Синоптиктер Қазақстан аумағында тұманды болады деп болжап отыр
Алматы. 3 наурыз. ҚазТАГ – Сәрсенбі күні Қазақстан территориясының басым аумағы антициклон ықпалында болады, республиканың тек оңтүстігі ғана атмосфералық тұтас ағым ықпалында болады, деп хабарлайды ТЖМ.
Жамбыл, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, түнде Ақтөбе облысында кей жерлерде тұман түседі. Қызылорда, Батыс Қазақстан облыстарында – кей жерлерде жел 15-20 м/с болады. Алматы облысында кей жерлерде тұман түсіп, көктайғақтанады деп болжануда.
Жақын күндері қатты нөсер күтілуіне байланысты Оңтүстік Қазақстан облысының тау бөктеріндегі өзендерде қызылсу тасиды деп күтілуде. Жамбыл және Алматы облыстарының таулы өзендерінде су деңгейі құбылып тұрады. Сырдария, Шу, Іле, Қаратал мен басқа да өзендерде сең бұзылып, жекелеген өзендерде мұз тоспалар пайда болып, су деңгейі күрт көтерілуі мүмкін.