Бейсенбі, 23 Қазан 2025
Жаңалықтар 5696 0 пікір 30 Сәуір, 2014 сағат 11:03

ПУТИН: УКРАИНАДА РЕСЕЙЛІК ӘСКЕРИЛЕР ЖОҚ

Ресей президенті Путин Ресейге  АҚШ-пен Еуропалық Одақ салған санкциялар турасында, сондай-ақ Украинаға Ресейдің ықпалы турасында мәлімдеме жасаған. Бұл туралы Tengrinews.kz жазды. Ресейге салынған санкцияларды заңсыз деп бағалаған Путин бірінші санкциялық пакеттің Ресеймен Еуроодақ және АҚШ арасындағы қарым-қатынасына           залал келтіретінін жеткізсе, екінші санкциялық пакеттің мүлде түсініксіз екенін айтқан. Украинаға байланысты Ресей президенті: «Біз үнемі сол жерде ресейлік арнайы жасақ, әскери инструкторлар бар дегенді естиміз. Украинада ресейлік әскерилердің, әскери инструкторлардың, арнайы жасақтың жоқ екеніне толық жауап беремін" деген. Сондай-ақ Путин қолға алынып жатқан Еуразиялық интаграцияға Ресейге салынған санкциялардың ешқандай кері әсері болмайды деп сендіріп отыр.

 

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Профилактика бытового насилия

Алмаз Ещанов 1053
Қауіп еткеннен айтамын

Жау жоқ деме – жар астында...

Қуат Қайранбаев 10428