Сейсенбі, 14 Шілде 2026
Арылу 299 0 пікір 14 Шілде, 2026 сағат 15:12

Тағы да танымалдылық жайында…

Сурет: pinterest.com сайтынан алынды

Осы танымалдылық деген не? Танымал болу үшін не істеу қажет? Бұл сұрақ бойында аздап болса да таланты бар кім-кімді де мазалайтын хақ. Қызық. Біреулер тау көтеріп, тас қопарса да халқына, қоғамға толайым, ерен еңбегімен қызымет етсе де еңбегі еленбейді, елеусіз қалады. Аты да заты да шықпайды. Есімін ешкім білмейді. Тіпті өмірде осындай жанның бар екенімен ешкімнің шаруасы да жоқ. Ал енді біреулер асып бара жатқан таланты болмаса да дем арасында танымал боп жатады. Танымалдылыққа бұл заманда таңғалмайтын болдық қой. Бүгінде керемет дауысы болмаса да көптеген жас әншілер танымал, жұлдызға айналып жатады. Тіпті эстрада жанрын алсақ, кеңестік кезде қазақ эстрадасында атаққа шыққан әншілер үш-төрт әншіден аспайтын. Осы күні жыртылып айырылатын танымал әншілердің үлкен шоғыры бар.

Осы танымалдылыққа байланысты есіме орыстың шоқтығы биік жазушысы Чеховтың бір әңгімесі оралып отыр. Бірде пойыздың халықаралық жайлы купесінде екі жолаушы сапарлап келе жатады. Екі жолаушы да екі мінездің иесі. Бір-біріне ұқсамайды. Купенің алғашқы жолаушысы сабырлы, салмақты көп үндемейтін кісі. Ұзақ жолда көзіне пенснесін киіп алып, үнемі газет қараумен болады. Тек анда-санда шай алдырып ішеді.

Купеге екінші кірген жолаушы ашық мінезді, сөзуар адам болып шықты. Өзін толғантқан мәселелерді жайып салатыны көрініп-ақ тұр. Ол бірден екінші жолаушымен танысып, ақырындап оны әңгімеге тарта бастады. Шай алдырды.

Тағамдарды ортаға қойды. Жол сөмкесінен коньяк шарабын алып, екі рюмкеге толтырып құйды да, біреуін жаңа серігіне ұсынды. Екінші жолаушы сыпайы ізетпен оның қонақжайлылығын қабылдап, өзіне құйылған рюмкені аузына апарып, орталап ішіп қойды. Аржағына қызу барған бірінші жолаушы ендігі қызу әңгіменің тиегін ағыта жөнелді.

  • Сіз Киркунов деген сәулетшіні бұрын-соңды естідіңіз бе?
    • Жоқ. Бірінші естуім.
  • Түсінікті. Естімегенсіз. Естімесеңіз, ал пақырыңыз мына алдыңызда отырған адам болады. Білмейтініңізді өзімде жобалап едім. Ал енді білесіз бе, мен осы танымалдылық жөнінде көп ойландым. Танымалдылыққа апарар баспалдақ ретінде осы мамандықты таңдадым. Мен еліміздегі сәулет, құрылыс саласының үлкен маманымын. Сәулет, құрылыс, инженерлік геометрия саласында көптеген ғылыми мақалалар, арнайы еңбектер жаздым. Кейбіреулері шет елдерде жарияланды. Түкте өзгерген жоқ. Танымалдылықтың ауылы алыс екен. Қанша тырбансамда, тар саланың адамдары болмаса, былайғы жұрт осы бір саланың үлкен маманы деп мені тани қойған жоқ. Осыны ойлағанда тіпті салың суға кетеді екен. Киркунов аталатын екінші жолаушы осы жерде әңгімесін сәл үзді де, босап қалған рюмкелерге коньяктан құйып, екінші жолаушыға алып қоюын ұсынды. Екінші жолаушы кейінірек ішемін деп ишара жасады. Киркунов өзінің алдындағы рюмкесін қағып салып, аздап ашырқанды да, әңгімесін қайта жалғады.

Бірде еліміздегі бір қалада менің жобаммен салынған көпір құрылысы аяқталып, соның ашылу салтанатына шақыру қағаз алдым. Шақыруды алған соң бірден жүріп кеттім. Жаныма көңілдес бір әнші әйелді алдым Әкетіп бара жатқан таланты да жоқ, ортақалды әнші.

Бар бітіретіні ішіп-жеу, одан қалды ұйықтау. Жайлы өмірге үйренген. Көпірдің ашылу салтанатына көп халық жиналыпты. Көпірдің ашылу салтанатына жақындап қалғанда, жанымда көңілдес, әнші әйел бар, бізде жеттік, жұрт сонадайдан бізді көріп, шулап қоя берді. Сіз білесіз бе, олардың кімге шулағанын? Ең қызығы осында.

  • Жоқ, білмедім. Мүмкін сізді көріп шулаған шығар.
  • Жоқ, мені таныса көңілім өсіп қалар еді. Алғашында осы жұрт мені танып, айғайлап тұрған шығар деп, көңілім толқып, қобалжығандай едім. Қалай дегенмен де үлкен көпір құрылысының авторы мен ғой. Сөйтсем бәрі бекер екен. Жұрт жанымдағы әнші әйелді танып, қуанғаннан айғайлап тұр екен. Осы әйелден қалай қолтаңба алсақ екен деген абыр-сабыр қарбалас басталып кетті дейсің бір. Мені керек те қылмады.

