Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2425 0 пікір 15 Наурыз, 2010 сағат 20:40

Қазаққа ЖАҒЫМПАЗДЫҚ қайдан жұққан?

Орта ғасырларда Ресейде алғаш рет болған шетелдiктер орыстардың мiнез-құлқы туралы көптеген деректер жазып қалдырған. Ондағы мәлiметтердiң кейбiрi әлi де өзектi. Мәселен, мұндағы «Орыстар бөгде тiлдi үйренуге бейiм емес. Тiптi өзара әңгiмелескенде де ешқашан өзге тiлдi араластырмайды» деген сөздерден елiмiздегi орыс ағайындардың қазақ тiлiн неге үйренгiсi келмейтiнiн бiлуге болатындай. Мүмкiн, ана тiлiн бiлмейтiн немесе үйренуге ұмтылмайтын өз қандастарымыздың қылығын да ұлттың бойындағы осындай мiнез ерекшелiгiнен көру керек шығар?.. Төмендегi материалда орыстар туралы жазған шетелдiктердiң қысқа пiкiрлерi ғана қамтылды.

 

Қазiр бiз өмiр сүрiп отырған қоғамда қазақ мүддесiне атүстi қарайтын жаман әдет қалыптасты. «Айғайлай-айғайлай, қасқырдан да ұят болды» деген екен баяғыда бiреу. Тiл, дiн мен дiлдiң қазiргi күйiн ашына жазған қазақтiлдi ақпарат құралдарының материалдарына бұқара бұрынғыдай елеңдемейтiн болды. Жұртты немқұрайдылық басып барады. Шетелден келетiн­дердiң Қазақстаннан Ресейдiң әлдебiр губерниясына келiп-кеткендей әсермен қайтатыны осыдан.

Орта ғасырларда Ресейде алғаш рет болған шетелдiктер орыстардың мiнез-құлқы туралы көптеген деректер жазып қалдырған. Ондағы мәлiметтердiң кейбiрi әлi де өзектi. Мәселен, мұндағы «Орыстар бөгде тiлдi үйренуге бейiм емес. Тiптi өзара әңгiмелескенде де ешқашан өзге тiлдi араластырмайды» деген сөздерден елiмiздегi орыс ағайындардың қазақ тiлiн неге үйренгiсi келмейтiнiн бiлуге болатындай. Мүмкiн, ана тiлiн бiлмейтiн немесе үйренуге ұмтылмайтын өз қандастарымыздың қылығын да ұлттың бойындағы осындай мiнез ерекшелiгiнен көру керек шығар?.. Төмендегi материалда орыстар туралы жазған шетелдiктердiң қысқа пiкiрлерi ғана қамтылды.

 

Қазiр бiз өмiр сүрiп отырған қоғамда қазақ мүддесiне атүстi қарайтын жаман әдет қалыптасты. «Айғайлай-айғайлай, қасқырдан да ұят болды» деген екен баяғыда бiреу. Тiл, дiн мен дiлдiң қазiргi күйiн ашына жазған қазақтiлдi ақпарат құралдарының материалдарына бұқара бұрынғыдай елеңдемейтiн болды. Жұртты немқұрайдылық басып барады. Шетелден келетiн­дердiң Қазақстаннан Ресейдiң әлдебiр губерниясына келiп-кеткендей әсермен қайтатыны осыдан.

Мемлекеттiк идеологияның өзi «бiртұтас қазақ мемлекетiне» емес, «көпұлтты Қазақстан халқының береке-бiрлiгiне» қызмет етуге негiз­делген. Ұлтты ұйыстыруға тиiс зиялылар мен шенеунiктерден де жұрт аталы сөз естуден қалды. Себебi, олардың өзi кейiнгi жылдары ұлттық мүд­деге үрке қарайтын «ауру» та­уып алды. Тiлге, дiнге қатысты дүние­лердi талап ете қалсаң: «Ойбай, Қаз­ақстанда жүздеген ұлт тұрады, олар­дың көңiлiне де қарау керек», - деген дүбәра жауап аласың. Өстiп ұлттық мүдде десе ат тонын ала қа­шатын әлемдегi ең көңiлшек шенеу­нiктердi қалыптастырдық.

