Украинаның есептеу палатасы тағы екі жылға ЕҚЫҰ-ның сыртқы аудиторы болып сайланды
Киев. 16 сәуір. ҚазТАГ – Украинаның есептеу палатасы тағы екі жылға Еуропадағы қауіпсіздік және ынтымақтастық жөніндегі ұйым (ЕҚЫҰ) кеңесінің сыртқы аудиторы болып сайланды.
Есептеу палатасының ақпараттық-парақшасында айтылғандай, бұл туралы шешім 2010 жылдың 15-ші сәуірінде ЕҚЫҰ тұрақты кеңесінің отырысында қабылданды. Бұл шешімді қолдап ЕҚЫҰ мүшелерінің барлығы – 56 мемлекет дауыс берді.
«Есептеу палатасын қайта сайлау Украинаның халықаралық беделін мойындау мен оның қаржылық қадағалау жоғарғы орган беделін де мойындау болып табылады. Бір жылдан бері Украина есептеу палатасы ЕҚЫҰ сыртқы аудиторы қызметін атқарғанда Украина мен Өзбекстандағы ЕҚЫҰ жобаларының үйлестірушілерін, Сербиядағы ЕҚЫҰ-ның далалық миссиясын тексеріп, сондай-ақ ЕҚЫҰ-ның қаржлық есебіне жылдық аудит жүргізді», - делінген хабарда.
Украинаның есептеу палатасы ЕҚЫҰ сыртқы аудиторы болып 2009 жылы 30-шы сәуірде бір жыл мерзімге, тағы да екі жылға ұзарту құқығымен сайланған болатын. Украинаның есептеу палатасын ЕҚЫҰ сыртқы аудиторы етіп сайлау ЕҚЫҰ үшін де, Украина үшін де күтпеген жағдай болды. Себебі бұл ұйымды ЕҚЫҰ тарихында алғаш рет бұрынғы Кеңестер одағының өкілі басқарды. Бұған дейін сыртқы аудитті Швейцария, Финляндия, Швеция, Ұлыбритания мен Норвегия қаржылық қадағалау жоғарғы органдары жүргізген болатын.