Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 5620 0 пікір 6 Сәуір, 2010 сағат 07:50

Бұл не машақат?..

Депутаттар Қазақфильм шығарып жатқан соңғы туындылар туралы тағы да мәселе көтеруде. Тағы да деуіміздің себебін біліп отырсыздар, осыдан бірер ай бұрын Мәжілісте Ермек Тұрсынов түсірген «Келін» талқыланып, «бұл фильмдегі көріністер ұлт намысын қорлау» деген баға алған болатын. Енді міне, Ресей киногерлерімен бірігіп таспалаған Қазақфильмнің «Ирония любви» атты көркем шығармасы жөнінде     мәжілістің  жалпы отырысында  депутат Бекболат Тілеухан Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедке депутаттық сауал жолдады.

Комедия жанрында сапасы жоғары фильмдер түсірумен даңқы шыққан Ресей режиссерлерінің  «Махаббат машақатына» мәз бола қоймасы белгілі. Бірақ, біздің адамдар жыртылып жатыр. Жарнамасы жер жарып, аспанды алып бара жатқан фильмнің идеясына қарай отырып біз қазақ киносында орыстың сүйкімді келбетін жасау саясаты мейілінше жолға қойыла бастаған ба  деген ойға бекігендейміз. Бұның алдындағы сценарийін Әділбек Жақсыбеков дейтін азаматымыз жазып берген «Прыжок афалины» фильмінде де сондай сарын ашық аңғарылған еді. «Ирония любви», яғни «Махаббат машақаты» да сол үдені жаңғыртып, оқымысты орыс жігітін ізгі  ойлы жан ретінде әйгілейді.

Депутаттар Қазақфильм шығарып жатқан соңғы туындылар туралы тағы да мәселе көтеруде. Тағы да деуіміздің себебін біліп отырсыздар, осыдан бірер ай бұрын Мәжілісте Ермек Тұрсынов түсірген «Келін» талқыланып, «бұл фильмдегі көріністер ұлт намысын қорлау» деген баға алған болатын. Енді міне, Ресей киногерлерімен бірігіп таспалаған Қазақфильмнің «Ирония любви» атты көркем шығармасы жөнінде     мәжілістің  жалпы отырысында  депутат Бекболат Тілеухан Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхаммедке депутаттық сауал жолдады.

Комедия жанрында сапасы жоғары фильмдер түсірумен даңқы шыққан Ресей режиссерлерінің  «Махаббат машақатына» мәз бола қоймасы белгілі. Бірақ, біздің адамдар жыртылып жатыр. Жарнамасы жер жарып, аспанды алып бара жатқан фильмнің идеясына қарай отырып біз қазақ киносында орыстың сүйкімді келбетін жасау саясаты мейілінше жолға қойыла бастаған ба  деген ойға бекігендейміз. Бұның алдындағы сценарийін Әділбек Жақсыбеков дейтін азаматымыз жазып берген «Прыжок афалины» фильмінде де сондай сарын ашық аңғарылған еді. «Ирония любви», яғни «Махаббат машақаты» да сол үдені жаңғыртып, оқымысты орыс жігітін ізгі  ойлы жан ретінде әйгілейді.

Төменде Мәжіліс депутаты Бекболат Тілеуханның Мәдениет министрі Мұхтар Құл-Мұхамедтің атына жолдаған сауалын жария етіп отырмыз. Сондай-ақ, депутат Нұрлан Өнербайдың Премьер-министр Кәрім Мәсімовтен мемлекеттік тілде ақпарат тарататын телеарна қашан ашылды деген сауалын да қоса бергенді жөн деп таптық.

