Жексенбі, 20 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5072 0 пікір 11 Мамыр, 2014 сағат 16:57

АҚШ УКРАИНАДАҒЫ РЕФЕРЕНДУМДЫ МОЙЫНДАМАЙДЫ

Бүгін Украина шығысындағы  Донецк пен Луганск облыстарында  территориялық тәуелсіздік мәртебесін  шешу үшін  референдум өтіп жатыр. Ресей БАҚ-тарының сеператистерге сілтеме жасап тартқан ақпараттарында  «Донецк халық республикасы" және "Луганск халық республикасы" деп аталмақ аймақтарда мыңдаған сайлау учаскесі ашылып, миллиондаған бюллетень басып шығарылған. Алайда «Азаттық радиосының» жазуынша аймақта шетелдік бақылаушылар жоқ болғандықтан бұл ақпарат тәуелсіз дереккөздер тарапынан қуатталмайды. Референдум басталмастан АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Джен Псаки «АҚШ Украина шығысындағы  "заңсыз өткізілетін референдум" нәтижелерін мойындамайды», - деп мәлімдеді. Украина билігі мен батыс елдері де  "халықаралық заңнамаларды және Украинаның территориялық тұтастығын бұзатын" референдумды мойындамайтындарын жариялады.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 1339
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2913
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 990
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 924