Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2568 0 пікір 21 Сәуір, 2010 сағат 03:52

«Ескерткіш емес... үйінді салу қажет еді»

Павлодар қаласы мәслихатының депутаты Мирхат Серкібаев: «Қаныш Сәтбаевқа ескерткіш тұрғызғанша... үйінді салу керек еді», - деді жергілікті «Ирбис» телеарнасына сұхбат бере отырып.

Қазақ халқының әлемдік деңгейдегі әйгілі ғалымы,  Қазақ КСР Ғылым Академиясының тұңғыш президенті  Қаныш Имантайұлы Сәтбаевтың (1999-1964)  90 жылдық, 100 жылдық мерейтойлары қарсаңында оның есімін Павлодардың орталық көшесіне беруге  қалалық мәслихаттың сол кездегі депутаттары қарсы болған еді. Олардың ұстанымын сол кезде облыстық тәуелсіз орыстілді бұқаралық ақпарат құралдарының қолдап шыға келгені де есте. Ақыры, 2001 жылы қызыл комиссар Дзержинский атындағы көшені академик Сәтбаевтың атына ауыстырудың сәті түсті.

Енді, жуырда, ғұламаның туған күні - 12 сәуірде сол Сәтбаев көшесінің бойында оның ескерткіш мүсіні ашылды (суретте). Ертістің Кереку-Баянауыл халқының отаншылдық, мемлекетшілдік, ұлттық мақтаныш сезімдерін оятқан аса маңызды мәдени шарада  ҚР Парламент депутаттары: Қуаныш Сұлтанов,  Кенжеғали Сағадиев, ҚР Білім және ғылым вице-министрі Айдар Жақыпов, академиктер: Мұрат Жұрынов, Жабайхан Әбділдин,  Ғарифолла Есім, Ғинаят Бекжанов,  Зайролла Дүйсенбеков,  ғылым докторлары: Мырзатай Жолдасбеков, Герой Жолтаев, Еркеш Батырбеков, жазушылар: Кәкімбек Салықов, Медеу Сәрсеке,  Қ. Сәтбаевтың ұрпағы: Әлішер Сәтбаев және өзгелер сөз сөйлеп, осындай ғажап ескерткіш орнатқан жергілікті лауазымды азаматтарға ризашылық сезімін  білдірді.

Бірақ  той тарқамай жатып  Павлодар қаласы мәслихатының депутаты Мирхат Серікбаев жергілікті «Ирбис» телеарнасына сұхбат беріп, мемлекеттік шенеуніктер ескерткіш орнатқаннан гөрі қала іргесіндегі Жаңаауыл елдімекенінде қоқыс төгетін үйінді салғаны дұрыс еді деген ойын беті бүлк етпестен айтып салды. Англияның президенті У. Черчиль өзінің еңсегей бойына таңырқағанда, «Менің халқым менен де биік» деп жауап қайтарған қазақтың асылзада азаматы Қаныш Сәтбаевтың туған өлкесіндегі халық қалаулысы оның мүсінінің түбінде   тұрып қоқыс үйіндісін сөз қылады деп кім ойлапты?..

Алдында, Мирхаттың ұлты қазақ екенін және орыстілді болса да, ептеп қазақша сөйлей алатынын ескеріп, оны «Алаш» бағыты  мен «Alash» ұранын  ұстанған «Болашақ» республикалық қозғалысы Павлодар облыстық филиалының төрағалығына, сосын  белгілі ұлт қайраткері Мұхтар Шахановтың жетекшілігімен құрылған, тек тіркелмеген Қазақстанның ұлт патриоттары «Халық рухы» партиясы облыстық филиалының тең төрағалығына «итеріп», кейін қалалық мәслихаттың депутаттығына өтуіне қолдау көрсеткен жергілікті билік емес пе еді?.. Сөйткен, депутат Мирхат Серікбаевтың жергілікті биліктің  академик Сәтбаевты ұлықтаған ісіне қарсы сөйлегені несі екен?..

Арман ҚАНИ,

Павлодар қаласы.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5417