«Қазгидромет» ШҚО-да қарқынды қар еруіне байланысты су басу қаупі барлығы туралы ескертеді
Алматы. 24 сәуір. ҚазТАГ - Республикалық мемлекеттік «Қазгидромет» мекемесі Шығыс Қазақстан облысында қарқынды қар еруіне байланысты су басу қаупі барлығы туралы ескертеді.
«Сәуірдің 24-27-сі аралығында температуралық фонның көтерілуіне және қарқынды қар еруіне байланысты Шығыс Қазақстан облысының өзендерінде су деңгейі одан ары көтеріліп, бөктерлердегі жылғалар суға толып, су арнасынан асып, тасуы мүмкін. Сең бұзылуы мен мұз кептемелердің пайда болуы одан ары жалғасады», - делінген гидрометеоқызмет таратқан дауылдық ескертуінде.
Бұл ретте ТЖМ мәліметтернше, Қазақстанға антициклон өз ықпалын сақтайды. Тек батыс, күндіз солтүстік-батыс аудандар сенбі күні атмосфералық тұтас ағым ықпалында болып, кей жерлерде жауын мен екпіндеп жел соғады.
Жамбыл, Алматы, Оңтүстік Қазақстан, Маңғыстау, Ақтөбе, Қостанай, түнде Қарағанды, күндіз Атырау облыстаның кей жерлерінде 15-20 м/с жел тұрады. Қызылорда облысында - кей жерлерде жел 15-20 м/с болып, шаң суырады.
Алдағы үш тәулікте Атырау облысындағы Орал өзенінде, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облысының өзендерінде, Қостанай және Қарағанды облыстарының жекелеген өзендерінде көктемгі су тасқыны күшейе түседі. Шығыс Қазақстан облысында температуралық фонның жоғарылауына байланысты өзендердегі су көтеріліп, арнасынан асуы мүмкін.

ШҚО өзендерінде сең бұзылуы одан ары жалғасып, мұз кептемалар пайда болып, су көтеріліп, аймақты басуы мүмкін. Ертіс өзені мен Шүлбі су қоймасындағы су деңгейі көтеріледі.
Алматы облысының тау бөктеріндегі өзендерде су деңгейі көтеріледі.