Осыған қатты күйініп, зығырданым қайнады. Не шара? Амалың болса істе! Осыған ұқсас екінші бір жағдай мынадай болды.

Санкт-Петербургке жақын бір қалада менің жобаммен бір ғимарат бітіп, ашылу салтанатына тағы да шақыру қағазын алдым. Жанымда баяғы көңілдес, әнші әйелім бар, пойызбен жүріп кеттік. Қалаға бір-екі станция қалғанда, кезекті бір станциядан түсіп, киоскіден жаңа шыққан газеттерді сатып алдым. Газеттерге үңілсем, газеттердің бәрі жабыла бәлен деген қаладағы ғимараттың ашылу салтанатына менің көңілдес, әнші әйелімнің келе жатқандығын жарыса жазыпты. Ғимарат жобасының авторы мен туралы жоқ ашпапты. Тек бір қызығы әнші әйелге ілесіп, онымен көңілдес Крикунов деген әлдебіреу ілесіп келе жатыр депті. Газеттерді лақтырып жібердім.

Мәссаған.Әнші әйелді мен ілестіріп емес, ол мені ілестіріп келе жатыр екен. Оның үстіне менің Киркунов атты тегімді Крикунов деп бұрмалап беріпті. Бұған не айтарсың? Күлесің бе, жылайсың ба? Амалың болса істе? Осыдан кейін танымалдылыққа қолымды сілтейтін болдым. Бұған не айтасыз? Танымалдылыққа дегенім ғой.

Екінші жолаушы асықпай, Киркуновтың әңгімесін сабырмен тыңдады да, жылы шыраймен, күлімсіреп, шоқша сақалын саумай сипап, көзіндегі пенснесін алып, қалта орамалымен мұқият, бипаздай, баппен сүртті де көзіне іліп, өзінің майда, қоңыр даусымен әңгімені әрі қарай жалғады.

– Жақсы, жауап берейін. Айтқан әңгімеңіз әсерлі екен. Мен әдебиеттанушы профессормын. Ғылым Академиясының толық мүшесімін. Санкт-Петербург университетінде, еліміздің басқа да үлкен қалаларындағы беделді университеттерде әдебиеттен дәріс оқимын. Әдебиеттану мәселелері жайында көптеген теориялық зерттеу мақалаларым ғылыми журналдарда жарияланып тұрады. Арнайы теориялық зерттеу еңбектер де жаздым. Шетелдік басылымдарға да көп материалым шығып тұрады. Міне мен туралы жақсы мәлімет алдыңыз. Ал менің тегімнің кім екенін білесіз бе? Менің тегім – Пушков. Бұрын соңды естіп көрдіңіз бе? Ал, жауап беріңіз.

– Жоқ, естіген жоқпын. Осы уақытқа дейін естіп көрген жоқпын. Өз ауызыңыздан бірінші рет естіп отырмын.

Киркунов осы сөздерді айтқанда, оның жүзіне барлай қарап отырған, Пушков емен-жарқын, бар ынты-шынтымен қатты күліп жіберді. Мән-жайды түсінген Киркунов те Пушковпен бірге қосыла, көздерінен жас аққанша күлді. Чехов әңгімесі осылай аяқталатын.

Бұл әңгімеден не түюге болады? Автордың айтқысы келгені не? Чехов оқырмандарына мәселе тастап отыр. Бір-екі сессияда әлдебір пікір айтқан депутатта танымал боп жатады. Бір-екі мүшәйрада жеңімпаз боп, жұрт назарын аударған әлдебір ақын да, әсіресе жұрт алдында, сахнаға тұңғыш рет шығып тұрған айтыс ақындарын айтсаңшы! Танымал атанады. Жұрт алдында бір-екі пікір айтқан, соншалықты қабілеті жоқ, әлдебір ортанқол саясаткер мен саясаттанушы да танымал атанады. Қойшы, сонымен әрі қарай жалғастыра берсек, танымалдылық таусылып болмайды.

Оның үстіне танымалдылықтың республикалық, облыстық, аудандық, аймақтық, өңірлік деңгейлері бар дегендей. Әсіресе мәдениет, өнер, спорт салаларының әрдайым жұрт назарында жүретіндігін есте ұстау қажет. Танымалдылыққа өз үлесін қосатын ең бірінші нәрсе көгілдір экран мен интернет, насихат жағына мән беретін продюссерлік пен имиджмейкерлер. Пиар технологиялардың орны да ерекше. Пиар технологияда әлдебір тұлғаның бекграундтық (өткен тәжірибесі, атақ-даңқы, марапаты) сипаты алынады. Мекеме, фирмалар да өздерінің бекграундер сипатын пиар технологиялар арқылы жарнамалауға құмар.

Біз жоғарыда сөз еткен Чехов кейіпкерлері әттең бұл заманға жетпей қалып отыр. Сонымен танымалдылық дегеніміз не? Біреуге сор, біреуге бақ боп жабысатын тағдырдың қитұрқы қалжыңы ма, жоқ әлде басқа ма, осы арасын нақты біле алмадық.

Сәбит Жәмбек

Abai.kz

0 пікір