Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2679 0 пікір 14 Наурыз, 2010 сағат 07:35

Урангейт: ресейліктердің қатысы қаперге алынған жоқ

Сонымен екі  айға созылған «Қазатомпромның» бұрынғы басшысы Мұхтар Жәкішовке (суретте) қатысты сот аяқталған сияқты. Астана қаласы Сарыарқа аудандық соты Нұржан Жолдасбеков жабық есік жағдайында Мұхтар Жәкішевті 14 жылға, оның күзетшісі Талғат Қыстаубаевты 5 жылға бас бостандығынан айыру туралы үкім шығарды. Судья  Жолдасбеков прокуратура сұраған жаза мерзімін бір мысқал да кеміткен жоқ әрі мемлекеттік айыптаушының талабын қанағаттандырып Мұхтар Жәкішовты «Құрмет» орденінен, Талғат Қыстаубаевты полиция майоры шенін айырды.

Жәкішовтің адвокаты Нұрлан Бейсекеев судьядан сот отырысының ашық болуын сұрап, өтініш жазған болатын. Алдын ала сот үкімі 15 наурызда шығарылады деп хабарланғанымен, үкім 12 наурызда жария етілді. Үкім шығатын күн ауыстырылса да, Сарыарқа аудандық сотына халық көп жиналды. Сот ғимаратының алдына саясаткер Зәуреш Батталова, «Азат»ЖСДП филиалының жетекшісі Серікбай Әлібаев, «Алға» партиясының мүшелері және т.б. қоғамдық ұйым өкілдері келді. Зәуреш Батталова: «Билік сот үкімі шығатын күнді алдын ала 15 наурызда деп белгілеп, сосын оны өзгертуі бекер емес. Қулық жасап отыр. Егер сот үкімі дүйсенбіде шыққанда, бұдан да көп халық жиналатын еді. Халықтан қорқып, әдейі шатастыру үшін істеп отырған биліктің айла- тәсілі бұл»,- деді.

Сарыарқа аудандық сотының табалдырығын екі ай тоздырған Мұхтар Жәкішовтің зайыбы Жәмила да сот процесіне жіберілмеді. Сот процесінің ашық өтпегеніне өкпесі қара қазандай қоғамдық ұйым өкілдері: «Тым болмағанда, Жәкішов пен Қыстаубаевтың (Жәкішовтің оққағары Талғат Қыстаубаевқа пара алған деген айып тағылған) әйелдері сот процесіне қатыссын» деп нарызылық білдіріп, сот залының есігін жарты сағат бойы тасырлатты. Жарты сағаттан соң, ғимаратқа ОМОН жасақшалары баса көктеп кірді. ОМОН жасақшыларының командиріне Зәуреш Батталова: «Біз қандай қоғамда өмір сүріп жатырмыз? Халыққа сот процесінің жабық не ашық өтетінін неге жеткізбеді? Жабық түрде өтетінін білгенде, басқаша қам жасайтын едік қой. Сот үкімінің жабық түрде жариялануы Конституцияға қарама- қайшы келеді. Бұл біздің конституциялық құқымызды аяққа таптау. Жәкішовтің сотына зайыбының қатыстырылмауы оның конституциялық құқығын шектеу болып табылады»,- деді. Жәмила Жәкішова: «Сот үкімінің жабық есік жағдайында жариялануы және сот үкімін естуге бұқаралық ақпарат құралдарының жіберілмеуі күйеуімнің судан таза, сүттен ақ екенін дәлелдейді. Егер күйеуім қандай да бір қылмыстық іске қатысы бар болса, оны неге халықтан жасырады? Мұхтардың кінәсіз екенін осыдан- ақ аңғаруға болады»,- деді.

Жоғары сот төрағасы Әлімбеков жаңа қызметіне кіріскенде бұдан былай барлық (қылмыстық, азаматтық) сот процестерінің  ашық болатынын дүйім жұртқа теледидар арқылы хабарлаған еді. Алайда, Жәкішовтың соты теледидар тұрмақ жанашыр жақындары қатыса алмаған жабық күйде өтті.

Айтпақшы, урангейт аталып кеткен Жәкішовтың ісіне  ресейліктердің қатысы бар деген сөз шыққан еді. Бұл жайтты Жәкішовтың өзі жария еткен. Бірақ, Жәкішовтың басын пәлеге қалдырған ресейліктер туралы әңгімені сот отырысы бірде бір рет қаперіне  алған жоқ.

Перизат Әмір,

Астана

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5409