Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 2790 0 пікір 23 Сәуір, 2010 сағат 15:11

Бішкектегі Беларусь елшілігінің алдында Бәкиевті Қырғызстанға қайтарып берілуін талап еткен пикет өтті

Бішкек. 23 сәуір. ҚазТАГ - Бішкектегі Беларусь елшілігі ғимаратының алдында Құрманбек Бәкиевті Қырғызстанға қайтарып берілуін талап еткен пикет өтті, деп хабарлады «Ферғана.ру».

Пикетке шамамен 30 адам қатысты. Олар 7-ші сәуірде қырғыздардың астанасының орталық алаңында қаза болған жастардың туыстары. Олар қашқын президент Құрманбек Бакиевті Беларусь президенті Александр Лукашенко өзінде жасырғанына наразылық білдіріп, оны елге қайтарып беруін талап етті.

Пикетке шыққандар А. Лукашенконың қырғыз халқын «қайыршы», ал елді «ешнәрсесі қалмай, тоналған» деп атағанына наразылық танытты. Олардың айтуынша, «Қырғызстан халқы ешуақытта қайыршы болған емес, және Александр Григорьевич мәлімдеме жасауының алдында өз сөзін ойлап алғаны жөн».

Пикетке шығушылар одан да көп болуы мүмкін еді, бірақ Қ. Бәкиевтің жақтаушылары тарапынан арандатушылыққа жол бермеу үшін елшілік алдына аздаған топ өкілдері ғана шақырылды, дейді ақпараттық агенттік.

Пикет ұйымдастырушылары - «Мекен шейиттері» («Отан шейиттері») қоғамдық ұйым бірлестігі. Олар алаңда қаза болғандардың туыстарымен құрылып , үкімет үйінің маңындағы киіз үйде орналасқан.

Пикетке шыққандар уақытша үкіметті адам қазасы оқиғаларын әділ тергеуге шақырады. Қаза болғандардың туыстарының айтуынша, билік қасірет ауқымын қайткенде жасырып қалғысы келіп отыр, халықтың тыныштығы мен елдегі саяси ахуалдың тұрақтығы үшін сараптама, тергеу жүргізбей  отыр. Бірақ қаза болғандардың туыстары айыптылар жазаға тартылмайынша тынышталмайтынын мәлімдеуде.

Жиналғандардың наразылығын тудырған тағы бір жағдай, ол Беларусь елшілігінің «техникалық себептермен» сәуірдің 22-23-терінде жұмыс істемейтіндігі болды.

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1466
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3240
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5383