Жұма, 27 Желтоқсан 2024
Қоғам 8998 0 пікір 24 Сәуір, 2014 сағат 10:18

ҚЫРЫМҒА ҚАТЫСТЫ САУ ОРЫСТЫҢ КӨЗҚАРАСЫ: «ЕСУАСТЫҚТЫҢ ИСІ АҢҚИДЫ»

Маған бұрын бар зұлымдық Кремльде секілді көрінетін. Енді соңғы үш айда ақымақ емес деген жандардың бастарында қаншама боқтықтың борсып жатқанын байқадым.

Қырым турасында ештеңе жазғым келмеген, дәлірегі, жазғым келсе де, өзімді тыйып келгем, себебі қаншама нәрсе жазылды, дұрысы да, мемлекеттің былшылы да қаймақ секілді бетіне шықты, бұған алып-қосардай ештеңе көрмегем. Бірақ менің есі дұрыс деген таныстарым әлеуметтік желілерге сүңгіп кетті де, митингіде түкірігі шашырай сөйлейтін зейнеткерлерден де көріне қоймайтын өздерінің нағыз бет-жүзін айқындады.

Мен бұл посты жаза отырып, ешкімнің де уәжіне немесе қауесетіне сүйенбеймін. Қолымызда екі айғақ бар — Украина Януковичті қуды және Ресей Украинадан Қырымды жымқырды.

Бірінші. Украина. Бұл өз заңдары, азаматтары мен федералдық құрылымы бар бөгде ел. Біздің бұл елде күрделі жағдай туындаған сәтті пайдаланып Қырым түбегін жымқыруымыз үдерісті сүйкімді етпейді. Елестетіңізші, Болотнойда митинг болып жатқанда, Жапония алды да әскерін Курил аралдарына кіргізіп жіберді және екі аптадан соң арал тұрғындары Жапония құрамында қалуға дауыс берді дейік.

Жағдай бірдей ғой. Курил аралдары түрлі уақыттың бұлтаңымен тайпалық болсын, жапондық аумақ болсын біздікі болып шықты, өйткені, біреу шекара сызығын солай сызды. Енді біз соны бере салар ма едік? Жоқ. Болмаса Шешенстанды? Сол секілді Украина да Қырымды бере салмайды. Орыстан басқа онда украиндар, татарлар да, басқа адамдар да ресейлік заңның күші жоқ басқа жерлерде де тұрып жатыр.

Енді, нақтылап айтайын,  Украинада орыстарға деген жаман қатынастың көкесі орнайды: орыс телеарналарын қияды, өйткені, күні-түні өтірік пен былшылды тыңдау кімге де жақсы емес, бағдарлама өндірісінен орыс актерлері түскен фильмдерді аластайды, т.т.
Орыс жұртын қорғаудың орнына ақырында бізге не тиді? Эскалация жалғаса берсе, әрбір әрекет сайын аса қатерлі тәуекелге бас тігетін боламыз.  Сонда жерді жиыстырушының мақсаты осы ма? Демек, орыстарды қорғау керек дегендердің уәжі бұрыс болғаны.

Екінші. Қырым — біздің жер. Ал Татарстан? Калининград ше? Қырым алғаш рет 18-ғасырда бізге қосылды. Орта Азия, Кавказ, Финляндия — бұлардың бәрі де 19-ғасырда қосылған жоқ па? Ендеше не тұрыс, неге соғыспаймыз? Болмаса күшпен алынғанды неге қайтармаймыз? Қалыптасқан шекараны өзгертуге бағытталған қандай прецедент болса да, бүгінде Пандора жәшігін ашуға қабылетті (Пандора – ежелгі гректің үміт пен қайғыға толы мифтік жәшік иесі. -ред). Ресейдің  Әуе қорғанысы Мәскеудің аспанын ғана қорғай алатынын ескертіп қана өтейін.

Кез келген елдің бомбардировщиктері кез келген қалаға бөгелместен жетеді. Ал ядролық қару қолданысқа емес, бүгінде саяси тежеу құралына жақсы жарайды. Жалпы біз Қырымды алып, одан әрі басқа жерлерімізден айырылу жолын бастадық. Демек, біреулерге біздің әлем картасында болуымыз аздай,тарихи қарқында да дұрыс үрдістің болмағаны ғой.

