Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2121 0 пікір 12 Сәуір, 2010 сағат 09:28

Қазақстандық боксшылар China Open турнирінде екі алтын, екі күміс және үш қола медаль жеңіп алды

Алматы. 12 сәуір. ҚазТАГ – Қытайдың Гуиянге қаласында аяқталған халықаралық China Open турнирінде Қазақстанның құрамасы командалық екінші орын алды. Біздің боксшыларымыз екі алтын, екі күміс және үш қола медаль жеңіп алды. Жартылай финалға шыққан жеті боксшымыздың үшеуі жеңілді. Ғани Жайлауов (60 кг) кубалық Идел Торриентке - 1:4 есебімен жеңілді. Батырхан Дүкенбаев (64 кг) алаң иесі  Хурич Билегеден - 5:12 есебімен ұтылды. Ал Марат Қиясов (81 кг) иорданиялық Ахмад Аль-Тайматтан - 5:9 есебімен жеңілді.

Финалдық кездесуде біздің тағы екі боксшымыз қытайлықтардан жеңілді. Іляс Сүлейменов (48 кг) Ву Руонгоға - 1:8, ал Хұсан Байматов (75 кг) Жанг Жантингке - 3:8 есебімен ұтылды.

Турнирдің жеңімпаздары Міржан Рахымжанов (54 кг), ресейлік Владимир Никитинді - 8:1 есебімен, сондай-ақ Қазақстан чемпионы Манат Өмірзақов (69 кг) кубалық Ариснод Деспанды - 3:2 есебімен ұтты.

Командалық жалпы есепте Қытайлықтар (бес алтын медаль), одан соң қазақстандықтар, Куба (екі алтын), Ресей мен Италия (бір алтын медальдан) командалары орналасты.

Қытай турнирінің жеңімпаздары болып Бейжің Олимпиадалық ойындары жеңімпаздары италияндық Клементе Руссо мен қытайлық Жанг Жилей атанды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1487
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3256
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5522