2010 жылдың басынан бері банктердің сыртқы қарызы $30 млрд-тан 25,2 млрд-қа дейін қысқарды – Ұлттық банк (техқайталау)
Астана. 20 сәуір. ҚазТАГ - Дина Ермағанбетова. Қазақстанның екінші деңгейлі банктерінің (ЕДБ) сыртқы қарызы 2010 жылдың басынан бергі кезеңде $30 млрд-тан $25,2 млрд-қа дейін қысқарды, деп мәлім етті ұлттық банк төрағасының орынбасары Данияр Ақышев.
«1 қаңтарда банктердің сыртқы қарызы 30 миллиард долларды құраса, наурыз айының соңында жедел мәліметтерге сәйкес, 25,2 миллиард болған», - деді Д. Ақышев сейсенбі күні 2010 жылдың 1 тоқсанының қорытындысына арналған үкімет отырысында.
2009 жылы ЕДБ-лардың сыртқы міндеттері $8,6 млрд-қа қысқарған, деді ол.
Д. Ақышев бұл сомаға БТА және Альянс банктердің қарыздарын қайта құрылымдау енетінін-енбейтінін нақтылаған жоқ.