Тiл демекшi, кейiнгi кездерi мемлекеттiк тiлдiң өркендемей жат­қанын орыстардан көретiндер көп. Билiк бейқам болған соң, орекең­дердi кiнәлай беру де жөнсiз. Талап күшейiп, барлығына мемлекеттiк тiлдi бiлу мiндеттелсе ғана республикадағы диаспора атаулы заңның бұйырғанына ерiксiз мойынсұнады.

Дегенмен елiмiздегi тiлдiк ахуалды қалыптастыруда орыстiлдi­лердiң өзiндiк ықпалға ие екенi рас. Олардың мемлекеттiк тiлдi үйренбей жатқанын немесе оны меңгеруге талпынбай отырғанын ұлттық психологиядан да көруге болады. Мәселен, өркениеттi Еуропа орыстардың мiнез ерекшелiктерiне баяғыда назар аударған. Төмендегi жазбаларда орта ғасырларда Ресейде ал­ғаш рет болған шетелдiктердiң ондағы жергiлiктi халықтың ментали­тетi туралы жазып қалдырған қы­зықты деректер берiлдi. 1549 жылы Ресейде дипломатиялық қызмет атқар­ған австриялық Сигизмунд Герберштейн бiздiң құдай қосқан көр­шiмiз туралы былай деп жазыпты:

«Орыс патшасы өзiне қарасты тұрғындарды қалай билесе, дiн өкiлдерiне де солайша әмiр жүргiзедi. Патша не iстесе де, олар оған құдайдың қалауын жеткiзушi ретiнде бойсұнады. Әлдебiр тұтқынның мәселесi сөз болса, әлбетте, «Құдай қаласа, босайды» деген жауап қайтарылады. Егер бiреу өзi бiле бермейтiн нәрсе жайында сұраса немесе күмәндi жайтты бiлгiсi келсе, оған көбiне: «Ол Құдай мен ұлы патшаға ғана мәлiм», - деп жауап берiледi.

Орыстардың адам түсiне бер­мей­тiн мiнезi көп. Кейде «осындай қотиын, бiрбеткей мiнездi халық тиран-патшаға шынымен де мұқтаж шығар, я болмаса бұлар патшаның қатыгездiгiнен өстiп қатал мiнездi болып қалыптасқан болар» деген ой келедi. Соғыста да олар асығып, тобыр болып шабуыл жасайды да, қарсыластарына лайықты тұрыстық бере алмайды. Тұрыстық берген күннiң өзiнде де тығылып келiп, тұтқиылдан тиедi. Жер бетiнде осындай қатал өмiрге бейiмдел­ген халық әсте жоқ шығар.

Мен бiр орыстың: «Егер ұрып-соқ­пайтын болса, еркiндiкке қарағанда, түрмедегi өмiр әлдеқайда көңiлдi», - дегенiн естiдiм. Себебi, түрмеде тамақ дайын. Ал бостандықта тамақ табу үшiн, оларға бейнеттенуге тура келедi. Мұнда тұрмыстары адам төзгiсiз кедейлер өте көп. Мен олардың тұздалған балық пен балықтың өзге түрлерiн қалай қорек етке­нiн көрдiм. Олар иiстенген балықты бұдан артық қандай жақсы тамақ болуы мүмкiн деп, тамсана жейдi.

Орыстар ырымшылдыққа жақын грек заңымен ғұмыр кешедi. Орыс шiркеулерiнде мүсiн атаулы кездеспейдi. Барлығы сурет түрiнде бейнеленген. Орыстар олардың құдiретiне пұтқа та­бын­ғандай, көзсiз сенедi. Олар бiздi жарым-жартылай христиан санап, өздерiн күнәсiз сәбилердей сезiнедi.

Орыстар бөгде тiлдi үйренуге бейiм емес. Тiптi өзара әңгiме­лескенде де ешқашан өзге тiлдi араластырмайды. Шiркеулерiнде ғибадат орыс тiлiнде жүредi. Пiрәдарлары қасиеттi кiтапты оқып жатқанда, былайғы жұрт өзара күбiрлесу­мен болады. Оның сөзiн ешкiм тыңдамайды. Себебi, түсiнбейдi. Ал құлшылықтың соңында шiркеу қызметкер­лерiне қосыла: «Господи, помилуй», - деп жамырап кетедi».

