Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2405 0 пікір 21 Сәуір, 2010 сағат 14:02

ҚҚА Альянс банктің қарызын қайта құрылымдау аяқталғанын қуаттады

Алматы. 21 сәуір. ҚазТАГ - ҚР қаржы нарығын және қаржы ұйымдарын реттеу және қадағалау агенттігі (ҚҚА) «Альянс банк» АҚ-ның қарызын қайта құрылымдау аяқталғанын қуаттады. Сәрсенбі күні ҚҚА сайтында осындай ақпарат жарық көрді.

«Қаулы «Альянс банк» АҚ-ның банкті қайта құрылымдау жоспарында қарастырылған, 2009 жылдың 4 қарашасында банк басқармасы бекітіп, 2009 жылдың 15 желтоқсанында банктің конкурстық кредиторларының жиналысы мақұлдаған ақпараттық меморандумда баяндалған шаралар кешенін жүзеге асырғанын ескере отырып қабылданды... ҚҚА-ның 2010 жылдың 19 сәуірінде Алматы қаласындағы мамандандырылған қаржылық сотына жолдаған хатымен банкті қайта құрылымдау аяқталғаны туралы мәлімдеме жолданған», - делінген ҚҚА хабарламасында.

Құжатта атап көрсетілгендей, кредиторлар комитеті Альянс банкті қаржылық сауықтандыру және қайта құрылымдау жоспары орындалғанын қуаттаған.

«Банктің қаржылық жағдайын жақсартуға кредиторлардың қарыздың бір бөлігін есептен шығаруы, қарызды банктің артықшылықты акцияларына алмастыру және «Самұрық-Қазына» ҰӘҚ» АҚ инвестициялары арқылы қол жеткізілді. Агенттік қайта құрылымдау жоспарының шарттары орындалғанын Альянс банктің кредиторлар комитеті қуаттағанын атап көрсетеді», - делінген құжатта.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1470
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3246
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5415