Сенбі, 5 Қыркүйек 2026
Жаңалықтар 5710 0 пікір 29 Сәуір, 2014 сағат 10:45

РЕСЕЙГЕ АҚШ ТАРАПЫНАН САНКЦИЯЛАР САЛЫНДЫ

«Азаттық радиосы» сайты Ресейге АҚШ-тың жаңа санкциялар салғаны туралы хабарлады. Кезекті санкция Украинадағы саяси жағдай турасында 17 сәуірде өткен Женева келісімін Ресей тарапы орындамағаны  себепті салынып отыр. Ресей құлақ аспаса АҚШ Ресейге санкция салатыны туралы бұған дейін мәлімдеген болатын. Бұл жолғы санкция тізімінде Ресей үкіметі төрағасының орынбасары Игорь Сечин, Ресей президенті әкімшілігі жетекшісінің бірінші орынбасары Вячеслав Володин, вице-премьер Дмитрий Козак, "Ростех" мемлекеттік корпорациясының басшысы Сергей Чемезов, мемлекеттік думаның халықаралық қатынастар комитетінің жетекшісі Алексей Пушков, Ресей президентінің Қырым федералдық округіндегі өкілі Олег Белавенцев, федералдық күзет қызметінің директоры Евгений Муров бар.

Бұған қоса Ресейдің АҚШ-та жұмыс істейтін 17 компаниясына да санкциялар салынған. Санкция салынған жеке және заңды тұлғалардың АҚШ-тағы кез келген активтері бұғауланады. Шенеуніктердің АҚШ-қа кіруіне тыйым салынады. Ал америкалық компанияларға тізімдегі азаматтар мен компаниялармен істес болуға тыйым салынады. Бұған дейін де АҚШ тарапынан 19 наурызда Ресейлік бір қатар шенеуніктердің есепшоттары бұғауланған болатын. Алайда Ресей пысқырып қарамаған. Ал кезекті салынып отырған санкциялардан кейін Ресей Украина турасындағы позициясын өзгерте қоймаса банк секторы мен қорғаныс саласына АҚШ тарапынан тағы да шаралар қолданылатын болады. Сондай-ақ бүгін Еуропа Одағы да Ресейге санкциялар салу мәселесін талқылайды.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Көкжиек

Азаматтық қоғам һәм ғылым мен білім дамуы...

Ахметбек Нұрсила 908
Білгенге маржан

Париждегі кітап және қазақ даласының тарихы

Өмір Шыныбекұлы 2346
46 - сөз

«Білімге мәжбүрлеу»

Әбдірашит Бәкірұлы 610
Ақмылтық

Көшпендер ойыны құт болсын!

Серік Ерғали 593