«Ұлы да құдiреттi орыс патшасы туралы кiтаптың» авторы, алғаш­қы орыс елшiлiгiн Англияға апара жатқан кезде қаза тапқан әрi Солтүстiк Двина арқылы Ресейге жол ашқан ағылшын кеме флотының басшысы Ричард Ченслер 1553 жылы ресейлiктер туралы мынандай естелiк қалдырған:

«Олар өз әйелдерiн басқа жұрт­тардай құрметтемейдi. Әйтеуiр, құлдардай емес, тәуiрлеу қарайды. Мансапты мәскеулiктер өз әйелдерiн қатты қызғанады. Оларды той-томалаққа жiбер­мейдi. Тiптi шiркеу­дiң өзiне әзер босатады. Әйел­де­рiнiң жатжер­лiк­терге ықыласы күштi. Жылы сөйлеп, жақсылап сұрасаңыз, сiз­бен тар төсегiн бөлiсуге әркез дайын. Мәскеу­дегi Венеция сенатының елшiсi Марко Фоскарино (1557 жылы жазылған) бұл жө­­­нiнде: «Олар iшкi­лiкке құмар. Тiп­тi кейде қат­ты сiлтеп жiберiп, өзара жанжалдасатын және арақ­тың әсерiнен үйлерге өрт қоя­тын кездерi жиi болып тұрады», - деген.

Мәскеудегi жатжұрттықтардан құралған ротаның командирi француз Жак Маржерет те 1607 жылы жергiлiктi халықпен танысқаннан кейiнгi әсерiн былайша қағаз бетiне түсiрiптi:

«Орыстардың рухани деңгейiне, әдет-ғұрыптары мен өмiр салтына көз жiберсеңiз - оларды варварларға жатқызудан басқа амалыңыз қалмайды. Ақыл жағына келер болсақ, орыстар шынымен де тапқыр әрi ұрымтал болып келедi. Бiрақ олар ақылдарын жақсы iс пен өнегелi өмiр сүруге жұмсамайды. Пайда көру мен бiреуге жағуға жақындау. Олар екiжүздi, бiрбеткей, ұятсыз әрi барлық жаман әдетке үйiр келедi. Құқықтың орнына күшке жүгiнуге бейiм. Олардың тапқырлығы мен әккiлiгi әсiресе сауда-саттықта жақсы байқалады. Жақынын алдау үшiн қулық пен екiжүздiлiктiң небiр түрiне барады. Ал оларды алдағысы келген адам мiндеттi түрде асқан тiс­қаққан болуы керек. Шындықтан қашып, өтiрiкке жиi жүгiне­тiн­дiктен, олар бәрiне күдiкпен қа­райды. Оларда өздерiн алдағандарды барынша мақтап, шебер деп танитын әдет бар».

Төмендегi келесi деректе тұт­қын­ға түскен швед армиясының полк дiндары Генрих Седебергтiң 1718 жылы жазған естелiгi берiлдi:

«Орыс, негiзiнен, барлық iсте табиғи ақылымен дараланады. Олардың көбiсi шешен болып келедi. Кез келген шаруада оның өзiне пайдалы тұсын ғана екшеп алатын әбжiлдiгi бар. Қатардағы орыс шетелдiктер­мен iстес болса, бас пайдасы мен жатжұрттықтарға қалай жақсы көрiну жағын ойлайды. Байқампаз, адамның iштегi есебiне көз жүгiрте бiлетiн олар, қарсыласының осал тұсын аңғарса, асқан шеберлiкпен оны өз мақсатына пайдалана қояды. Бәлкiм, қытайлардан кейiн адамға соншалықты құрмет бiл­дiретiн орыстардан өзге жұрт жоқ шығар. Қа­тар­да­ғы азамат өзiмен тең­десiн ке­зiк­тiрсе де, бас иiп, iлти­патпен ел­пектеп жатады. Мұн­дай әдеттi олар бұрынғы жеңiм­паздары мен қожайындары, Алтын орданың татарларынан тапқан болуы керек».

Ресейдегi француз дипломаты Мари Даниэль Корберон 1777 жылы орыстардың мiнез ерекшелiктерi мен олардың өмiр салтына тоқтала келе, былайша сөз түйiндеген: «Ресейде өмiр жақсаратынына сенген адам қатты қателеседi».

 

Жолымбет МӘКIШЕВ,

журналист

«Общественная позиция»

(проект «DAT»10 (47) от 10 марта 2010 г.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3245
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5407