Бейсенбі, 26 Желтоқсан 2024
Қоғам 9480 0 пікір 14 Сәуір, 2014 сағат 11:57

Қауіпті құбылысты ескерту: «СКОРО ЗДЕСЬ РОССИЯ БУДЕТ, МЫ ВСЕ БУДЕМ РОССИЯНЕ!»

Қауіпті құбылысты ескерту: 

 «СКОРО ЗДЕСЬ РОССИЯ БУДЕТ, МЫ ВСЕ БУДЕМ РОССИЯНЕ!»

 

ҚР Президенті Н.Назарбаевқа,

ҚР Ішкі істер Министрі Касымовқа,

ҚР Тұтынушылардың құқығын қорғау агенттігі басшысына,

ҚР Президенті жанындағы адам құқықтары жөніндегі

 комиссия Төрағасы Қ.С. Сұлтановқа,                                                                                                   

ҚР Адам құқықтары жөніндегі Уәкіл А.О.Шакировке,

 Мәдениет Министрі  А.Мұхамедиұлына,

Білім және ғылым министірі А.Б.Саринжиповке

Мәжіліс Депутаттары О. Асанқызына, Н.Сабильяновқа, Р. Қалмұрадовқа

Осы аталған адамдарға  жетпей қалып жатса, БАҚ өкілдеріне  

 

 

Ашық хат

Құрметті Нұрсұлтан Әбішұлы! Құрметті мырзалар! Менің сіздерге жолдап отырған Ашық хатымды жеке бастың шаруасы деп емес, қоғамда белең алып бара жатқан қауіпті құбылыс ретінде қабылдап оқуларыңызды сұраймын.

03.04.2014 ж. Қаирбаев көшесіндегі  «Моя семья» атты дүкенге, кешкі сағат 8 шамасында  нан сатып алмақшы болып бардым да: «Бір булка ақ нан беріңізші» деп сұрадым. Нанды бере тұрып еуропа пішіндес сатушы: «Говорите на нормальном русском языке» деді. «До каких пор будете считать казахский на ее же родине ненормальным?» деуім мұң екен, дәл жанында тұрған еркек: «На каком оснований с русской девушкой говорите на непонятном языке?, т.с.с. дегенді айтып салды. Соны естіген сатушы: «Если не хотите говорить на русском, почему в русскую одежду одеты? Езжайте тогда со своим казахским, пасти своих баран назад в свои юрты, освободите нас от себя!» деп жұлқынғаны. Мен: «Осы сөздеріңіз үшін прокуратураға шағымданамын» дегенімде, әлгі еркек сатушыға: «Ничего их проукатура с вами не сделает!» - деді. Оған кезектегі, еуропапішіндес, «Вот, на Украине из-за украинского Крым отобрали, там тоже захотели на своем разговаривать! Везде, все должны говорить по русски» деді. Мен шықпақшы болғанымда осы айтылғандарды қостап, шытынап тұрған еуропапішіндес сатушы әйел: «Сказано тебе, чтобы уходила назад в свои юрты, и здесь чтобы не появлялась со своим казахским, скоро здесь Россия будет, мы все будем россияне» дегеніне, кешіріңіздер, саусағымды шығардым да полиция шақырттым, іле далаға шығып кеттім. 

Полиция келгенде дүкенге бірге кірдім. « ...скоро здесь Россия будет» деген сатушының, дүкендегі 1 адамды өтірік куәгерліке алып, «она меня ударила по щеке, и вообще у меня сейчас истерика случится, уберите ее» деп долдана жылағанына қарап сөз таба алмай қалдым. Полицей жастарға өтіндім: «Камераларын тексеріңіздерші, болмаса судмедэкспертизаға жіберіңіздер».

Ең масқарасы – куәгерлерім бола тұра, полиция мені осы күндері сотқа сүйремекші. Уәждері: оларды мен шақырсам да, уақыт бойынша алдымен сатушылар арыз жазыпты. Өйткені аталған дүкендегі дау барысында маған полицейлер «шыға тұрыңыз» деген. Нәтижесінде үйде жазып, арызымды жарты сөтке кеш әкелдім. Себебін кезінде сізге, және айналаңыздағы   лауазымды тұлғаларға жазып, бірақ тек  жергілікті полиция мен прокуратураға ғана өткізілген хатым үшін полиция, әкімшілікпен бірлесіп те шығар, мені «орныма» қоймақшы деп ұғамын. Ол хатымды қосымша ретінде жіберіп отырмын. Бірақ не де болса, полиция алдымен мемлекет мүддесіне қарсы жұмыс істемеуі керек қой. Мында керісінше болып тұр!

