ЕЛДЕ ҚОЛЖЕТЕР БАСПАНА ҚЫМБАТТАЙ ТҮСТІ
«Қолжетімді баспана - 2020» бағдарламасында белгіленген шаршы метрдің құны Өңірлік даму министрлігінің хабарламасына қарағанда қымбаттағаны мәлім болды.
Аталмыш мембағдарламаға үкімет қаулысымен өзгеріс енгізілген.
Министрлік хабарламасында «Бұдан былай Тұрғын үй құрылыс банкі желісімен салынатын 4-класты жайлылықтағы шаршы метрдің құны: Атырау, Өскемен және Ақтауда – 110 мың теңге, өзге өңірлерде – 90 мың теңге», — делінген.
Ал «КИК» ИҰ» АҚ желісіндегі 4-класты жайлылықтағы шаршы метрдің құны: Атырау, Өскемен және Ақтауда – 115 мың теңге, өзге өңірлерде – 110 мың теңге. Астана мен Алматыда өзгеріссіз, бұрынғыша – 120 мың теңге көрінеді.
Өңірлік даму министрлігі тарапынан « Бұл шара тұрғынжайдың 1 шаршы метріне жұмсалатын құрылыс шығынының сәйкес еместігі сапасыз құрылысқа жол беріліп, бағдарламаның жүзеге аспауын болды», — деген ақпар таратылған.
Абай-ақпарат