестіктің күшеюі жағдайында үнемі жүзеге аса бермейтін соңғы жылдардағы күрделі әлеуметтік-экономикалық өзгерістер көрсетіп отыр. Сонымен бірге оның ішкі рынокқа, жалпы еліміздің экономикасына да кері әсерін тигізетіні анық. Осы орайда айта кететін бір жәйт – ол халық арасында тұтыну ба¬ғасының өскені ауылдағы тауар өндіруші¬лер¬дің толық пайдасына шешіледі деген үстірт пікір қалыптасқандығы. Нақты мәліметтерге жүгінсек, өнімді сату бағасы жылдан-жылға өсіп келеді, бірақ оның қарқыны базардағы, дү¬кендердегі тұтыну бағасының өсу қарқы¬нынан әжептеуір кем. Мысалы, 2008 жылы ауылдағы мал өнімдерінің бағасы алдындағы жыл¬мен салыстырғанда 17-18 % өссе, базар¬дағы сүт бағасы – 41% , еттің бағасы – 30-33%, құс еті – 42%, жұмыртқа 35 % өскен. Бұның себебі, өнім өндірушілер мен оны тұ¬ты¬нушылар арасында жүрген делдалдардың, алып¬сатарлардың көптігі, ауылшаруашылық өнімдерін орталықтандырылған жүйемен ша¬руалардан кепілді бағамен сатып алудың және көтерме сауда базарларында, бөлшек сауда орындарында ұтымды жүйенің қалыптаспауы. Қазіргі жағдайда азық-түлік базарларына өнім өндірушілер тікелей өздері шыға алмайды. Сондықтан мемлекет ауыл шаруашылығын қаржылай қолдауды күшейте отырып, дамыған шетелдердегідей ауылшаруашылық өнімдері мен азық-түлік бағасын тікелей және жанама түрде реттеу механизмдерін қолдануы керек.
Дамыған мемлекеттердің тәжірибесіне қа¬ра¬сақ, олардағы баға реттеу тетіктері тек тауар өндірушілердің ғана мүддесін емес, сонымен бірге тұтынушылардың да мүддесін қорғауға және импортты шектеуге бағытталған. Мысалы Жапония ауыл шаруашылығының негізгі өнімдерінің бірі күрішті ел ішінде өз тауар өндірушілерінен ынталандыру мақсатында әлемдік бағалардан 6-8 есе жоғары бағамен са¬тып алады. Сонымен қатар бұл өнімнің импор¬ты¬на шектеу де қойылған. Біздің республикада да азық-түліктің бағасын реттеу мен оның тұрақты қорын жасау үшін ауылшаруашылық өнімдерінің біраз көлемін (әлеуметтік маңызды түрлерін) мемлекет кепілді бағамен, өнім өндірушілерден (шаруалардан) сатып алу механизмін енгізу қажет деп ойлаймыз.
Айта кететін жағдай, мемлекет қорына ас¬тық сатып алу жұмысын жүргізуде Азық-түлік корпорациясы соңғы жылдары тиімді нәтижеге жетіп жүр. Бірақ оның сатып алу көлемі жылы¬на 1,0 -1,2 млн. тоннадай ғана болған соң, астық рыногындағы бағаның деңгейіне үлкен әсер ете алмайды. Сондықтан, бұл мемлекеттік кәсіпорын астықты сатып алу көлемін 3 млн. тоннаға жеткізсе (оның 2,5 млн. тоннасы азық үшін, 500 мың тоннасы – астық қоры), ішкі рыноктағы астық пен астық өнімдерінің тұты¬ну бағасын тұрақты бір деңгейде ұстауға мүм¬кіндік туар еді.
Осы орайда, еліміздің негізгі ауылшаруа¬шы¬лық өнімдерінің бірі, астықтың мемлекеттік тұрақты қорын жасаудың маңызы зор. Өйткені астыққа елімізге қажетті ішкі сұраныс қана емес, сыртқы рыноктағы сұраныстың да өте жо¬ға¬ры екені белгілі. Мысалы, 2007 жылдың күзінен бастап шетелдерде астыққа деген сұра¬ныс¬тың көбеюінен, оның бағасы 3-4 есе күрт өсіп кетті. Соның салдарынан еліміздегі жи¬нал¬ған астықтың экспортқа шығарылуы шек¬тен тыс белең алып, ішкі сұранысқа қажетті ас¬тықтың тапшылығы байқала бастады. Атал¬ған жағдайды реттеуде сол кезде ішкі астық ры¬ногын мемлекет тарапынан тұрақтан¬ды¬ру¬дың тиімді тетіктері жеткіліксіз болып шықты. Соның салдарынан нан өнімдерінің бағасы екі-үш айдың ішінде 2 есеге өсіп, мал өнімдерінің өзіндік құны мен бағасы 20-30% өсті.
Жоғарыда аталған күрделі жағдайларды рет¬теу, шетелдерде мемлекеттік қорға астықты жет¬кілікті мөлшерде сатып алып, қажет кезінде тауарлық (астық) интервенция жүргізу арқылы ұтымды түрде шешімін табатыны белгілі. Тауар¬лық интервенция – ұсыныс азайып не¬ме¬се сыртқы сұраныс көбейіп, әлемдік баға күрт өсіп, экспорт көлемі ұлғаю салдарынан ішкі рынокта жетіспеушілік байқалып, тұтыну бағасы шамадан тыс өскен жағдайда жүр¬гі¬зі¬ле¬ді. Осыған орай, біріншіден, астықтың тұрақ¬ты қорын жасау, екіншіден, ауылшаруашылық өнімін өндірушілерден тікелей мемлекеттік мекемелерге (арнаулы тұтынушылар, жабық мекемелер) қажет өнімдерді (картоп, көкөніс, сүт, т.б.) тұтыну көлеміне сәйкес сатып алып, бюджеттен қаржыландыратын мекемелерді (әскери бөлімдер, жабық мекемелер, аурухана, бала-бақша т.б) толық қамтамасыз ету керек. Бүгінде олар азық-түлікті ашық тендер арқылы немесе делдалдардан тым жоғары бағамен сатып алуда. Бұл жағдайда жемқорлыққа тосқауыл қою қиындай түсетіні де анық.
Егер мемлекет бұл мәселені өз құзіретіне алса, біріншіден, көптеген мемлекет қаржысы үнемделер еді, екіншіден, ауылшаруашылық тауарларын өндірушілер үшін бұл өнімдердің кепілді, тұрақты сату көзі болып табылар еді. Қо¬рыта айтқанда, болашақта ауыл шаруа¬шы¬лы¬ғын қолдауға мемлекет тарапынан бөлінетін қаржының көлемін көбейтумен қатар, суб¬си¬дия бөлу мен бағаны реттеу тетіктерін жетіл¬діру – азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету¬дің маңызды факторлары болып қала бермек.
Авторы: Алпысбай СЕЙДАХМЕТОВ, Т.Рысқұлов атындағы Қазақ экономикалық университетінің "Экономика" кафедрасының меңгерушісі, профессор.
“Егемен Қазақстан” газеті №184-187 (25584) 27 мамыр 2009 жыл