Сенбі, 23 Қараша 2024
Жаңалықтар 4062 0 пікір 22 Сәуір, 2014 сағат 13:00

"ТЕМІРБАНКТЕН" 37 МИЛЛИОН ҰРЛАҒАНДАР ҰСТАЛДЫ

Алматыда «Темірбанктен» 37 млн. теңгені ұрлады деген күдікпен 2 азамат ұсталды деп хабарлайды "ҚазАқпарат".

Қылмыстық оқиғаның «мінсіз» орындалғанына қарап, із кесушілер күдіктіні банк қызметкерлерінің айналасынан торыған болатын. Тергеушілердің бұл жорамалы дұрыс болып шықты. Жедел қызмет өкілдері банктің қауіпсіздік қызметінің күдік туғызған 37 жастағы маманын ұстады. Кейін анық болғандай, ол арам ойын өзі жалғыз емес, 32 жастағы танысымен бірге жүзеге асырған болып шықты. Екі күдіктінің де Жамбыл облысы, Шу ауданының тумалары екені анықталды.

«Қазір екеуі де қылмысты жасағандарын мойындады. Олар ақшаның бір бөлігін жаратып үлгерген екен. Қалған сома материалдарға тігілді», - деді қалалық ІІД криминалды полициясының басшысы Жанболат Зиадин.

Аталған іс бойынша ҚР ҚК 175 бабының 4 тармағы бойынша (ірі көлемде өзгенің мүлкін ұрлау) қылмыстық іс қозғалды.

Естеріңізге сала кетейік, 2013 жылы қазанда белгісіз біреулер «Темірбанк» ғимаратының бірінші қабатындағы есептік бөлмесінің есігін бұзып кіріп, 37 млн. 200 мың теңгені қолды еткен болатын.

Абай-ақпарат

0 пікір

Үздік материалдар

Сыни-эссе

«Таласбек сыйлығы»: Талқандалған талғам...

Абай Мауқараұлы 1465
Білгенге маржан

«Шығыс Түркістан мемлекеті бейбіт түрде жоғалды»

Әлімжан Әшімұлы 3238
Біртуар

Шоқанның әзіл-сықақтары

Бағдат Ақылбеков 5377