Үшінші. Қырым дотациялық аймақ. Ондағылардың Ресейден тұрмыс деңгейі төмен, онда инфрақұрылым, өз суы, электр қуаты, дені дұрыс айлақ, теміржол   мен әуежай тағы басқалары жоқ. Бұл – түбегің cабан ақша тұрады деген сөз. Бұл пішен ақша, Олимпиада мен 2018 жылы өтетін әлем чемпионатынан да қыруар шығын. Егер ол жер алтын болса, неге 20 жылдың ішінде жұмақ емес, боқтыққа айналды?

Шамасы, одан курорт бизнесінің інжуін жасау оңай болмағаны. Ал, естен тандырар танымалдығы бар Сочи, Адлер мен Туапсе әлемнің дайвинг пен шопингқұмарлары бола тұра қырсыққанда біз де ештеңе істей алмадық емес пе.
Қысқасы, біздің жағада тұрып-ақ білгеніміз, ешбір табыс таппастан тағы 2 миллион ауызды қоректендіруіміз керек қой. Түбектегі флотты жалдаудан үнемдесек те, Қырым өнімдерін сатсақ та бұл ақшаны қайтару мүмкін емес. Бұл бар болғаны – соңғы жылдардағы ірі жобалар секілді талай понттың бірі.

Түбектің барын қырқады, ұрлайды да теликтен ресми таспа өлген шалының жейдесінен дамбал тігіп киген зейнеткер кемпірлердің бақытты жүздерін көрсетер. Демек, бұл жымқырудан Ресейдің күшейгеніне сенетіндердікі де былшыл.

Қырымдықтар Ресей үшін соғысқа баспайды. Әйтпесе, жауынгер болса, әлдеқашан бөлініп бізге қосылар еді, болмаса өздерінің жағажайлары мен қонақ үйлерін дұрыстап алар еді ғой.

Төртінші. Тағы да ақша жайында.
Экономика. Халықаралық санкция — бұл да түсінікті, бәрін де қымбатына аламыз деген сөз. Егер мұнайды құлдыратсақ — біздің көретініміз тоқсаныншы жылғы жағдай,1991 жылды құрсаған бар мәселе, ақшасыздық, бартер және де кім көрінген суверенитетшіл болып шыға келері тағы бар. Ішкі кедергілер де белгілі. Бізге жаңа жолдар салып не керек, зейнетақы, дұрыс емхана, құламайтын ұшақтар, жүйрік пойыз тағы басқа 21-ғасырдың шаттығы не керек? Бізге негізі 19-ғасыр жақын: крепостнойлық пен империяны кеңейту деген сияқты бірдеңелер.

Бүгінге дейін кеткен шығын 243 млрд. рублдің маңайында, бұл осы жылдың басындағысы ғана. Бұл ақшаға орыстарды басқа миллиондаған жолдармен құтқаруға болар еді ғой. Ең болмағанда мектептер мен университеттер салуға, ең болмаса жұтаған деревнялардағы әжейлерді дені дұрыс қарттар үйлеріне көшіруге болар ма еді, құрығанда дарынды балаларға шәкіртақы төлеуді айтсайшы. Ал енді Қырым біздің зейнетақы жинақ қорынан ақша алса, «совок» (совет өкіметін айтады. – ред.) заманы қайтып келді дей бер. Ол кезде РФ-дан басқа одақ республикалары жақсы қамтылғаны есімізде. Ендеше империя үшін тағы да билік өз азаматтарын аяқасты етуге дайын екен.

Бесінші. Қырымның Ресейге қосылғаны, сіздерге, менің таныстарым мен оқырмандарым, қайсысыңа жақсы болды? Мен оған демалуға бармаспын, және де баруым да неғайбыл, одан да Түркияға тартпаймын ба, онда саяжайлар арзан әрі сапалы, Испания екібастан қымбат,тіпті басқа әлем. Ок. Жарар. Бәрін менімен өлшеуге болмайды ғой. Мен көрсеткіш емеспін. Басқалар үшін қарастырайын. Қырымға барып демалушылар үшін енді ресейлік Қырымда арзан бола ма? Орыс әскері мен арнайы қызметтері тұрғанда онда қауіпсіздеу ме, не?

