Қырғызстанның уақытша үкіметінің бірінші декреті жарияланды
Алматы. 12 сәуір. ҚазТАГ – Қырғызстанның уақытша үкіметінің Роза Отунбаева бұған дейін мәлімдеген бірінші декреті жарияланды, деп, қырғыздардың «Кабар» ақпараттық агенттігіне сілтемелеп «Ферғана.ру» хабарлады.
«Қырғызстан уақытша үкіметінің номері 1-ші декретінде» атап айтқанда, төртінші шақырылымдағы жогоргу кенештің (Қырғызстан парламенті – ҚазТАГ), мемлекеттік органдардың – президент аппаратының, хатшылығының, даму мен инвестиция және инновация орталық агенттігінің және т.б. таратылғаны туралы айтылады. Президенттің қорғаныс, қауіпсіздік пен құқықтық тәртіп және сыртқы істер министрлігі мәселесі жөніндегі мемлекеттік кеңесшісі қызметі жойылды.
Дектретте Қырғызстанның жаңа конституциясы қабылданбайынша, 2007 жылы 21-ші қазандағы референдумда қабылданған конституция өзінің құқықтық күшін сақтайды делінген.
«Конституциямен Президентке, жогоргу кенешке және Қырғызстан Республикасының үкіметіне берілетін құзырет уақытша үкіметке жүктеледі», - делінген декретте.
Құжатқа сай, 2009 жылғы 22-ші қазандағы «Қырғыз Республикасының үкімет құрылымын бекіту туралы» заңына сәйкес, уақытша үкімет құрылымы сақталады.

«Уақытша үкімет жұмысына тартылмаған Жогоргу кенеш пен Үкімет аппаратындағы қызметкерлерге уақытша демалыс беріліп, одан кейін ҚР заңнамасына сай жалақысыз демалыс беріледі», - делінген уақытша үкімет құжатында.
Тікелей президентке бағыныңқы мемлекеттік органдар ҚР үкіметінің уақытша үкімет құзырлығына беріледі.
Одан басқа, қырғыздардың БАҚ-тарында уақытша үкімет қаулысымен премьер-министр Данияр Үсеновтың, ішкі істер министрі Молдомуса Конгантиевтің, қорғаныс министрі Бақытбек Қалиевтің, МҰҚҚ басшысы Мұрат Суталинов, сондай-ақ Қырғызстанның бірқатар елшілері: АҚШ-тағы - Замира Сыдықова, Ресейдегі - Раимқұл Аттакуров, ГФР-дағы - Марат Бакиев, Түркиядағы - Ташбо Жұмағұлов қызметінен босатылғаны жазылады.