Құрметті Елбасы, сіз – орыс тілінің қорғаушысысыз. Орыс тілділерге еш кемсітушілік болмасын деп үнемі ескертіп отыратыныңызды орыстілділер: «Қазақ тіліне жол жоқ, ол 2025 жылдардан кейін пайда болуы мүмкін, ал қазір бүкіл қарым-қатынас тек орыс тілінде құрылуы керек» деп ұғынады. Олардың қатарына негізінен қазақтардан құрылған орыстілді әкімдер бастаған әкімшілік қызметкерлері де жатады. Бір қызығы, ол да сіздің сөзіңіз, «қазақ қазақпен қазақша сөйлессін» дегенді ешкім бетке ұстамайды. Нәтижесінде қала қоғамында (жалғыз Керекуде емес деп ойлаймын), қазақ тілін қабылдамаушылық, кейде өшпенділікке баратын қабылдамаушылық қалыптасты. Осы айтылғандарды қала көшелерін аралап, әртүрлі мекемелерге кіріп, қазақша сұраныс жасаған әр адам анық көреді. Сондықтан керісінше, ҚАЗАҚ ТІЛІНЕ, қазақ тілділерге АРАША керек!  20 жыл бұрын қазақша балабақшалардың санын күрт өсіргенде, жоғарыдағыдай қазақтың намысына тиетін сөздер айтылып, ұлтаралық қатынасқа сызат түспеуші еді, тым құрымаса аз болар еді деп ойлаймын. Осыны тым болмаса қазір қолға алмаса, ертең мүлде кеш болады. Мен, қазақ қызы ретінде, мемлекет тіліне қажеттілік тудыру үшін, өз елімде қазақша сөйлеу міндетім деп есептеймін. Сондықтан, қазақ елінің орыстілді қаласында, қоршаған ортаммен қатынасымды барынша қазақша құрып, соным үшін көрінген жерден қуылып, жанкештілік өмір сүріп жатырмын. Өмірлік тәжірибемнен көріп отырмын: қандай ортада қазақ тілі аз қолданылса, со ғұрлым тілді естіп үйренбеген адамдар қазақ тіліне өршелене қарсы тұрады. Керісінше, тіл көбірек пайдаланса, дағдыға айналып, оған деген озбыр, үстем, шовинистік реакция азаяды.

Жоғарыда жазғандарымды басшылыққа ала отырып, Президент мырза, сізден өтінерім,   мемлекет тұтастығына көз алартатын адамдарды назардан тыс қалдыра көрмеңіздер. Ортасымен қазақша қатынас құратын мен сияқты бірлі-екілі адамның тілдік, ұлттық кемсітікке ұшырауына жол бермеңіздер.

Кедендік одаққа кірген уақыттан бері, экономикалық одаққа қол қойылғалы, орыстардың шовинистік пиғылы басым көріне бастады. «Забудьте ваш никому не нужный язык», «Скоро с Россией объединяемся, казахский ваш отменяется», т.с.с. сөздерді жиі еститін болдық. ҚР азаматы бола тұрып, еш орыс қазақ тілін мемлекет тілі ретінде іс жүзінде мойындамайды. Оған тағы дем беретін жайт Украинадағы жағдай...

Біздің қаламызда 50 шақты балалар атракционы, ойын орындары бар. Соның біреуіде қазақ тілінде қызмет көрсетпейді. Әндері тек орыс тілінде, басқа да шет тілінде. Сонда біз осы қай мемлекеттің болашағын тәрбиелеп жатырмыз? Мәселенің мәнісі тиісті орындарға  5-6 жылдан бері айтылып та, жазылып та келеді, бірақ олардың тарапынан нақты пәрмен болған емес. Шамасы біздің қаланың әкімшілігі біреулердің тапсырмасымен, не өздері саналы түрде ұлттық, тілдік тәрбиені көрші мемлекеттің еншісіне өткізіп жіберген сияқты. Басқаша айта алмайсың. Бұл мемлекетке төнген үлкен қауіп.

Тек қана сынайды екен демеңіздер. Бұрынғы жылдары Тілдер басқармасына, Ішкі саясатқа, мемлекет-қоғам болып бірлесіп жұмыс жасауға ұсыныс жасағам. Қалай жасауын да ұсынғам. Бірақ ұсынысым қабылданбады...  

Қазақ тілін кемсіту, қорлау фактісі көрініс тауып жатқанда Тілдер басқармасының ұстанатын позициясы: «Біз кім көрінген үшін жүгіре бермейміз...»,немесе, «Я русская, и обслуживаю только на русском» дегендермен ымыраласып, қазақ тілін жығып кететіндіктен, оларға шағымдануымды қойдым. 2-3 ай бұрын, «Галактика» деген компьюторлық қызмет орынан қазақша қызмет сұрағаным үшін полиция шақырып қумақшы болғанда (ғимараттары дәл алдында), басқарма бастығы Қабжанға 3 рет өтіндім, тым болмағанда «қазақша сөйлеуге құқы бар» деп звондаңызшы дегенді айтып. Ол үндемей құтылды...

Ішкі саясаттың лауазымды қазақ қызметкерлерінің позициясы: «На каком удобно, на таком и буду разговаривать». «Как можно с РУССКИМИ говорить на казахском» дегенге саяды. Жиырма жылда, өңірде тілін мүлде білмейтін, ассимиляцияланып кеткен, білетіндері сөйлеуге ар санайтын жастар қалыптасқанда, мемлекеттік қызметкерлердің осындай позиция ұстанып отырғандары өте қауіпті. Құдай сақтасын, көрші ел келіп, төлқұжат тарата қалса,  орыстармен бірге таласа алатын ұрпақ өсірдік. Өйткені орысты қазақтан, басқа да ұлттардан биік көретін жергілікті билік осы жағдайды қалыптастырып отыр.

 

Құрметпен, Бейсенбай тегі Руза   

Мекен-жайым: Кереку қ., Қаирбаев к. 104-136,

 т.8(7182)-511050, 8701-182-52-65

 Abai.kz

0 пікір

Үздік материалдар

46 - сөз

Тибет қалай Тәуелсіздігінен айырылды?

Бейсенғазы Ұлықбек 2048