«Абай-ақпарат»

 

 

 

 

Бекболат Тілеухан, мәжіліс депутаты:

-  2008 жылдың жазында Францияның Коньсюмер қаласында АҚШ, Қытай, Ресей, Қазақстан қатысқан теле-шоу жарысы өтті. Ел имиджіне әсері мол тамаша бағдарлама болатын. Сол жолы Американың бір азаматты біздің ақтөбелік бір жігіт сабап тастады. Әйтеуір арты қайырлы болып, өзара кешірім сұрасып бейбіт тарқасты. Мәселе былай болған. Біздің қыздар командасындағы сүйкімді қарындасымызға американдық жігіт доллар шетін көрсетіп жедел төсекке шақырған. Қыз байғұс қатты қорланып жылаған. Оны көрген ақтөбелік жігіт жұдырығына жүгінген. Кейін сұраса келе американдық жігіт «Қазақстан - Бораттың отаны. Біз білетін қазақ қыздары тез көнгіш, ұятына осал...»- дегендей уәжбен аяқталған. Қысқасы қазақ қызы жайында Еуропада, Америкада қалыптасқан  пікір осы. Жуырда Ресей арналары Боратты орысша ТМД кеңістігіне тарататынын айтты. Мәу деген үкімет жоқ, басқамыз да жоқ.

 

Борат біз туралы болғанымен, біздің қатысуымызсыз шыққан фильм. Мәселе ұлтты масқаралаған осы үрдістің өз елімізде жалғасын табуында.  «Өнердің ішіндегі ең маңызды кино» - деді Ленин. Ол рас! Кино арқылы мемлекеттер, елдер жайында түсінік, пікір қалыптасады. Америка - әлемді құтқарушы, үнді елі - сыршыл, махаббатшыл, ағылшындар - кербез, орыс - қайсар да әділетті. Керек десеңіз, кейінгі ресей фильмінде Колчак аяулы бола қапты.

Ал қазақ ше? Қазақ - «Келін». Әркімнің астында бір ыңырсыған, баламен ойнас қылған, арсыз әйел. Ешкіге жабысқан зоофиль бала.           Қазақ - қасасын құшақтап Алматыда шапқылаған есалаң «Қайрат-чемпион». Басты кейіпкердің есімінің өзі - кешегі совет империясының іргесін шайқаған, Желтоқсан оқиғасының қаһарманы Рысқұлбековтың аты. Қазақ киносына қарасаң, біздің ел  - лесбиян менен қызтекелер елі. Тура 16-17 желтоқсан Тәуелсіздік күні «Қайрат-чемпионның» авторы болған КТК телеарнасы «Келін» төңірегіндегі өршіп тұрған дауға қарамастан, бейне ерегіскендей «Келінді» праймтаймға қойып, қазақы қауымды ашық басынған сыңай танытты.

Ал, Наурыз мерекесі қарсаңында Алматы мен Астана көшелерінде аттың артына мінгескен қазақ қызының бөтен ұлттың еркегінің құшағында балқып отырған суреті - «Ирония любви» киносының жарнамасы әр қадам сайын ілініп тұрды. Тәуелсіздік күні мен Наурыз мерекесі тап осындай жарнамаланған жоқ. Ал енді сіз бен біздің салыққа төлеген ақшамызға, яғни мемлекеттік бюджеттің қаражатына түсірілген әлгі киноны көрсеңіз жаныңыз тағы шыжғырылады. Қазақ қызы еуропалық жігіттің көмейін тілімен қоса суыра жаздап жабысады. Анауысы қашады. Қазақ қызы қандасына қарамай бөтенді қалап, еуропалық жігітің соңынан жүгіреді. Оған парықсыз көрермен күледі. Кино залында намысы бар бауырлар жыларман болды. Кездейсоқ дейді біреуісі. Неге кездейсоқ болады, неге басқа бір ұлттың қызы қазақ жігітіне жабыса салмайды. Осы орайда Абай сөзі еске түседі:

«Сатып алма, сөз сатса

Ол асылды таңдамас.

