Сәрсенбі, 30 Сәуір 2025
Жаңалықтар 2609 0 пікір 20 Сәуір, 2010 сағат 05:32

Бірінші тоқсанда Қазақстан ЖІӨ-нің өсімі 6,5% құрады – экономикалық даму министрлігі

Астана. 20 сәуір. ҚазТАГ - Данияр Темірбаев. Биылғы жылдың бірінші тоқсанының қорытындысы бойынша жалпы ішкі өнімнің (ЖІӨ) нақты өсімі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда алдын ала мәліметтерге сәйкес 6,5% құрады, деп мәлім етті экономикалық даму және сауда министрі Жанар Айтжанова.

«Алдын ала бағалау бойынша, аталған индикатордың негізінде есептелген ЖІӨ-нің нақты өсімі 6,5% құрады», - деп атап көрсетті ол сейсенбі күні үкімет отырысында.

ЖІӨ өсімінің көрсеткіші өнеркәсіп пен құрылысты қосқанда, 6 негізгі саладағы тауарлардың өндірісі мен қызметтерінің индекстерінің өзгерістеріне негізделген қысқа мерзімді экономикалық индикатордың негізінде есептелді.

Ж. Айтжанова «биылғы жылдың қаңтар айынан бастап өнеркәсіпте өсім үрдісі байқалып отырғанына назар аударды: жалпы айтсақ, өнеркәсіп өнімі өндірісінің көлемі 11,5%-ға артты».

«Бірінші тоқсанда салалар құрылымындағы ең көп өсім өңдеуші өнеркәсіпте тіркелді, ондағы өсім 18,7% құрады. Машина жасау саласындағы өндіріс пен өнім өндіру 11,8 есеге өсті, химия өнеркәсібінде 1,5 есеге, мұнай өнімдерінің өндірісі саласында 25%-ға, азық-түлік өнімдерін өндіруде 11%-ға, металлургия өнеркәсібінде 10,5%-ға өсті», - деді министр.

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Қайраулы қара семсер

Есболат Айдабосын 2540
Анық-қанығы

Еуропаға Ресей аумағынсыз шығу жолы

Асхат Қасенғали 5459
46 - сөз

Бізге беймәлім Барақ хан

Жамбыл Артықбаев 4762