Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2625 0 пікір 7 Сәуір, 2010 сағат 13:51

Таластағы митингке қатысушылар Қырғызстан ІІМ басшысын терезеден тастап жібереміз деп қорқытты – БАҚ

Алматы. 7 сәуір. ҚазТАГ – Таластағы митингке қатысушылар Қырғызстанның ішкі істер министрі Молдомұса Конгантиевті облыстық мемлекеттік әкімшілік ғимаратының үшінші қабатындағы терезеден тастап жібереміз деп қорқытты, деп хабарлайды «АКИпресс».

Агенттіктің ақпаратына сәйкес, олар одан өз қызметкерлеріне қоңырау шалып, оппозиция жағына шығу туралы бұйрық беруді талап еткен, деп хабарлады «Демократия және азаматтық қоғам үшін» коалициясының қызметкері  Ш.Мурат.

Коалиция өкілінің айтуынша, министр ауыр жарақат алған, оның басынан бірнеше рет таспен ұрған. Сонымен қатар, оның айтуынша, «бірінші вице-премьер Ақылбек Жапаров әлі де болса митингке қатысушылардың тұтқынында, ал оқиға орнына келген ауыл шаруашылық министрі Искендербек Айдарәлиевті туыстары алып кеткен».

Агенттіктің ақпаратына сәйкес, наразылық білдірушілер қырғыз телерадиокомпаниясының ғимаратын басып алып, ішіндегінің бәрін қиратып, ғимаратты тастап шыққан. Бұл туралы ҰТРК қызметкерлерінің бірі хабарлаған.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5413