Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5626 0 пікір 29 Сәуір, 2014 сағат 10:48

«KAZEOSAT-1»ДІҢ ҰШЫРЫЛУЫ КЕЙІНГЕ ШЕГЕРІЛДІ

Бүгін оңтүстік Америкадағы француздық Гвиаданадағы "Куру" ғарыш айлағынан Астана уақытымен сағат 7:35-те ұшырылады деп жоспарланған  «KazEOSat-1» ауа райы қолайсыздығы салдарынан көкке көтерілмеді.  Аталмыш спутник қазақстандық геология саласына жұмыс істеуі тиіс. Жер бедері мен ғаламшар климатын зерттеуге арналған Қазақстандық тұңғыш жер серігін ұшыруға француздық Arianspace компаниясыны жауапты болған. «ҚазАқпараттың» мәлімдеуінше күшті жел салдарынан ұшпай қалған жер серігі әзірге бір тәулікке шегерілген. Кеше ғана «Байқоңыр» ғарыш айлағынан Қазақстандық телекоммуникацияға жұмыс істейтін «ҚазСат-3» спутнигі ұшырылды. «Протон-М» зымыраны арқылы көкке көтерілген спутник кеңістікке сәтті шығарылды. Сондай-ақ кеше «Қазақстан ғарыш» агенттігінің төрағасы Еркін Ешмағамбетов «ҚазСат-4»тің жобасын таныстырды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 888
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2305
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 592
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 576