Біздікілер кінәлі болған қай оқиға да қымталып, бар кінә жапа шеккендерге жабылып шыға келетіні рас. Ал туристердің 40%   украиндар болып, бұған қоса 10 пайызын шетелдіктер құраған туризмді жоғалтудан  жергілікті жұртқа да оңай болмасы мәлім. Ресей, әрине, ақша береді, ауыздарын жабу үшін. Біздің ақшамызды. Менің, сенің ақшаңды. Әйтпесе, біреу-міреу Қырым шарабын сатып алады дейсің бе? Бұған дейін оны неге алмады?

Сонымен не пайда? Егер де пайданы ақшамен есептесек

Сочиде өткен олимпиадаға триллиондар бөліп, Ресейдің болашақ оңды кейпін танытудың қандай қисыны болды, егер де екі күннен кейін ол абыройды Қырымға әскер кіргізумен айрандай төксек. Есуастықтың иісі мұрын жарады. Және де сіздің есебіңізден, аталған екі алаяқтық та — сіздің ақшаға істеліп отыр. Әлгі әккі бала тарихта қалғысы келеді, оған бұның кесірінен қанша аурухана салынбай қалатыны, қанша адамның өлетіні маңызсыз, өйткені, оқтаулы мылтық әйтеуір атылады.

Қырымды қосқаннан Ресейдің ешбір тұрғынына пайда жоқ. Ресейлік телеарналар соғыс тәртібіне көшкен, енді басқа салалар да ұзақ уақыт бойы осылай болып қалмақ. Барлық қоғамдық кеңістік тазартылуда, кім келіспейді – сатқын, арандатушы және фашистер болып саналады. Әнеки, Украин фашистерімен қорқытуда. Соған Ресей қорқуда.

Әрбір фанаттық түкпірде свастика, шетелдіктерді пышақтап, ұрып-соғатын елде «еврей» - жартылай мазақ сөз, ал қалғаны – хохолдар, чурктер,татарвалар, қыликөздер, айуандар, чехтар,  — барлық басқа жұрттарға осындай «жағымды» эпитеттер тиген.

Айтпақшы, сендер Қырымды алғанымызға неге қуанасыңдар, білесіңдер ме? Өйткені, бәріңе әйтеуір бірдеңемен мақтану керек қой? Ал мақтанарлық ештеңе жоқ, жұрдаймыз. Рақаттанып тұтынатын тауардың бәрі шетелдік. Азықтың үштен екі бөлігі де солай.

Әлемді қызықтырар советтік қару мен мұнай-газдан басқа біз ештеңе өндірмейміз. Тек қана біздегі аса қымбат спорт, одан да қымбаты – соғыс қана. Финдердің қалай мақтанатынын білесіз бе? Олар ел басшысының өздерімен бірге қарапайым ұшақта ұшатынына мақтанады. Лондондықтар қалай мақтанады, олар мэрдің жұмысқа велосипедпен баратынына мәз. Ал бізге мақтанатын ештеңе жоқ. Міне, сол себепті өз бұтымен әуре болғыштың (онанистің) салтақ дамбалындағы әшәу Қырым десе атып тұрады...

Шын мәнінде бұның бәрі құлдықтың салдары, содан ресейлік адамдар шыға алмауда. Креатив тап Болотнойға шықты да, бастарына бір қойып еді, бәріне дайын болды. Майданға студенттер шығып еді, бастарынан олар да алатынын алды, бір аптадан соң онда да мыңдаған адамдар әзір болды. Әрине, олардың бәрі емес, арасында «жанашырлар» болды, бәрі бәрін ұға қойған жоқ, біреулер әрине әлгілерді бағыттағысы, арандатқысы, тағы бірдеңе істегісі келді. Бірақ болар іс болды.

Жарты миллион адам шықты да айтты, «тайыңдар кәне, орманға!» деді. Енді кез келген Януковичтен кейінгі президент, осы тәжірибені білетін болады да, былықтың шегі болатынын ұғады. Және де бұл рамкалар жыл сайын тарыла түседі, конституция тармақтарымен теңескенше. Ал енді соны Мәскеумен салыстырыңдаршы.

Конституция бізде ортағасырлық крепостнойлық кодекспен  теңесуде. Мынау болмайды, ал мынау тек қана бариннің рұқсатымен ғана, «бұл түрме», «ал мынаны бер», «саған бизнес не керек?» дегендей... Украиндар тұрды да «зае…ло!» («жеп бітірдіңдер!») дей алды. Және де қолға қару алса да қорғанысқа көшті.

