Президент ҚТЖ басшысымен темір жол саласындағы серпінді жобаларды талқылады
Астана. 15 наурыз. ҚазТАГ – Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ президенті Асқар Маминді қабылдады, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.
«А.Мамин президентті компанияның қызметін жетілдірудің негізгі бағыттарынан хабардар етті. «Қазақстан темір жолы» АҚ темір жолдағы машина жасау саласын дамыту, жолаушылар тасымалын ұлғайту, еңбек өнімділігін арттырумен айналысуда», - делінген Ақ орданың сайтында дүйсенбі күні жарияланған хабарда.
Одан басқа «компания тарапынан салаға 4,5 триллион теңге көлемінде инвестицияны қарастыратын 2020 жылға дейінгі кезеңге арналған темір жол көлігін дамыту бағдарламасы әзірленді», дейді А. Мамин.
«Кездесудің қорытындысы бойынша мемлекет басшысы темір жол саласындағы негізгі серпінді жобаларды дамыту жөнінде нақты тапсырма берді», - деді А.Мамин.