Біләткенің байы ақша

Ер жақсысын таңдамас» деген. Осы күні гонарарын берсе

кім көрінген киноға түсе береді. Бірақ соны түсіріп отырған азаматтар қайда қарап отыр? Кино ғой, өнер ғой деп ақталады. Ұлттың намысы дейтін ұғым бар емес пе?! Анекдот та өнер. Алайда сол анекдоттар легінің кесірінен ғұлама-чукча, академик, профессор, данышпан-чукча деген сөз қабылданбай қалды. Мына түрімен арлы, ибалы, асқақ қазақ қызы деген ұғым да қабылданбайтын болады. Қанағаттанбаған қатын қауқарсыз еркектің қасынан шығады. Мауыққан қыз маубас еркектің жанынан келеді деген бабаларымыз.

 

Бәрімізге белгілі бір тарихи жәйтті естеріңізге салғым келеді. Кезінде фашистік Германияның идеологтарының бірі Гитлерге жолдаған хатында, орыстарды жеңу мүмкін еместігін жазады. Оның дәлелі ретінде тұтқынға түскен славян қыздарының бәрі дерлік абыройы аман, арлары беріктігін айтқан. Яғни қызының арын қорғаған, болашақ ананы аялаған ұлт - рухы асқақ ел. Сондықтанда бақайшағына дейін қаруланған фашистер жұпыны ғана совет әскерінен ойсырай жеңілді деп жазады ғалымдар.

 

Бала демей, шал демей, әйел демей, ер демей елді жосадай қырған жауына қаны қатқан қазақтың ескі жыраулары жау жаққа қарап, көкбөріше ұлып, кекке шөлдеп шамырқанғанда:

Атаңа  нәлет ата жау!

Айғайлап майдан ашпасам,

Қаныкейдей көріктіңді,

Тінікейдей тектіңді!

Аямай төс астына баспасам

Жер басып тірі жүрменді.

Немесе, Ақтамберді арман жырында:

..Атасы басқа қалмақты,

Жұртынан шауып бостырып,

Түйедегі наршасын

Әлпештеген ханшасын

Аялаған аруын

Ат көтіне міндіріп

Тегінен тегін олжа қылар ма екенбіз... деп ашына шамырқанады.

Яғни, қазақ танымында, көшпелілер ұғымында қорлаудың шыңы, кек алудың масқаралаудың түрі - қызын қорлау болатын. Қазақ қызы бүгінде қорлаудың объектісіне айналғандай. Жырау айтқандай жарнамадағы қазақ аруының бөтеннің құшағында ат артына мінгесуі кездейсоқ құбылыс емес секілді. Ұлт намысын таптаған осындай сорақы туындылар легіне кім жауапты?! ҚР Мәдениет министрі Құлмұхамед мырзадан осы сауалдарыма Парламент қабырғасына келіп, жауап беруін талап етемін.

 

Нұрлан Өнербай, мәжіліс депутаты:

 

-  Мемлекеттік тілді түлету мен қажеттікке айнал­ды­ру­дың жолы сан алуан. Бұл орайда Отанымызда атқа­рылған іс аз емес. Соның бірі жақында Мәжілісте "Мемлекеттік тіл - ел бірлігінің кепілі" деген тақырыпта өткен алқалы жиын тіл толғауын биік мінберден алуан түрлі әңгімеге арқау етті. Сол келелі басқосуға қатысушылардың көтерген мәселесінің біреуі - тәулік бойы қазақша сайрап тұрады деп ашылатын үш арна жайы болды. Мемлекеттік тілде сөйлейтін телеарна жайы Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың осыдан төрт жыл бұрын айтып, әр жылғы халыққа жасаған Жолдауларында да, тілге тиек болып, естіген жұрттың жүрегін жылытқан.