Ресей не істеді? Өз халқынан безген адамды қамқорлыққа алды. Бәлкім, онда әлемге айтар Путин туралы да, басқасының былықтары туралы да әңгіме жетіп артылатын шығар... Қандай дені дұрыс ел өз халқы мен елі алдында күнәһар қылмыскерді қорғаштайды? Әйтеуір ішкі жағы дұрыс ел өйтпейтіні аян.

Маған бұрын бар зұлымдық Кремлде секілді көрінетін. Енді соңғы үш айда ақымақ емес деген жандардың бастарында қаншама боқтықтың  борсып жатқанын байқадым.

Мен Украинамен соғысқа қуанатын  ресейліктің мақтанышын ақтайтын бес тармақты атадым. Тағы да келтіре түсуге болар еді және олардың бәрі қисынға сәйкеспес еді. Ресейліктердің қисыннан тыс үш жағдайынан басқасы.

Егер де сіз Қырымның ақшасын бөлісу арқылы байығыңыз келсе, — сіз есуас емессіз, жай ғана ұрысыз. Егер де сіз  құлдыраған экономикадан назарды басқа жаққа аударып, рейтингіңізді өзге мемлекетке басып кіру арқылы көтергіңіз келсе, онда сіз есуас емессіз, көп ұзамай тарих оқулығының парағында «түрмеде қаза тапты» деген жолдармен қаласыз. Ал үшіншісі — егер сіз Ресеймен өркениет ойынын ойнасаңыз, сіз есуас емессіз, сіз жай ғана ойыншысыз.

Сонымен, менің қалған-құтқан құрметтілерім, ойнауға да, біздің мемлекеттің ойнауын да тыятын кез келді.  Мен Путин — біздің президент екеніне көзім жетті, өйткені оның анау «бүркіттіктерді» асырап алуы, бесінші бағана мен контурлық картаны бояғыштау – оның қарауындағы отардың көпшілігінің күйегін қоздырады. Және де маған ғұмырымда мына отардың өзгеретіні неғайбыл деген ой келді. Маған империялық жоспардың қажеті жоқ, мен бар болғаны шоқалақсыз тегіс жолмен жүргім келеді.

Маған Қырым керек емес, мен дүкеннен алатын азыққа сенгім келеді. Мен Ресей шекарасына таяу тұрған НАТО әскерінен қорықпаймын, өйткені Путиннің жолдастарының ұрлығынан асырып ұрлауға басқалардың шамасы жоқ. Мен бар болғаны - өмір сүргім, табыс тапқым, оны жұмсағым және өзім мен туыстарыма қамқор болғым келеді. Менің ойымша, мұндайлар Ресейде дәл ме дәл 20%. Шындығында одан да көп болар, бірақ көпшілігі науқанға еруге дағдыланған және де «ура» деуге әзір. Оның үстіне Украинадағы жағдай осы адамдар үшін мұрсат қана.

Егер де Украина осыдан  аман өтіп, онда еркін пресса мен күн сайын барынша диктаторлық бағытқа қайта жазылмайтын заңдары қалса, онда ол жер өмір сүруге жарамды әрі жаман мекен болмайды. Киев Мәскеуден әдемірек, асханасы дәмді, бағасы арзан, украиндар мен  орыстар тірлікте бәрібір бір бірін ұғысады, бізді қаншама нәрсе матап тастаған. Климат онда жұмсағырақ, не болса о болсын, Одесса теңіз шаруасына арналған қала.

Еуропа географиялық тараптан жақын, егер ол өз тәртібін құқық пен қауіпсіздікке енгізсе, онда Еуропа психологиялық тұрғыдан да жақындай түседі. Еуропада болып келген адам, өз отаны қалай қарсы алатынын біледі және оның қандай ұят екені де аян.
Бәлкім, қолынан келетіндердің Батысқа кететіні де рас болар. Мәселен, мен. Осында қалып, бірдеңені түзетуге өзім де қуана келісер едім, бірақ мен секілділер елде тым аз. Көпшілігі барған сайын қоңырқайлана  әрі топастана түсуде.

Әйтеуір соғыс болмаса жарады.

Владимир Познер

http://smotriinfo.net/debilizmom-popaxivaet-trezvyj-russkij-vzglyad-na-krym.html

Орыстілінен аударған – Abai.kz 

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2063