namespace App\Http\Controllers; use Illuminate\Support\Facades\Cache; use Illuminate\Support\Facades\Http; class AbayQuoteController extends Controller { public function getAbayLastTitle() { return Cache::remember('abay_last_title', 3600, function () { $response = Http::get('https://abai.kz/part/6137'); if ($response->successful()) { $html = $response->body(); if (preg_match('/]*>(.*?)<\/a>/su', $html, $match)) { return strip_tags($match[1]); } } return null; }); } public function showBanner() { $title = $this->getAbayLastTitle(); return view('partials.abay-banner', compact('title')); } } ҚАЗАҚСТАН БИЫЛ ДСҰ-ҒА КІРУІ МҮМКІН
Сейсенбі, 1 Шілде 2025
Жаңалықтар 4364 0 пікір 4 Мамыр, 2014 сағат 16:16

ҚАЗАҚСТАН БИЫЛ ДСҰ-ҒА КІРУІ МҮМКІН

Қазақстан биыл Дүние жүзі сауда ұйымына мүше болуы мүмкін. Бұл туралы бүгін Азия даму банкі басқарушылар кеңесінің 47-жыл сайынғы отырысында Президент Нұрсұлтан Назарбаев айтты. Президент өз сөзінде экономикалық одақ құрудың маңыздылығына тоқтала келіп, кедендік одақтың тиімділігін де айрықша атаған.  Елбасы бұған қоса: «біз Қазақстанның Дүниежүзілік сауда ұйымына кіруіне қатысты келіссөздер үдерісін аяқтауға жақынбыз. Биыл ұйымның толыққанды мүшесі боламыз деген сенім бар» - деген.

1995 жылғы 1 қаңтардан бастап жұмыс істей бастаған Дүниежүзілік сауда ұйымы (ДСҰ) — халықаралық сауда ережелерін либерализм принциптеріне қарай реттейтін халықаралық экономикалық ұйым.  Көршілес Қырғызстан 1998 жылдың 20 желтоқсанынан аталған ұйымның мүшесі болса, Ресей 2012 жылы 22 тамызда қабылданды.

Абай-ақпарат 

 

0 пікір