Сонау бір жылдары министрлік тағына отырып-тұрған Ермұхаммет Ертісбаев мырза, тіпті әлемдік телеарна жасаймын - деп атайлотса да, айтқандарынан қайран болмады. Одан соң ақпарат билігі, ұлт жанашыры деп жүрген азамат Мұхтар Құл-Мұхаммедтке екінші рет қайта тигенде үмітіміз ақталар деп ел алаңдап еді, тіпті 2010 жылдан, екі бірдей ұлттық арна ашылып, тек қазақ тілінде тәулік бойы хабар таратып тұратын болады деген еді, не керек, ол да ауысып кетті.

Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2009 жылғы 23 желтоқсандағы Қаулысымен бекітілген Қазақстан Республикасы  Мәдениет және ақпарат министрлігінің  2010 - 2014 жылдарға арналған стратегиялық жоспарында отандық бұқаралық ақпарат құралдарының Қазақстанның Даму және әлемдегі бәсекеге қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясын ақпараттық қолдаудың тиімділігін кеңейту мен арттыруда ағымдағы жылда 85 пайызға жету көзделген болатын. Ал Министрліктің ресми сайтынан байқағанымыздай саланың стратегиялық жоспарында ұлттық арналардың ашылуы туралы бір ауыз сөз айтылмаған. Биік мінбеден айтқан Министрдің құрғақ сөзіне сенеміз бе, әлде ресми құжатқа сенеміз бе?

Талай жиылыста министрдің баяндамалары арқылы елді елең еткізген ұлттық телеарналар тағдыры шешілмеген қалпында, үні көп қаулының астында құмығып, көп қазақтың арманына айналып, бағы байланып көп пәпкінің астында қала берер сиқы бар.

Ал енді, жаңа сайланған жас та қайратты жаңа министрден үміт күткен халықтың көзі көк сандықта (теледидарда). Қашан соның ішінен бір арна тәулік бойы өз елінде өзі өгей болған қазақ тілінде сайрап шығар екен деп.

Егер әлі күнге біз ақпарат кеңістігімізді солтүстіктегі көрші елдің жаңалықтарымен толтырудан аса алмасақ, бәсекеге қабілетті  50 елдің қатарына ақпарат саласы бойынша біз қандай дүниелерімізбен енбекпіз?

Оған дәлел, мемлекеттік телеарналарымыздың өзі, жаңалықтарының басын Ресейде болған лаңкестік әрекеттермен бастап айқайлап көрсетіп жатты.

Ал, өз елімізде болып жатқан  табиғат апатының нақты деректерін халыққа жеткізе алмай, бар болғаны жаңалықтардан қысқа ғана ақпарат ретінде көрсетуден аспайды. Мысалы ретінде айтар болсақ, Ресей телеарнарналары түгел дерлік екі күн бойы толассыз Мәскеудегі ланкестік оқиға болған орындардан үздіксіз репортаждар жүргізіп, ақыры ланкестердің түр сипатына дейін анықталғаны жайлы ақпаратты жеткізіп бір-ақ тоқтады. Ал бізде ше? Бәрі керісінше! Бәлкім Қызылағаштағы қырғынды, Шығыс-Қазақстандағы мал мен адам қатар зардап шегіп отырған елді мекендерден тікелей репортаждар түсіріп, халыққа қаз қалпында жеткізіп отырғанда, табиғаттың тосын мінезінен зардап шеккен Шығыстағы жағдайды, ақпарат құралдары ит тартқандай жұлмалап дұрыс көрсетпей жатыр деп, облыс әкімі (Бердібек Сапарбаевты айтады. - ред) кешегі Үкімет кеңесіндегідей өкпесін айтып салмас еді?!

Дегенменде, ұлттық арналардың тағдыры не болар екен деп бәрібір қазақы ел алаңдаулы.

Қорыта айтқанда, ең әуелі тек мемлекетіміздің ішкі, сыртқы жетістіктерін, ұлтымыздың қуанышы мен қайғысын дер кезінде халыққа жеткізіп отыратын уәде етілген қоспасыз ұлттық телеарналар қашан өмірге келеді?

Нақты жауабын өзіңізден күтеміз.

 

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1468
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3241
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5394